• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында және техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде оқуға Сара Алпысқызының білім грантын тағайындау туралы ереже

468 рет
көрсетілді

Осы Ережеге Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында немесе техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде оқу үшін Сара Алпыс­қызының білім грантын тағайындау тәртібін белгілейді. 1. Жалпы ережелер 1.1. Сара Алпысқызының білім гранттары жетім балаларға, қамтамасыз етілмеген көпбалалы отбасы балаларына (төрт немесе одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмағандар), асыраушысынан айыры­лып, ата-анасының бірінің қамқорында қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында дербес тағайындалады және оны арнайы эксперттік комиссия шешеді. 1.2. Құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдері. Құжаттарды қабылдау мен конкурстың бірінші кезеңі облыс орталықтарында 2011 жылғы 15 маусым-20 шілде аралығында өтеді. Конкурстың екінші кезеңі 1 тамыздан бастап «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында (Алматы қаласы, Бостандық ауданы «Дарын-1» ықшамауданы, 47 үй) өткізіледі. Қазақстан Республикасының барлық аймақта­рына таратылатын мерзімдік басылымдарда жария­ланады. 1.3. Сара Алпысқызының білім гранттары Қа­зақстанның әр облысын: жоғары оқу орындарында оқуға – 1 грант, техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде оқуға – 3 грант есебінен қамтиды. 1.4. Сара Алпысқызының білім гранттары ғылым­ның мына бағыттары: - білім; - өнер; - жаратылыстану және техникалық ғылымдар; - гуманитарлық ғылымдар бойынша жоғары оқу орындарында немесе техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде білім алу үшін конкурстың негізде бір рет тағайындалады. 2. Құжаттарды қабылдау тәртібі 2.1. Конкурсқа қатысуға жоғары, арнайы немесе кәсіби білімі жоқ мынадай санатты адамдар жіберіледі: жетім балалар: Бұл санатты үміткерлердің білім гранттарын алуға қажетті құжаттар: - үміткердің (қамқоршының немесе ата-ана­сының) білім грантын тағайындау туралы өтініші; - жеке куәлігінің көшірмесі; - мемлекеттік үлгідегі жалпы орта білім туралы құжаттың нотариус растаған көшірмесі; - Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификаты; - ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің немесе ата-ана құқығынан айырылуы туралы сот шешімінің нотариус растаған көшірмесі; - асырап алу немесе қамқорлыққа алу (болған жағдайда) туралы сот шешімінің көшірмесі; - жергілікті әлеуметтік қорғау органының ұсыныс хаты; - баланың балалар үйінде тәрбиеленуін рас­таушы анықтама; - баланың оқу жетістіктерін растайтын соңғы 2 жылдың үлгеру табелі; - тәрбиеленушінің жеке мінездемесі; қамтамасыз етілмеген көпбалалы отбасы бала­лары (төрт немесе одан да көп бірге тұратын кә­мелетке толмағандар), асыраушысынан айыры­лып, ата-анасының бірінің қомқорында қалған балалар; қамтамасыз етілмеген отбасы балалары, атап айтсақ: • мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек алуға құқылы отбасы балалары; • мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек алмай­тын, отбасының бір мүшесінің кірісі күн көріс минимумы шамасынан төмен отбасы балалары. Бұл санатты үміткерлердің білім гранттарын алуға қажетті құжаттар: - үміткердің (ата-анасының) білім грантын тағайындау туралы өтініші; - жеке куәлігінің немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі; - мемлекеттік үлгідегі жалпы орта білім туралы құжаттың нотариус растаған көшірмесі; - Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификаты немесе кіріс емтихандарының нәтижесі (9-сынып негізінде тапсырушыларға); - отбасы мүшелерінің кірісі туралы анықтама; - жұмыссыздық туралы анықтама; - мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек алуын растайтын, болмаса отбасының бір мүшесінің кірісі күн көріс минимумы шамасын анықтайтын құжат; - жергілікті әлеуметтік қорғау органының ұсыныс хаты; - баланың оқу жетістіктерін растайтын соңғы 2 жылдың үлгеру табелі; - тәрбиеленушінің жеке мінездемесі. 2.2. Үміткерлердің конкурсқа қатысу шарттары: 1) жалпы орта білім туралы құжаттың орташа балы 4,50-тен (5,0-дің) кем болмауы; 2) Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеуде, шығармашылық емтихандарда (шығарма­шылық мамандықтарына тапсыратындар үшін) жинаған балының арнайы нұсқаулықта белгіленген өту балына сәйкес келуі. 3. Сара Алпысқызының білім грантын та­ғайындау үшін үміткерлерді іріктеу тәртібі 3.1. Конкурсқа қатысуға осы Ережелердің шарт­тарына сәйкес келетін, көрсетілген адамдарды кон­курсқа жіберу туралы міндетті жазбаша хабарланған адамдар жіберіледі. Конкурс екі кезеңнен тұрады. 3.2. Бірінші кезең үміткер тұратын жерде (облыс орталығында) өтеді. Бірінші кезеңде конкурсқа қатысу үшін тапсы­рылған құжаттардың осы Ережелерде көрсетілген шарттарға сәйкестігін тексеру бойынша сарап­тамашы топ жұмыстарын ұйымдастыру арқылы жүргізіледі. Құжаттар осы шарттарға сәйкес келмеген жағдайда үміткер екінші кезеңге жіберілмейді. Сараптамашы топ облыстық білім басқармалары қызметкерлерінен тұрады. Осы Ережелерде көр­сетілген шарттарға сәйкес іріктеліп алынған құжаттар (әр облыстан 10 үміткерден артық емес) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі РМҚМ «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығына ұсынылады. 3.3. Екінші кезең Алматы қаласындағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында өтеді. 3.4. Екінші кезең үміткерлердің таңдап алған мамандығының бейіні бойынша емтихан немесе шығармашылық емтихан тапсыруы және тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен дербес әңгімелесуі, портфолиосын қорғауы арқылы жүзеге асырылады. 3.5. Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелері үміткерлердің екі кезең нәтижелері бойынша қол жеткізген жетістері бойынша әр облыстан 4 грант иегерін анықтайды. 3.6. Конкурстан (кезеңнің бірінен) өтпеген үміт­кер ағымдағы жылда екінші рет конкурсқа қатысу үшін құжаттарын қайта тапсыра алмайды. 3.7. Конкурс жеңімпазы жоғары оқу орындары­мен немесе техникалық және кәсіби білім беру мекемелерімен оқуды ұйымдастыру туралы шартқа отырады. 3.8. Конкурс жеңімпазы осы Ереженің 3.7-тармақшасында көрсетілген шартқа мезгілінде отырмаса, сол сияқты шарт бойынша өз міндеттерін орын­дамаса немесе дұрыс орындамаса, Сара Ал­пысқызының білім гранты бойынша жүргізілген конкурс жеңімпазы құқығынан айыру туралы мәселе қойылады. 3.9. Шарт жасалғаннан кейін конкурс жеңімпазы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында немесе техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде оқу үшін жолдамамен қамтамасыз етіледі және қаржы аударылады. 4. Арнайы сараптамалық комиссия 4.1. Сара Алпысқызының білім грантын та­ғайындау бойынша шешімді арнайы құрылған комиссия қабылдайды және ол хаттамамен рәсім­деледі. Комиссия мәжілісі хаттамасының көшірмесі комиссияда қаралған құжаттармен бірге білім грантын тағайындау туралы бұйрыққа тіркеледі. Комиссия мәжілісі Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіби білім беру мекемелеріне қабылдаудың Типтік ережелеріндегі студенттер қатарына қабылдау үшін белгіленген мерзім ішінде жүргізіледі. 4.2. Сара Алпысқызының білім грантын таға­йындау бойынша комиссия Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі РМҚМ «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының басшы және әкімшілік құрамынан, ғалымдардан және өнер қайрат­керлерінен құрылады. 4.3. Комиссия құзырына: - Сара Алпысқызының білім грантын тағайындау жөніндегі материалдарды қарау; - Сара Алпысқызының білім грантын тағайындау және/немесе тағайындамау туралы шешім қабылдау; - Сара Алпысқызының білім грантынан айыру туралы мәселе көтеру; - гранттың мөлшерін анықтау енеді. Білім грантын тағайындау туралы шешім қабылдау бейінді кеңестік-сараптамалық комис­сияның ұсынымдарын ескере отырып, негізгі құрамнан тұратын комиссия мүшелерінің дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші рөл атқарады. 4. Қорытынды ережелер 4.1. Сара Алпысқызының білім грантын алуға түскен құжаттар мен арнайы эксперттік комиссия жұмысының қорытындылары «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының мұрағатында 5 жыл бойы сақталуы керек. 4.2. Осы Ережелерге өзгертулер мен толық­тырулар туралы ұсыныстар Қазақстан Республи­касының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес енгізіледі және қабылданады. 4.3. Осы Ереже және оған енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар бекітілген сәттен бастап іске қосылады. 4.4. Осы Ереже шарттарымен реттелмеген мәсе­лелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының ережелеріне сәйкес шешілуі керек.