• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Медицина 15 Мамыр, 2017

Әйелдер зорлық-зомбылыққа неге жиі ұшырайды?

697 рет
көрсетілді

«Біз Қазақстан Үкіметін, азаматтық қоғамды және жеке секторды әйелдердің жетістіктерін қолдауға, әйелдердің құқығына қатысты мәселелерге көңіл бөліп, жұмыста гендерлік теңдікті сақтауға шақырамыз», делінген БҰҰ үндеуінде. Үндеу жолдаған БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура екен. Онда Қазақстан заңдарында «сексуалдық тиісу» түсінігіне толық анықтама берілгені айтылған, ал әйелдер қоғамдық орындарда осындай жағдайлардан қорғалмаған.

БҰҰ мәліметі бойынша, «қоғамдық орындарда әйел­дерге тиіскен жағдайға куә болғандардың 25 пайы­зы еш­қандай әрекет жасама­ған». БҰҰ ақпаратына қара­ған­да, Қазақстанда біраз әйел жұ­мыс­сыз көрінеді. Есесі­не денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қыз­мет көр­сету салаларында жалда­ма­лы жұмыстың 70 пайызын әйел­дер атқарады екен.  Осыған орай еліміздің Бас прокуратурасы мен Семей қаласының әкімдігі «Балаларды бірге қорғайық!» деп аталатын үш күндік акция өткізді. Семей Астанадан кейінгі осындай акция өт­кізілген екінші қала ре­тін­де тіркелді. Үш күн бо­йы қалада әйелдер мен бала­лардың құқығын қор­ғау үшін кеңейтілген шара­лар атқарылды. Бас про­кура­т­у­ра мен әкімдіктің баста­ма­сына қолдау көрсету үшін «НеМолчиKZ» қоғамдық қоры­ның төрайымы Дина Смайылова келді.  Осы күндері қала пр­кура­турасының қыз­меткер­лері қоғамдық ұйым­ның мүше­лерімен бірлесіп, кол­ледж студенттері мен және жоға­ры сынып оқушыларымен кез­десіп, әйел адамға, қыз бала­ға қол көтеруге болмай­тын­­дығын, оларға зорлық жасап, қоқан-лоқы көрсету дұ­рыс еместігін айтып түсіндірді.  – Соңғы жартыжылдықта мен барлық сала бойынша сексуалды зорлауға байла­ныс­ты қоғамның пікірін өз­гертуге тырыстым, − дейді пси­хологтармен кездесу бары­сында Дина Смайылова. Өйт­кені, менде көптеген мәліметтер бар. Маған зорланғандар хат жазды. Хат жазушылардың 70 пайызы кішкентай қыздар мен ұлдар болып шыққаны қан­дай өкінішті?! Олар, ең ал­дымен, өз отбасында қор­ланады. Балаларды өгей әке­­лері, ағалары, туыстары зор­лаған. Және баласының зор­лан­ғанын білсе де, аналары қор­ғау­дың орнына, менің балам бұзылып кетті деп, олар­дан сырт айналған сәттер де болған. Бұл жерде бала кінәлі емес!  Семей әкімдігінде өткен шарада Алматы облысының Есік қаласында зорланған қыз бала келіп қатысып, өз жағ­дайын мінберге шығып, ашық баяндады. Жақында зор­лық көрсеткен 4 жігітке 8 жыл­дан 10 жылға дейін бас бос­тандықтарынан айыру ту­ралы үкім шығыпты. Апел­ля­циялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырған. Жиын барысында осы үкімнің орындалуы жайлы бейнебаян да көрсетілді. Он­да баяндалғандай, жігіттер тіпті, өз­дерінің сотталатындарына, өз істеріне жауап беретіндіктеріне еш сенбеген.  – Бұл бүкіл Қазақстан үшін жеңіс болды, − дейді Дина Смайылова. Зорланған әйелдердің тек 8-10 пайызы ғана полицияға шағымдануға тырысады екен. Қалғандары ұялып, бұл мәселені көтергісі келмейтін көрінеді. Ұялудың қажеті жоқ. Тіпті, полиция­ға шағымданған соң, оларға кінәлі тарап қоқан-лоқы жасап, сотқа жеткізбей арыздарын қай­тартуға тырысады. Ал қыл­мыскерді жауапқа тартып, соңғы нүктесін қойғызу үшін батылдық пен ержүректік керек. Өкінішке қарай, қылмыс жасағандардың 70 пайызы жауапкершіліктен құтылып, тағы да біреулерге тиісудің амалын қарастырады, лас істерін әрі қарай жалғастыруға ұмтылады.  Мінберге шыққан тағы бір қыз бала өзін такси жүр­гізу­шісінің қалай зорла­ғаны туралы айтып өтті. Ол үйіне қайту үшін кешке жақын такси тоқ­­татады. Бірақ зорлыққа ұшы­­райды. Қарсыласайын десе, такси жүргізушісі «бір­жо­ла өлтіремін» деп қорқы­тыпты.  Шараға қатысушы Семей қаласының прокуроры Марат Тұрұбаев былтыр Семейде орын алған келеңсіз оқиға туралы айтты. Оның сөзіне қара­ғанда, жетім балалар интер­натын­да тәрбиеленіп жат­қан ұл бала зорланған. Ұзақ уақытқа дейін бұл жағ­дайды жасырып келгендіктен, қыл­мысты әшке­релеу оңайға соқ­пап­ты. Тіпті, қылмыскер арам ойын бірнеше рет жүзеге асырған. – Мен осы қиын шаруа­ны түбегейлі қарап, зерт­теп шықтым, − дейді про­курор. Балалар үйі мен интер­н­ат­тағы жағдайлар да психо­лог­­тардың назарында болуы тиіс. Өйткені, балалар үйде емес, мекемеде тұрып жатқан­дық­­тан, ешкімге сеніп айта ал­майды. Сондықтан да, біз осы проблемаға қоғамның на­за­рын аударып, осындай жаман әрекеттерден аулақ болу­­­ға шақыруымыз керек.  Қала әкімі Ермак Сәлімов осындай шаралар мен жиын­дарды жиі өткізу қажеттігін көлденең тартты. Және Қазақ­стан қоғамында болып жатқан оқиғалар бүкпесіз, ашық айтылуы тиіс екенін атап көрсетті.  – Біз бүгін сексуалды құр­­бандар туралы айттық,− деді қала әкімі. Бірақ үйде әйел­дерін ұратын еркектер қан­шама?! Оларға да көмек қолын созуымыз керек. Мен бола­шақта Семейдегі жәбір көру­шілерге­ арналған дағ­дарыс орта­лығын ашу­ға қаражат таба­мыз деп ой­лай­­мын. Онда дәрігерлер, мұғалім­дер, әлеу­меттік қызметкерлер, пси­хо­лог­­тар толық жұмыс кестесімен жұ­мыс істейтін болуы керек. От­басында қор­лық көрген балалар мен әйел­дерді қорғау біздің парызымыз. 

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

СЕМЕЙ