• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
19 Тамыз, 2011

Төтенше жағдайға әзірлік қалай?

545 рет
көрсетілді

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізуге орай кеше Төтенше жағдайлар министрі В.Божконың төраға­лы­ғы­мен қалалар және аудандар төтенше жағдайлар басқармалары (бөлімдері) бастықта­рымен республикалық семинар-кеңес өтті. Семинарға министрлік басшы­лы­ғы, ТЖМ ведомстволары, ведом­ство­лық бағынысты ұйымдардың бас­­шы­лық құрамы және 250-ден аса рес­публиканың барлық өңір­лерінің тө­тенше жағдайлар департаменттері, бас­қарма және бөлім бастықтары, сон­дай-ақ Қауіпсіздік кеңесі хатшы­сы­ның орынбасары – Қауіпсіздік Ке­ңесі хатшылығының меңгерушісі Қ. Жан­быршин, Бас Прокурордың бірін­ші орынбасары И.Меркель қатысты. В.Божко семинар-кеңесті аша оты­­­рып, 2011 жыл Қазақстан аза­мат­та­ры үшін маңызды болып та­была­тын­дығын, еліміздің тәуе­л­сіз­дігіне 20 жыл толатынын атап өтті. Министр Елбасының «Болаша­қ­тың іргесін бірге қалайық!» Жол­дауында айтылған Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген жетістіктеріне, сон­дай-ақ министрлік алдында тұрған басты міндеттер мен іске асырылған ірі жобаларға тоқталды. Олардың қа­та­рында – Алматы тау етегіндегі Медеу шатқалындағы селге қарсы бө­гет, Оңтүстік Қазақстан облысын­да Сыр­дария өзеніндегі су тас­қы­нына қарсы Көксарай реттегіші ке­шенінің құры­лысы, «Астана қа­ла­сын Есіл өзені суының басып кету қаупінен сақтау» кешені, Щучье-Бурабай курортты ай­ма­ғындағы за­ман талаптарына сай үш өрт де­посы, Астана қаласындағы ТЖМ спорт кешені тәрізді жобалар бар. Министр өз сөзінде соңғы екі жылда республика аумағында бол­ған төтенше жағдайларға талдау жасады, төтенше жағдайлар қала­лық және аудандық бөлімшелер­дің, апаттық-құтқару күштері мен құралдарының әрекеттеріне нақты баға берді. В.Божко сөзінің соңын­да қазіргі таңда министрлік алдын­да тұрған міндеттерге де тоқталып өтті. Негізгі мақ­сат – Қазақстан Рес­публикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жос­пары бойын­ша жеке тұлға мен қоғам­ның қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету, техногендік апаттар және дүлей зіл­­зала зардаптарын бол­дыр­мау жә­не  төмендету бой­ын­ша жағдай жасау. Семинар-кеңес барысында Аза­мат­тық қорғаныс, төтенше жағдай­лар­дың алдын алу мен жою мәсе­ле­лері, оқу-жаттығуларды ұйым­дас­­ты­ру, өрт және өнеркәсіпті ба­қы­лау, ТЖ ту­ын­дағанда шекаралас жатқан көрші елдермен әрекет ету барысы талқыға түсті. Сондай-ақ семинар-кеңес ая­сын­да Төтенше жағдайлар министрлігі бө­лім­шелерінде тұрған заманауи техни­калардың және өрт-қол­данбалы спор­тынан Ұлттық құра­ма­ның көрсетілімі өтті, деп хабар­ла­ды ТЖМ баспасөз қызметі.