• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
24 Тамыз, 2011

Отырар кітапханасы

4057 рет
көрсетілді

Александрия кітапханасынан да үлкен болған ба? Осы уақытқа дейін қазақ өркениетінің болғандығын ғы­­лы­ми тұрғыда дәйектеуге ұмтылып жүрген ғалымдардың бірі – профессор Еренғайып ОМАРОВ Отырар кітап­ха­на­сы­ның Александрия кітапханасынан үлкен болғандығы жайлы болжамды дәлелдеуге әрекет жасап жүргені белгілі. Ақиқат айтыста ашылады десек те, тарих үшін тосын пайымды ғалым қандай деректерге негіздейтіні қызғылықты. – Еренғайып Сәліпұлы, сіз Оты­­­рар кітапханасы Александрия кі­тап­ханасынан үлкен болғанын дә­­лел­деуге ұмтылып жүрген ға­лым­­дар­дың бірісіз. Бұл дәйектеме қан­дай тарихи деректерге негізделеді? – Тарихта көптеген бұрма­лау­шы­лық кездесетіні жасырын емес, со­лар­ды әшкерелеумен, әділдікті қалпына кел­тірумен ұлы ғұламалардың көпші­лігі айналысқан. Солардың бірі – Мұс­тафа Шоқай. Осы тұста Мұстафа Шо­қайдың ғалымдық қабілеті де жар­қырап көрінді. Ол аты аңызға айнал­ған Египеттегі атақты Александрия кітапханасының өртелуі жайлы қауе­сет­ті зерттеуге ден қойды. Бұл мәсе­ленің ақ-қарасын анықтау бізге, қа­зақтарға өте қажет. Себебі, Отырар кітапханасы көлемі жағынан әлемдегі екінші кітапхана болып саналатыны баршаға аян. Сонымен қатар, атақты Александрия кітапханасының өрте­лу­ін бүкіл христиан әлемі мұсыл­ман­дар­ға жаба салғандығы да дау тудырады. Алдымен екінші мәселені қарас­тырайық. М.Шоқай бұл жайлы: «Бұ­ған түркиялық бауырларымыздың жауап беру-бермеуі, жауап берсе, қалай берері бізге беймағлұм», деп кейиді де, одан әрі былай дейді: «Александрия кітапханасын Халиф Әмірдің өрте­ген­дігі туралы хикая бүкілдей жалған. «Таң» газетінің 1923 жылғы 30 нау­рыздағы санында жарияланған Франция Ғылым академиясының ра­пор­тын­да (Academie des inscriptions et belles-Lettres) айтылғандарға қараған­да, бұл оқиға алғашқы дәуір тарих­шы­ларына беймағлұм. Ол тек ХІІ ғасырдың орта­сында ғана пайда бол­ған». Яғни, одан бұрынғы құжаттарда кездеспейтін себебі де сондықтан болар. – Ендеше, Александрия кітапха­насын кім, кашан өртеген деген сұ­рақ туады... – Орыс тіліндегі әйгілі Брокгауз-Эфрон сөздігінде (1891) былай делінген: «…Александрия кітапханасының бүкіл Рим, Грек, Үнді және Мысыр әдебиетін сақтаған ең үлкен бөлігі біздің жыл санауымыздан бұрын 48-47 жылдарда Юлий Цезарь мен мы­сырлықтар арасындағы сұрапыл со­ғыс кезінде өртеніп кеткен… Кітапха­наның екінші бөлімі, яғни Птолемей заманында жинақталған шағын кітапхана Феодосия дәуіріне дейін сақ­талған. Оны басқарып тұрған Серафим ертедегі мысырлық алмандардың бірінің ғибадат етуіне кектеніп, партриарх Теофильдің үгіттеуімен Серпион махалласына шабуыл жасаған жауыз христиандар жағынан өртелген болатын (391 ж.). Сонымен атақты ғылым қазынасы әмір әскерлерінің 642 жылғы жорығынан емес, хрис­ти­андардың