• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Маусым, 2011

Сәйгүлік семантикасы

494 рет
көрсетілді

Жақында Астананың Суретшілер үй­інде суретші Жеңіс Кәкенұлының «Сәй­гүлік семантикасы» атты жеке көрмесі өтті. Көрменің басты ерекшелігі – онда ілінген отызға жуық картинаның бір ғана Қамбар ата тақырыбына арналуы болды. Осы ерекшелікке байланысты сурет­шінің өзінен сұрағанымызда ол: – Осы жолғы көрмені «жылқы» дейтін бір ғана түсінікке арнап, одан мейлінше мол мән мен мағына шы­ғаруға әре­кеттендім. Өздеріңіз білесіздер, жылқы малы әуел баста қазақ жерінде үйре­тіл­ген. Содан бері біздің ел, осы бір қас­терлі жануармен жауға шапты, отан қор­ғады, бәйгеге түсті, қыз қуды. Өмірінің мәніне, тіршілігінің айнымас серігіне ай­нал­дырды. Тіпті, қымызын ішті, етін та­мақ қылды, терісін киім етті. Сәндеп ар­ғымақ бақты. Оны жабымен қосып, жау­ға мінер Қа­за­нат алды. Сөйтті де, селекция ғылы­мының асқар шыңына шықты. Кейін, жылқы баласы қазақ сурет­ші­лерінің үйірсек тақырыбына ұласты. Бүгінгі отызға жуық картинаның жыл­қы­ны тақырып еткен әріптестерден бас­ты айырмасы – менің шығармамда жыл­қының адам деңгейіне көтерілуі. Бай­қа­саңыздар, мен оны ауыздықпен айырып көкпарға салғам жоқ, өкпесін өшіріп ала­манға қоспадым. Олар адам секілді қуа­нды, шаттанды, мұңайды, құ­лады, аранға түсті, ажал құшты. «Ата-баба осынша жерді найзаның ұшымен қы­лыштың жүзімен қорғады» деп мақ­тан қылатын бүгінгі ұрпақтың қаперіне «елді-жерді жылқымен де қорғады, тәу­елсіздік мұратына жеткіз­ген­нің бірі де осы Қамбар Ата» дегім келеді. Мына көрме – Қамбар атаға дейтін үлкен құр­меттің кішкене бір бөл­шегі, өйткені сәй­гү­лік семан­тикасы шексіз, – деді. Иә, айтса айтқандай, мұ­ны көргенде арманда, көр­ме­генде арманда дегендей, көрмедегі «Квинтэс­сенция», «Жасы­рын­бақ», «Айтылып бітпеген халық әні», «Бұла», «Жағалауда» сынды картина­ла­ры өзінің орындалу үрдісінің, компози­ция­лық бітімінің сәт­ті шығуымен қатар, астарлы ой, фи­ло­софиялық толғамының аса терең еке­ндігімен құнды. Кө­рер­мендерді бұл суреттер әсері әсем сезімге бөлеп, қиял шіркінді құстай ұшырды. Тағы бір тоқтала кететін жайт, кө­рер­менге «Шәкәрімді жоқтау. Отыз ек­інші жылдың қарсаңы» атты кар­ти­на­ның екінші нұсқамен берілуі болды. Мұнда, осы атаумен осыдан он жылдай бұрын салын­ған бірінші нұсқадағы картинаның айтар ойы сол күйі сақ­та­лып, тек жазу үрдісі мен орындалуы жа­ғынан өзгеріске түсіп, кемелденіп, кө­лемі жағынан ұлғайып барып көрер­мен назарына ұсынылған. Сондық­тан да суретші Жеңіс Кәкенұлының бұл жолғы көрмесі картиналардың орындалу үрдіс­і­мен ерекшеленіп, жұрттың жадында жатталып қалатыны сөзсіз. Александр ТАСБОЛАТОВ.