• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2011

Шоқтығы биік шеберлер шоғыры шахматтан өткен әлем чемпионатында алтын жүлдені жеңіп алды

356 рет
көрсетілді

Елімізге Польшаның Краков қаласынан қуанышты хабар келіп жетті. Осы күндері шаршы тақта алдында көпшіліктің көз­айы­мына айналып жүрген бал­ғын қыздарымыз шахматтан өт­кен әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие болды. Мұнда екі дүркін әлем чем­пионы Жансая Әбдімәлік тағы да жеңімпаз атанса, Әсел Серікбай, Бибісара Асаубаева тұңғыш рет бас жүлдені жеңіп алды. Ал жа­қын­да ғана гроссмейстерлік балл­ды иеленген Динара Сәдуа­қасо­ва 6,5 ұпаймен күміс медальді мойнына тақты. Әлем чемпионы атанған қар­шадай үш қызымыз тоғыз тур­дың бәрінде жақсы өнер көр­сетті. Бірде-біреуінде жеңіл­ген жоқ. Жансая мен Әсел бір-бір партияларын ғана тең ой­на­ды. Ал Әнел Алтайбек, Диана Асаубаева, Рамазан Жалмаханов пен Ринат Әміржанов та шаршы тақта үстінде үлкен шеберлік көрсетіп, қола жүлдені же­ңіп алды. Сөйтіп, коман­да­лық есепте қазақтың балғын шах­матшылары бас жүлдеге қол жеткізді. Осы тұста жоғарыда аталған ұл-қыздарымыздың командаға қосқан үлесі қомақты екенін ай­ту керек. Әсіресе, бойлары үс­телге әрең жететін қыздары­мыз­дың сағаттар бойы аяқта­ры­ның ұшымен тұрып-ақ әлем чем­пионы атанады деген жергілікті шеберлерден айласын асыртып кеткені – бір ауыз сөз­бен жеткізуі күрделі үлкен еңбек. Ұлттық құраманың жас ше­берлерінің бұл жетістіктері осы­мен бітпейтіні сөзсіз. Өйт­кені, арамызда еліміздің атын шығаратын балғын шах­мат­шылардың үлкен шоғыры өсіп келеді.