• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 253

406 рет
көрсетілді

2011 жылғы 11 наурыз               № 253                 Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 45, 429-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: кіріспеде «9-1-бабына» деген сөздер «9-1, 15-2-баптарына» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартында: 1-тармақтағы «мен жұмыс кестесі» деген сөздер алынып тасталсын; 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «5. 3-қосымшаға сәйкес қағаз тасымалдағышта мекенжай анықтамасын беру көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады. 6.   Мемлекеттік   қызмет   Қазақстан   Республикасының   жеке және заңды тұлғаларына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.»; 14-тармақ алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын: «23-1. Мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге кұқығы бар.»; 26-тармақ алынып тасталсын; көрсетілген мемлекеттік қызмет стандартының 1, 2-қосымшаларындағы 4-баған алынып тасталсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ.