• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2011

Баспана жайлы әфсана

526 рет
көрсетілді

Бұрынғы ата-бабаларымыз бір-бі­рі­мен амандасқанда «Мал-жан аман ба?» дейтұғын. Малмен күн көрген қазақ ма­лы болса, бәрі болады деп есептеген. Қазіргі қазақтардың жөн сұрас­қан­дары өте қызық болып барады. Таяуда 20 жыл көрмеген жеңгемді Астана вокза­лында кездестірдім. Жеңгем бірден «Астанада үйің бар ма?» деп сұрады. «Үй болмай – күй болмас» демекші, тұрғын үй мәселесі қазақтарды әб­ден шаршатып, жүйкелерін жұқартқан. Әлемдегі шешуін таппай келе жатқан нөмірі бірінші проблема – осы баспа­на­ға зәрулік. Оның түбегейлі шешім та­б­уының мүмкін еместігін күн өткен сайын өмір дәлелдеуде. Өйткені, жастар өсіп келеді, олар отбасын құрып, жеке пәтерде тұрғысы келеді. Сатып алуға қаржысы жеткіліксіз, ипотека­лық несие алайын десе табысы төмен болғандықтан, банк кредит бермейді. Алыс-жақын шетелдерде бұл мәселені шешетін бір ғана жол – табысы төмен отбасылар үшін жалға берілетін тұр­ғын үйлердің көптеп салынатындығы. Қазақстанда осы мәселе туралы айтыл­ғалы да біраз болды, іс жүзінде әзірге алға жылжу онша байқалмайды. Үкімет еліміздің тұрғын үй рыногы мен құрылыс саласын қаржылық дағ­да­рыстан сақтап қалудың амалдарын қарастыруда. Премьер-Министр құры­лыс саласында қандай қиындық бол­ма­сын, Үкімет ең алдымен, осы ры­нок­қа қатысушы жеке тұлғаларды, яғни үлескерлердің мүддесін қорғайтынын мәлімдеді. Бір-бірімен жарыса бой кө­теріп жатқан тұрғын үй құры­лы­сының тоқырап қалғаны да шындық. Үйсіз-күйсіз жүргендердің басым бө­лігі мұғалімдер, дәрігерлер, кітап­ха­на­шы­лар мен қарапайым жұмыс­шы­лар. Бір жыл­дары мемлекеттік бағдар­лама бойын­ша 1 шаршы метрі 450 доллардан сатыл­ған үй­лерге де екінің бі­рі­нің қолы жете қойған жоқ. Экономи­ка­дағы өсім­ді жиі ай­тамыз. Ішкі жал­пы өнімнің де, өндіріс­тің де өсіп жат­қаны рас, бірақ мемле­кет­тің байлығы, меніңше, халық­тың әл-ау­қа­ты­нан бай­қа­луы керек. Тұр­ғын үй дегеніміз со­ның бір көрінісі. Егер экономи­ка­лық өс­ім шын мәнінде жоғары болып, ха­лықтың табы­сы асып-тасып жатса, үй са­тып алуға олардың шамасы неге келмейді? Былай алып қарағанда, жеріміз кең-байтақ, мүмкіндік бар, бірақ халқымыз үймен әлі де толық қамтамасыз етілмей отыр. Қазір үйдің шаршы метрі 1500-5000 долларға дейін жетті. Бүгінде Астана мен Алматыда сатылып жатқан пә­терлер ақысына Дубай мен Римнің қақ ортасынан ойып тұрып пәтер сатып алу­ға әбден болады екен. Неліктен баға мұн­ша қымбат? Егер мүдделілік болса, үй­дің бағасын түсіруге болар еді. Алайда, қым­­батшылық біреулерге тиімді сияқты. Тұрғын үй мәселесі – жыры бітпейтін дастан. Өйткені, үлескерлердің үмі­ті ақталып, баспаналы болғанымен, олар­дан басқа да баспанасыздар жетерлік. Жұмамұрат ШӘМШІ, тарих ғылымдарының кандидаты.