шабуылынан ойрандалған». – Дегенмен, Александрия кітап­ханасын кім ойрандағаны туралы дауға әлі де нүкте қойылған жоқ қой? – Қазіргі замандағы ғылымда да, не араб басқыншылығы кезіндегі ойран мен талан-тараж туралы көп жазған Иоанн Никиуский де, не өзге бір исламға қарсы христиан тари­х­шысы да кітапхананың өртенгені ту­ралы дерек келтірмейді. Сондықтан, кітапхананың жойылғандығын белгілі бір оқиғамен байланыстыру мүмкін емес және бұған пұтқа табынушылар, христиандар немесе мұсылмандар кі­нә­лі деп кесіп айту қиын. Бұл туралы нақты пікір жоқ. Мәселен, Плутарх Цезарьды, Эдуард Гиббон христи­ан­дарды, Григорий Бар-Эбрей мұсыл­ман­дарды кінәлайды, ал Британ эн­циклопедиясының авторлары бар кі­нәні Рим императоры Аврелианға ар­тады. Сонымен, Мұстафа Шоқай бү­кіл мұсылман қауымының атынан үл­кен тарихи бұрмалаушылықты ғы­лы­ми тұрғыдан түзетті. – Мұстафа Шоқайдың осы мә­селеде Отырар кітапханасына қа­тысты тұжырымы қандай? – Енді қазаққа қатысты деген жеріне тоқталайық! Мұстафа Шоқай та­ғы өз сөзін жалғастыра келе, былай дейді: «Көріп отырсыздар, Александрия кітапханасы Александрия қала­сын арабтардың жаулап алуынан 250 жыл бұрын, «патриарх Теофиль бас­таған христиандар қолымен өртелгені туралы аңыз ХІІ ғасырдың ортала­рында туылды» дегенін еске алыңыз. XI-XII ғасырларда Батыстағы хрис­ти­андардың Шығыстағы исламға қарсы крест жорықтары болғанын орта мектептік білімі бар кез келген адам біледі. XII ғасырдың ортасы екінші крест жорығының соңы мен үшінші крест жорығының аралығына тура келеді. Екінші крест жорығында хрис­тиан­дық Еуропа сәтсіздікке ұшырады. Ша­буыл жасаушылар Дамаскіні қор­шап алғанымен, жеңіліске тап болып, кері шегінуге мәжбүр болған еді. Міне, сол кезде христиандардың мұсыл­мандарға қарсы өшпенділігін арттыру мақсатымен «Александрия кітапхана­сының Әмір тарапынан өртелуі» тура­лы жалған аңызды ойдан шығарып тарату қажеттілігі туған болса керек». Кітапхананы мұсылмандар өртеді деп жала жабудың астарында ислам дінін мұқату, мұсылмандарды өркениеті жоқ халықтар деп көрсету жатыр. – Ақиқатында да мұсылман қа­уымы кітапқа, тасқа басылған жа­зуға үлкен байлық ретінде қарап, қастерлегеніне тарихтан мыңдап мысал келтіруге болады! – Логика деген ғылым бар, соған жүгінсек, осы тұста өркениетке қа­тыс­ты үлкен ғылыми жаңалықтың кө­зі ашылайын деп тұр. Сонымен, атақ­ты Александрия кітапханасы 391 жылы өртелген болса, ал Отырарды Шыңғысхан 1220 жылы қиратқаны белгілі. Отырар кітапханасы өртен­бе­се де тағдыры жан ашырлық. Халық­тың кітапхананы жақсы көргендігіне таңданбасқа болмайды. Бастарына қа­тер төніп тұрғанына қарамастан, кі­тап­тарды жер астында орналасқан құпия үңгір-қалашыққа (катакомба) тыққандары – тарихтың алдында жа­саған үлкен ерлік, ұрпақтың келешегіне деген риясыз қамқорлық. Фир­доу­сидің «Шахнама» кітабында батыр­дың жер астындағы үңгірлермен қор­шалған қаладан шығып кеткені жа­зылады. Тіпті Геродотта, Парсылар­дың патшасы Кир Орта Азия қала­ла­рын басып алғанда халық сондай үң­гір­лер арқылы құтылып кететін, бай­лық­тарын тығып қоятын деп жазған. – Осының нақты тарихи деректемелері бар ма? – Осыдан шамасы 30 жыл бұрын, не одан ертеректе, қой бағып жүрген бір шопанның иті үңгірден, сырты терімен қапталған араб тілінде жазыл­ған көне кітап алып шыққан. Ұмыт­пасам, шо­­пан­ның аты Нұрмағанбет. Кітап Оты­рар қалашығының қасы­нан табыл­ған, яғни сол кітапхананың кітабы бо­луы әбден мүмкін. Афри­кадағы Мали мемлекетінде туарег деген көшпенді халық бар, солардың астанасы болған Тумбукту қаласында дүние жүзіндегі ең бірінші университет ашылған бола­тын. Сол туарег халқы осы күндері де кітап­та­рын әр отбасы сандыққа салып, жерге көміп сақтайды екен. Осының бәрін мысал етіп жатқан себебім, небір кітаптар көміліп жатыр. Сондықтан, Отырар кі­тапханасын іздеу жұмыс­тарын кү­шей­те түсу керек, оған көп ақша кетпейді. – Сонымен, Отырар кітапха­насы 1220 жылы көмілсе, ал Александрия кітапханасы 391 жылы өртелген болса, осы екі аралықта (830 жыл) үлкен кітапхана Оты­рар­да ғана болған ғой? – Отырар мен оның кітапханасы қай кезден бастап өмір сүрген екен? Отырар шамамен V ғасырда белгілі бола бастаған. Екінші жағынан Тараз­ға 2000 жыл, Сайрамға 3000 деп есептесек, Отырардың да сол шамалас болар, яғни кемі екі мың жыл. Себебі, Отырар ең қолайлы жерде, Арыстың Сырдария өзеніне құяр жерінде орна­ласқан. Ол кітапхана бар болса, он­дағы кітаптар – Вавилонның қыштан күйдірілген тас кітаптарынан бастап, түрік, парсы және қытай тіліндегі кітаптар болуы мүмкін. Арабтар мұ­сыл­мандықпен қатар, араб тіліндегі кітаптарды ала келген. Қытай тіліндегі кітаптарды ғұндар оқи алған және ғұндардың өздері де ежелгі түрік, яғни ғұндардың тілінде кітап жазып, географиялық карта сызған. Соңғы ғылыми жаңалықтарға сүйенсек қаң­лы­лардың өз жазуы болған және ал­ғаш­қыда оларда қышқа жазып күй­ді­ріп сақтаған. Бұларға сақтарды қо­сы­ңыз, олар түрікше және парсыша білген. – Ал көшпенділер кітап жаз­ба­ған деген қасаң ұғым бар ғой? – Бар. Иә, «Көшпенділер кітап жаз­ды ма?» деген заңды сұрақ туады. Жауап: олар кітап жазды. Мұндай кесімді жауап француз ғалымдары Делез бен Гватари құрған «номадология теория­сынан» (көшпенділер теория­сы­нан) келіп шығады. Олар былай дейді: «Біз тарихты отырықшы тұр­мыс салтын ұстанған адамның көз­қа­расы тұрғы­сы­нан жазамыз... Тарих еш­уақытта сырт­қы дүниені түсін­бе­ген». Мүмкін номадологтар дұрыс айтатын болар, та­рихты, тіпті жалпы кітапты қазақ дала­сында қаланы мекендеген отырықшы қазақтар жаза бастаған. Тарихшымыз Уахит Шәлекенов­тың пікірінше, қазақтардың басым көпшілігі отырықшы болған және қалаларда тұрған. Сонымен ертедегі қазақтар кітап жазған, көп жазғаны соншалық, жазуға арналған жаңа