• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Мамыр, 2017

Аға буынның орны әрқашан да бөлек

316 рет
көрсетілді

Елордада Қазақстан Ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Оған Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, Ұйымның Астана мен Алматы қалаларындағы және облыстардағы орталық кеңестерінен келген делегациялар қатысты. Жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова құттықтау сөз сөйледі.

Құттықтау сөзінде ол арда­гер­лерге қамқорлық жасау, олар­дың тұрмыс дең­гейін артты­ру мемлекеттің әлеу­мет­тік сая­сатының басты басым­ды­ғының бірі болып сана­ла­ты­нын атап өтті. Сонымен бір­ге, Мемлекеттік хатшы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап Пре­зи­денттің тапсырмасы бойын­ша зейнетақы 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға өсетінін айтты. Бұдан бөлек, негізгі зейнетақыны тағайындау жаңа әдіс­теме бойынша жүзеге асы­рылып, оның мөлшері зейнет­ақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болмақ. Бұл шара­лар 2018 жылы негізгі зейнет­­ақы көлемін 2017 жылмен салыс­тырғанда 1,8 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік хатшы респуб­лика­лық бірлестіктің Қазақстан Респуб­ликасының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесіне ерекше тоқталды.  Сөзінің соңында ел Прези­ден­тінің «Бола­шақ­қа бағдар: рухани жаңғы­ру» бағдар­ламалық мақала­сында қойылған міндеттерді іске асыруға ардагерлер белсенді түрде атсалысатынына сенім білдірді. Құттықтау сөзінен кейін Мемлекеттік хатшы бір топ ардагерге Елбасының Алғыс хатын тапсырды. Қазақстан Ардагерлер ұйымы 1987 жылдың 21 наурызында құрылған. Бірлестік құрамында 1 миллион 845 мың соғыс және еңбек ардагерлері бар. Халық Қаһарманы және Қазақстанның Еңбек Ері атақтарының 17 иегері, екі Кеңес Одағының Батыры, сондай-ақ, 115 Социалистік Еңбек Ері ұйымның мақтаныштары болып саналады.  Салтанатты жиында Парла­мент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов баян­дама жасады. Баяндамада Ел­басы­ның «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген мәселелерге басым­дық берілді және оны жүзеге асыруда аға буын ардагерлердің алатын орны атап өтілді.  «Өркениеттің жедел дамуы зама­нында, рухани жаңғыруларда біздің ардагерлеріміз де бәсеке­ге қабілетті болуы керек, − деді Б.Ізмұхамбетов. – Болашақ жас­тардікі дейміз, біздің жастары­мыз өте білімді, ұшқыр ойлы және бірнеше тілді меңгерген. Осын­дай озық ойлы жастар­ға ақыл-кеңес беру үшін өр­ке­­ниет­тің жаңалықтарынан хабар­­дар болуымыз қажет. Ол үшін алғашқы қадамдар қолға алын­ды. Қазір Павлодар, Атырау об­лыс­тарында «Жас Отан» жас­тар қанатының белсенділері арда­гер­лерді компьютерлік курстарда интернетті игеруге үйретуде. Бұл игі бастама өзге облыстарда да жалғасын табады деп сенеміз. Біз бабаларымыздан мирас бол­ған ұлттық прагматизм, ізгі қасиеттерді түлетіп, кертарт­па қағидалардың алдын алудың жолдарын табуымыз керек».  Бұдан соң шешен жастарды тәрбиелеу мәселесіне тоқталды. Оның тоқталғанындай ысырап­шылдық пен астамшыл­дыққа, даңғойлыққа жол бер­мей, жас ұрпақты барынша қара­па­йым­­ды­лық пен қайырым­ды­лыққа, үнемшілдікке тәрбие­леу­ге жол көрсету керек. Ұлт­тық бол­мы­сымыздың өзегін сақ­тай оты­рып, ұлттық салт-дәс­т­үрімізді жаңғырту, болашақ ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіру ардагерлердің алдындағы басты міндет. Аға буынның алдында өз ұлттық мәдениетіміз бен ұлттық болмысымызды сақтаудың тиімді үлгілерін қарастырып, жаңаша ойлап, жақсы мен жаманды саралап, заман талабына білімді, жас ұрпаққа пайдалы және түсінікті жеткізу міндеті тұр.  «Орталық кеңес Прези­денті­міздің мақалада айтқан тап­сыр­маларын ескеріп, жаңа бас­тамаларға ұйытқы болуы керек, – деді ол әрі қарай. – Ол үшін елге белгілі қоғам қай­рат­­кер­лері бас болып, атадан бала­ға мирас болып келе жат­қан ұл­ттық жәдігерлеріміз – салт-дәс­түрімізді дәріптеу, от­ба­сы құндылықтарына ба­са назар аудару, тіліміз бен ді­­ні­­мізді, мәдениетімізді құр­мет­т­еу бағытында ауқымды жұ­мыс­тарды қолға алмақпыз. Біз бұл жұмыстарды қалай ұйым­дас­тыратынымызды шеш­тік. Оған танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері тартылады. Олар орталық кеңес жанындағы тұрақты комиссиялармен бірігіп, үш бағытта жұмыс істейді».  Баяндамашы оның әрқайсы­сына жеке тоқталды. Бірінші бағыт – «Дәстүр мектебі»: ұлт­тық бірегейлікті сақтау, салт дәстүрдегі өмірлік, тәрбиелік мәні зор қағидаларды дәріптеу. Екінші бағыт – «Алтын ұя» мектебі: әке тәрбиесі, ана тәрбиесі, жас­тарға отбасы құндылықтарын құрметтеу туралы бағыт-бағдар көрсетіп отыру. Үшінші бағыт – «Ағаның ақылы» мектебі: отан­сүйгіш­тікке, патриоттыққа тәрбиелеу, жершіл­дік, тамыр-таныстықтың зиян­ды жақтарынан жастарды сақтандыру.  «Мұндағы мақсатымыз, деп жал­ғас­тырды сөзін Б.Ізмұ­хамбетов. – Елба­сының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» мақаласында айтылған ойларды іс жүзінде нақты жүзеге асыру. Оның өміршеңдігін, біздің қоғам үшін пайдалылығын көрсету. Біз ХХІ ғасырда алдыңғ­ы қатарлы озық елдердің қатарына қосылу үшін ұлт­тық құндылықтарымыздың асыл­дарын теріп, жас ұрпақтың бойына сіңі­ре білгеніміз жөн. Қазіргі таңда аға ұрпақ­тың алдын­да тұрған басты міндет – осы. Сонымен қатар «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасынан ел экономикасының дамуына зор үлес қосқан, мақтан етуге тұратын, тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен ардагерлеріміз де сырт қалмауы тиіс». Салтанатты жиында Пар­ла­мент Мәжілісінің Төр­аға­сы Нұрлан Нығматулиннің құттық­тауын Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев оқып берді. Ал Үкімет мүшелері аты­нан сөз алған Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі Тамара Дүй­се­нова аға буын арда­гер­лерді әлеу­меттік қорғау сала­сында қол­ға алынып жат­қан ауқымды жұмыстармен таныстырды.  Өз кезе­гін­де ардагерлер Ел­ба­сына ұда­йы көрсетіп келе жатқан қамқор­лығы үшін алғыс айтты. Олар Қазақстанда салтанат құрған бейбітшілік, бірлік пен келісім үшін Мемлекет басшысының кө­ре­ген әрі сындарлы саясатын бір­­ауыз­дан қолдайтынын жеткізді.