• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2011

Бағдарлама бағыты белгіленді

315 рет
көрсетілді

Бұған дейін хабарлаға­нымыз­дай, өткен сейсенбі күні Премер-Министр Кәрім Мәсімовтің төр­ағалығымен өткен кезекті Үкі­мет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Қай­рат Келімбетов «Халықтық IPO» бағ­дарламасының жобасын таныс­ты­рып, оның негізгі мақсат­тары мен бағыттарына тоқталған-ды. Ұсынылып отырған «Халық­тық ІРО» бағдарламасының  жобасы мөлдірлік, ашықтық жә­не барлық қазақстандықтар үшін тең қолжетімділік қағидаттарын­да жүзеге асыруды көздейді, деді министр өз баяндамасында. Бағ­дарламаның негізгі мақсаттары Елбасының ағымдағы жылдың ақпанында өткен «Нұр Отан» ХДП-ның ХIII съезіндегі тапсыр­маларына сәйкес айқындалған. Қазақстандықтарға өздерінің ұзақ уақыт жинаған қорын инвес­ти­ция­лау арқылы ірі компа­ниялардың акцияларына иелік ету мүмкінді­гінің берілуі, екінші жағынан, елі­міздегі бағалы қа­ғаздар рыно­гының дамуына жағдайлар жа­самақ. Акциялар ба­ға­ларының ша­мадан тыс өз­гер­мелі бол­мау­ын немесе елеулі түрде түсіп кетпеуін ескере келгенде, бағ­дар­ламаға барынша тұрақты және әлем­дік шикізат бағасы конъюнк­турасына неғұрлым тәуелді емес компаниялар іріктеліп алын­бақ. Со­нымен қа­тар, кәсіпқой және ұзақ мерзімді инвесторлар ретінде зей­нетақы қор­ла­рын тарту акциялар баға­лары­ның өзгермелі­лігін төмендету тұр­ғысында ерек­­­ше рөл атқаратын болады. Алғашқы ІРО-ға инфра­құры­лымдары толық да­йын­дық­қа келтірілу арқылы «Қазақ­стан қор биржасы» АҚ, брокерлік компаниялар, трансфер-агенттер, «Ба­ға­лы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ және тіркеушілер құнды қағаздар рыногының негізгі қатысушылары болуы тиіс. «Халықтық IPO» бағдарлама­сының жүзеге асуы бірнеше жыл­дар сатылап жүргізіледі және көп­теген компаниялар жұмылды­рылады. «Халықтық IPO» бағ­дарламасы аясында акцияларды орналастырудың мақсатты индикативтік үлесі 5 пайыздан 15 пайызға дейінгі аралықты құраса, акциялардың нақты санын ком­паниялардың негізделген ұсы­нысы бойынша қордың директор­лары кеңесі анықтайды. Бағдарламаға қатысатын компаниялар кандидатураларын іріктеу 3 кезеңде атқарылады. Кан­дидат-компанияларды бағалау жүйе­сі объективті өлшемдерге негізделген. Халықты «Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асыру үдерісіне тартудың негізгі тетігі үміткер компаниялардың акция­ла­рын сатып алу және ұстау кезінде жеке инвесторлар үшін ын­таландыру мен көтермелеу жүйе­сін жасау болады деп болжанған. Әлемде кеңінен қолданылатын жекеленген сұранысты ынталан­ды­рудың барынша кең тараған әдістерінің бірі ретінде акция­ларды сатып алуды ынталандыру мен дисконт (жеңілдіктер) беру, сондай-ақ акцияларды инвесторлар тобының арасында қайта бө­лу және брокерлік қызмет көрсе­туге жеңілдік тарифтерін қол­дануға болады. Аталған бағдарламаны та­быс­ты іске асыру үшін бағалы қағаздар рыногының инфрақұ­рылымын қажетті ресурстармен қамтамасыз ету қажет болса, бұл клиент тапсырыстарын дәл және уақтылы орындауды қам­­тамасыз етпек. Атап айтқанда, орталық депозитарийлік қыз­мет­ті авто­маттандыру, бағдар­ла­ма­лық жү­йелердің сенімділігін жақ­сар­тудағы өзара іс-қимылды жолға қою бөлігінде жетілдіруді қажет етеді. «Самұрық-Қазына» АҚ шоттар ашу және орналастыру сә­тінде транзакциялар жүргізу жөніндегі жеңілдікті немесе тегін қызметтерді қамтамасыз ету үшін жеке тұлғаларға қызмет көрсету бойынша брокерлердің шығыстарын өтеу жөніндегі ша­раларды ұсынады деп жос­пар­ланған. Бұл бағдарлама қор рыногы қызметінің тетіктері мен акциялардағы, инвестициялау стра­тегияларындағы өзге де инвестиция берумен байла­нысты тәуекелдер туралы білімдерін арттыру, ақпараттандыру үшін халықтың ең көп санын қамтуды көздейді. Алғашқы кезектегі мін­дет халық тарапынан қор рыногындағы бағалы қағаз­дарға инвестициялау мәдение­тін арт­ты­руға мүмкіндік беретін білім беру науқанын жүргізу болып табылады. Қор компаниялары тобының акцияларын алға бастыру үшін БАҚ-та жарияланымдарды жә­не хабарлаудың өзге әдістерін жү­зеге асыру жолымен әлеуетті эмитенттер, халықтың бастапқы орналастыруға қатысу шарт­тары мен тәртібі туралы хабар­лауға бағытталған маркетингтік нау­қан жүргізілетін болады. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.