ма­териалды ойлап табуға тура келген. Бұрын негізінен теріге жазатын. Ондай кітаптар ауырлау келеді. Бұған біздің дәуіріміздің басында Қазақ­станның оңтүстігінде, Таразда қағаз­дың ойлап табылғаны дәлел бола алады. Шамасы қағазды әлемдегі ең ірі кітапхана орна­ласқан Отырар қа­ласына жақындау жерде дайындаған болар. Сондай-ақ, VІ ғасырда Арал теңізінің солтүс­ті­гін­дегі ел билеген сақтардың патшайымы Аққағаз ту­ра­лы да мәлімет бар. Ақ­қа­ғаз – қазақ тілінде де «ақ қағаз» деген ұғымды білдіреді. Олай болса қағазды қазақтар қолданғандықтан оларға та­ныс болып тұр ғой! Ақ қағазбен қатар көк, сары, яғни түрлі-түсті қағазда дай­ындалған болар. Балаға есімді ата-ана­сы немесе рудың үлкендері қоя­ты­нын ескерсек, қазақтар ІІІ-V ғасыр­лар­да қағазды біл­ген болып шығады. Сақтар патша­йымы Аққағаз туралы қытай дерек­көздерімен танысқан, та­ны­мал француз ғалымы Э. Шаван жаз­ған. Әрине, кітаптар негізінен Жібек жолы­ның көмегімен жиналған. – Сіз Александрия кітапха­на­сына барып, арнайы зерттеулер жүр­гізіп жүрген ғалымсыз. Енді Оты­рар осы кітапханадан да үлкен болды деген сіздің пайымда­ры­ңызға жақындап келеміз. – Атақты Александрия кітапха­на­сын, Египеттегі Александрия қаласын Македонскийдің бұйрығымен атақты Птолемей II б.з.д. III ғасырда салды. Ол да себепсіз емес. Зұлқарнайын Орталық Азияны жаулап алғанында кітапханаларды көрген шығар!? Олай дейтінім, алғашқы кітапхананы шумерлерді 600 жыл билеген біздің даладан шыққан көшпенділер – Қас­сит­тер (қассақтар) ойлап тапқан. Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, біздің жыл санауымыздың басы­нан бастап Отырар қаласы да, кі­тап­ханасы да көтеріле бастаған. Жарай­ды, 341 жылға дейін кітапхана кішкентай болды деп есептейік, екінші орында болған шығар. Бірақ әлдекі­мнің сол кітаптарды салыстырды де­геннің өзі күмәнді. Александрия кі­тапханасы 391 жылы өртелген болса, Отырар кі­тап­ханасы сол жылдан бастап бері қарай, яғни 830 жылдай әлемдегі ең үлкен кітапхана болып тұрған. Ал енді тым батыл шешім айтар болсақ, Александрия кітапха­на­сының басым бөлігінің өртелуі б.д.д. 47 жылға тиесілі екенін ескерсек, өрт­тен аман қалған кітап­тары бар болған күннің өзінде Отырар кітапхана­сы­ның қорынан аз болуы мүмкін. Олай болса, Отырар кітап­ха­насы 1000-1200 жыл шамасындай уақыт дүние жү­зіндегі ең үлкен кітапхана болған! Мың жыл деген аз уақыт емес. Рим империясынан да үлкен. – Сонымен, Отырар кітапха­на­сы өз заманында әлемдегі ең үл­кен кітапхана болған болса, оны әлемге мойындатудың жолдары қандай болмақ? – Ендігі мақсат сол кітапхананы іздеу жұмыстарын бастау керек. Жер астында шамамен бес жүз мыңдай кітап жатуы мүмкін. Кітаппен қатар алтын сияқты бағалы заттар да кө­мілуі ғажап емес. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Айнаш ЕСАЛИ, Алматы. Суретте: Еренғайып Омаров Алек­сандрия кітапханасында.