• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Шілде, 2011

Қос арыстың бейнесі

685 рет
көрсетілді

Белгілі қаламгер, теле­жур­на­листиканың тәжірибелі тар­ланы, Қазақстанның еңбек сі­ңір­ген қайраткері Мақат Са­дық бірнеше деректі фильм­дердің авторы ретінде жұрт­шы­лыққа кеңінен танымал. Жыл басынан бері оның бұл өнердегі қолтаң­басын айқын­даған екі деректі туындысы еліміздің біраз теле­арналары арқылы көрермендер талқы­сына салынып, жоғары баға иеленіп үлгерді. Атап айт­сақ, «Міржақып Дулатов» және «Бауыржан Момышұлы» деректі фильмдері Қазақстан Рес­пуб­ликасы Байланыс және ақпарат министрлігінің тапсы­рысы бо­йын­ша («МАКНАТ, STUDIO») шыққан болатын. «Міржақып Дулатов» фильмінде Алаш арысының күрес­керлік бейнесі жан-жақты қы­ры­нан ашылған. Өз кезегінде ғалымдар М.Жолдасбеков пен Д.Қамзабекұлы, С.Иманбай мен А.Мұсағалиева т.б. М.Дулатов­тың жаңа заман орнатуға деген ұмтылысының жарқын беттерін тереңнен қозғап, мәнімен әңгі­ме­леп берген. Сондай-ақ Гүл­нәр Міржақыпқызының әкесі­нің досқа адал әрі уәдеге беріктігін, шыншылдығы мен иман­дылығын таратып айтқан өнеге­лі сөзі көрермендер зердесіне қонып жатуымен құнды. Ал «Бауыржан Момышұлы» фильмі де мазмұн тереңдігімен баурап алады. Сенатор О.Әбді­кәрімов, жазушылар Ә.Нұр­ша­йықов пен М.Қалдыбай, Ауған соғысының ардагері Б.Смағұл, батырдың ұлы Бақытжан Мо­мышұлы мен келіні З.Ахметова өз естеліктерінде қазақтың қа­һарман тұлғасының өмір, жауын­­герлік жолынан ұлағатты өнеге тиегін ағытады. Міржақып Дулатовтан ұр­пақ ауысар ширек ғасыр кейін өмірге келген Бауыржан Мо­мыш­ұлының «Оян, қазақ» жа­рия­ланғанына 25 жыл өткенде мынандай жүрекжарды жауа­бын жазғаны белгілі: Сыр айтам, саған, халқым,  ұға білсең, Дайынмын от пен суға маған сенсең. Арыңды ақ ниетпен ақтамасам, Ырзамын теріс қолмен бата берсең. Міне, осы өмірлік ұстаны­мына батыр әрдайым адал бола білді. Фильмде де сондай алмас қырынан жарқырап көрінген. Қос деректі туындыдағы бұл тарихи тұлғалардың ғұ­мы­ры мен шығармашылығы: кешегі, бүгінгі және бола­шақтағы ұрпақ үшін – өмірлік өнегелі өсиет екендігіне кө­рермендер көзі әбден жететін секілді. Қайсар ӘЛІМ, Астана.