• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2011

Халықаралық тәжірибеге жақындауды көздейді

463 рет
көрсетілді

Парламент Сенатында Қаржы және бюджет комитеті депутаттарының Қаржы министрлігі Салық комитетінің басшылығымен кездесуінде салықтық әкімшіліктендіруді одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Президент Н.Назарбаевтың са­лықтық әкімшіліктендіру сала­сын­дағы алға қойған міндеттері аясында талқыға салынған мәсе­лелердің маңыздылығын атап өте келіп, Қаржы және бюджет ко­ми­тетінің төрағасы Қайрат Ищанов әкімшілік кедергілерді азайтуға, салық рәсімдерін оңайлатуға, ай­қын және әділетті салық салуды енгізуге назар аударды. «Мұның бәрі, ақыр аяғында мемлекеттің жалпы бюджет-экономикалық сая­сатын нығайтуға, оның бәсе­кеге қабілеттілігін арттыруға ық­пал етеді», деді сенатор. Қ.Ищановтың айтуынша, осы саладағы заңнаманы жетілдіру, қолданыстағы құқыққа мезгілінде өзгерістер енгізу бизнес орта­ларын дамыту, салық мәдениетін көтеру, салық тәртібін сақтау үшін қажетті жағдай жасауға мүм­кіндік береді. Кездесуде қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Д.Ер­ғожин сөз сөйледі. Ол кездесуге қатысушыларды жүргізіліп жатқан салық саясаты, биылғы бірінші тоқсандағы мемлекеттік бюджет кірістерінің орындалу нәтижелері және 2010-2011 жыл­дарғы салықтық әкімшілік­тен­ді­руді жетілдіру бағдарламасын іске асыру туралы баяндады. Еліміздің салықтық әкімші­лік­тендірудің жаңа сапалық дең­гейге көтерілгені туралы атап өте келіп, Д.Ерғожин Қазақстанның салық жүйесін халықаралық тә­жірибеге жақындатуды көздейтін заңнамаларға тоқталды. Қазіргі кезде «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заңна­ма­лық актілеріне салық салу мә­селелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мәжіліс қарауына енгізілді. Ол жобамен Салық коде­ксі­нің бірқатар баптарына нақты­лайтын өзгерістер енгізілетін болады. Кездесу барысында Д.Ерғо­жин бизнеске әкімшілік ауырт­па­лықты азайтуға, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтық әкімшіліктендіру мен арнайы тө­лем­деріне, Кеден одағы ая­сын­дағы салықтық әкімшілік­тен­ді­руге, салық қызметін жетілдіруге, салық жүйесін жаңғыртуға, жалпыға бірдей декларациялауға қатысты депутаттардың сауал­да­рына жауап берді.