• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2011

Электр қуатын үнемдеудің жолы көп

717 рет
көрсетілді

Жақында Табиғи монополия­ларды реттеу жө­нін­­дегі агенттігі (ТМРА) мен Павлодар облысының әкімдігі тариф саясаты арқылы ай­мақтың энер­гетикасын да­мы­ту, энер­гия ресурс­тарын үнемдеу және тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық­ты жетілдіру жөнінде кеңей­тілген кеңес өткізді. Онда негізгі электр қуатын өндіруші «Павлодар энерго» АҚ, «Қазақстан аллюминийі» АҚ ЖЭО-1, «Павлодар – водоканал» ЖШС кәсіп­орындарының 2010 жыл­ғы ин­вес­тициялық келісімдері­нің орын­д­алуы жөніндегі есептері тың­дал­ды және кеңінен талқыланды. Осы жерде айта кететін бір жай бар. Облыс басшылығы, алдымен об­лыс әкімі Бақытжан Сағынтаев, сон­дай-ақ ТМРА басшысы Нұрлан Алдабергенов бұған дейін де облыстағы энергетика және сумен қамтамасыз ету кәсіпорындары бас­шы­ларымен талай рет бас қосып, олардың электр қуатының тарифтеріне байланысты жұмыстарымен танысып, есептерін тыңдаған еді. Бүгінгі жиналыс бір жағы сол жұмыстардың қорытын­дысын шы­ғару десе де болғандай. Бұл облыста біршама жоғары тарифті белгілеп, қуат, жылу және су өндірушілердің өндіріске өз инвес­тицияларын салуы және оны тұты­нушыларға барынша ашық көр­сетіп отыруы, үнемдеуге айрық­ша мән берілуі жақсы нәтижелерін берді. Бағаны қайта-қайта өзгерте бермей, тұрақты ету ізденіске жол ашты. Тұтыну­шы­лар да, өндіру­ші­лер де үнемдеудің жолын іздеді. Тәулік­тердің мерзімдеріне байла­ныс­ты тарифтерді әртүрлі белгі­леудің арқа­сын­да ғана өткен жы­лы 248 миллион кВт/с электр қуа­ты үнемделді. Бұл халық пайдал­ан­ы­ла­тын электр қуаты­ның 2,3 пайызы деген сөз. Әйтпесе 62 мың тонна көмір, үш миллиард теңге­дей халық қар­жы­сы үнемделді. Суды тиімді пайдалану жолындағы ізденіс­тің арқасында 36,5 миллион текше метр су үнемделіп, одан 1,63 миллиард пайда түскен. Қазір электр қуатын өндіру сала­сында инвестициялық міндеттеме деген ұғым қалыптасып отыр. Оның негізінде инвестициялық тариф жа­тыр. Республикадағы бар­лық база­лық аймақтық электр желілік компаниялар инвести­циялық тарифтерге кө­­шірілген. Айталық, биыл электр қуа­тын жеткізу және бөлу секторына 17 миллиард теңге инвестиция құйы­лып, оның толық игеру міндеті қойы­лып отыр. Мұндай міндеттеме қа­был­даған кәсіпорын­дар­дың сөз­деріне істері сай екенін айтқан жөн. Айталық, «Павлодарэнерго» АҚ 2010 жылы Павлодар қаласында екі ЖЭО-ны және Екібастұзда бір жылу электр орталығын жаңартып, жетілдіруге 5 миллиард 425 миллион теңге жұмсауға міндеттенсе, оны асыра орын­дады. Оның ішінде, бөлінген қар­жының 71 пайызы жаңа нысандар құрылысына жұмсалды. Бұл акционерлік қоғамның жинақтаушы қуа­тын арттыруға мүмкіндік береді. ТМРА басшысы Н.Алдабергенов­тің сөзіне қарағанда, бұрын қуат өндіретін кәсіпорындар бағаны үсті-үстіне өсіріп, халықтан түскен қар­жыны қайда жұмсалып жатқанына есеп бермейтін. Енді есеп беріп оты­рады және күні бұрын белгіленген бағаны өсіруге қақысы жоқ. Соның арқасында бұл кәсіпорындар барлық нәрсені үнемдеуге оның жолдарын іздестіруге мәжбүр. Егер қуат өндіретін кәсіпорындар мен ұйым­дар өздерінің келісілген инвес­ти­циялық міндеттемелерін орындай алмаса, онда айып төлейді. Қазіргі уақытта табиғи монополиялар және нарықты реттеу туралы жаңа заң әзірленіп жатқан көрінеді. Соған сәйкес өндіруші кәсіпорындар мен тұтынушылар арасындағы қа­рым-қатынас, бір-біріне жауапкершілігі жіктеп көрсетіледі. Әсіресе бұл энергетика саласы үшін айрықша маңызды бол­мақ. Мұнда өндіруші­лер негізінен монополистер. Енді олар да тұтынушылар алдында есеп беруге, өз жұмыстарын ашық көр­сетуге міндетті болмақ. Бұл – үнемге, тиімділікке апаратын жол. Тұтынушылардың төлемі – тұр­ғын үй-коммуналдық қызметті жақ­сартуға салынған инвестиция. Оны кәсіпорын монополистер барынша тиімді пайда­ла­нып, өзінің дамуына да, тұтыну­шыларға көрсеті­летін қыз­метті жақсар­туға да жұмсауға тиіс. Павлодардағы кеңеске қатысу­шы­­лар­дың, жалпы мамандар мен ком­­мунал­дық қызметті ұйымдас­ты­ру­­шы­лардың пікірінше, тарифтер әр­қа­­шан­да өсе түседі. Онсыз бұл қыз­мет­ті жақ­сартып, жаңа дәре­жеге кө­теру мүм­кін емес. Әңгіме сол тарифті орынсыз өсіре бермей, белгіленген төлемді осы салаға бөлінген инвестиция ретінде пайдалану қажет. Соны­мен бірге тұтынушылар да өз тара­пынан қуатты барынша үнемді пайдалану жауапкершілігін сезінуге тиіс. Оның бір жолы – әртүрлі тариф жү­йесін енгізу. Ресурстарды, қуатты қа­лай болса солай жұмсау заманы өткен. Павлодарлық энергетиктердің тәжірибесі құптауға тұрарлық. Ол бүкіл елімізде өрісін тапса, игі істің нәтижесі қомақтана түседі. Мамадияр ЖАҚЫП.