• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2017

Үрей ұшыратын үйлер Жезқазғанда жетіп жатыр

240 рет
көрсетілді

Статистикаға сүйенсек, Тауық жылының табалдырығын аттағанда Жезқазған қаласының тұрғын үй қорында 649 баспана немесе 22 428 пәтер болды. Ұзын-ырғасы 323 отбасы тұратын 29 көп пәтерлі тұрғын үй апатты жағдайда, таза жарамсызы − 17. Қазір қалада 2013 адам үй кезегінде тұр, осының 173-і апатты үйден.

«Жекеге» жеңілдік жоқ

«Тұрғын үйге топалаң тигелі қашан?! Алдымен алтыншы кіреберіске алаңдадық, үйдің бүйірінен дүкен мен дәріхана иесі қосымша құрылыс жүргізгелі үрей сейілді. Қазір бірінші кіреберіс қинап тұр. Қабырға қиылысқан тұс жарылғанда, әкімдікке арыздандық. Бірақ, берген уәде болмаса, қайыр шамалы. Өзіміз қалтадан қаражат шығарып, уақытша қауіпсіздікті қамтамасыз еттік». Бұл − Алашахан даңғылындағы №33 үйде тұратындардың айтқаны. «Баспана 1966 жылы пайдалануға берілген. 2000 жылдан бері біздің баланста.  Кезінде жан-жақты тексеріліп, жарылған жері бітелген. 2012-2014 жылдары ешқандай оғаш өзгеріс байқалмады. 2015 жылы тамызда тағы сызат түсті. Былтыр үш рет жалпы жиналысын өткіздік. Бірінші кіреберістегі апаттан арылудың жай-жапсары талқыланды. Одан әрі бүлінуді тоқтату үшін панельді нығайтуға бағытталған жөндеу жүргізілді»,  деді «Босаға» жекеменшік пәтер иелері кооперативінің басшысы Сәрсенкүл Игем­бер­лина. Әрине, жайсыз жағдайдан жергілікті билік жан-жақты хабардар.  «Мен тұрғындармен бірнеше рет кездестім. Үй жекеменшік пәтер иелері кооперативіне қарайды. «Жекеменшікке» же­ңіл­дік қарастырылмаған. Сондықтан, қа­жет­ті қаражатты тұрғындар өздері жинауы немесе жаңғырту бағдарламасына қа­тысуы керек. Басқа баспана тауып беру­ге мүмкіндік жоқ. Жезқазғанда жағдайы келіспеген үй жалғыз ол емес». Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Орынбаев осылай деді.

«Коммуналдықты» қайтеді?

Өткен ғасырдың ортасында салынған үйден үміт шамалы. «Одан да оны сүріп тастап, орнына жаңадан тұрғызған әл­де­қай­да тиімді», дейді құрылысқа кө­зі­қа­рақтылар. Өкініштісі, жаңасы да жетісіп жатқан жоқ.  Металлургтер қаласындағы Сәтбаев даңғылының бойында 2008 жылы пай­да­лануға берілген көп қабатты тұрғын үй бар. Соның тоғыз жылға жетпей-ақ тоз-тозы шықты. №89 «а» үй екі жылдан ке- й­ін «апатты» тізіміне ілікті. Кейінгі жеті жылда тұрғындардың көргенін ешкімнің басына бермесін. Бес қабатты жаңа үйдің жертөлесі бассейнге бергісіз. Көлкіген су белден келеді. Оның соңғы рет қашан құрғатылғаны ешкімнің есінде жоқ. Өйткені, жертөленің торлы есігіне жақындап, босағадан құлақ салсаң, судың сылдыры естіледі.  Демек, үйдің құбырынан кетіп жатыр. Олай болмаса, тұрғын үй тұрғызылған жер­­дің астындағы басқа құбырдан ат­қы­лауда. Немесе, тастақты тұстан те­сіп шық­қан бұлақтың көзі де болуы мүм­кін. Әйтеуір, тұрғындардың айтуына қа­рағанда, жасалған сараптама ауыз су екенін көрсетіпті. Әкімдікте бұл үйде тұратындарды жақ­­сы таниды. Олар өтінуден, арызд­а­ну­дан, жазудан жалыққан емес. Та­бал­ды­рық­ты тоздырған тұрғындар «Жер­гілікті би­лік бірдеңе істеуге мін­дет­­ті!» – дейді бірауыздан. Өйткені, ол – әкімдіктің ком­му­налдық меншігі. Қол­жетімді баспана бағдарламасымен са­лынған. Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лығы бөлімінің мәліметінше, биыл апат­ты үйлерге бюджеттен қаражат қ­а­рас­ты­рыл­ма­ған. Көшіруге де, өте­ма­қы төлеуге де. Тек коммуналдық мен­шіктегі үйлердің ақ­ауын анықтау ғана жоспарланған. «Апат айтып келмейді», алайда «күн күркіремей» қозғалмайтын болдық қой?!

Әлібек ӘБДІРАШ

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы