• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Тамыз, 2011

Ата Заң және жиырма жылдық даму жолы

438 рет
көрсетілді

Кеше елордада «Мемлекет және тұлға: Қазақстанның 20 жыл­дық даму жолы» атты ха­лық­аралық ғылыми-практи­ка­лық конференция болды. Атал­ған Тамыз оқуларының бір ерек­шелігі, ол еліміз Тәуел­сіз­дігінің 20 жылдығын және Кон­ституция күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар аясын­да өтті. Оны Конс­титуциялық Кеңес, Әділет министрлігі, Адам құқықтары жө­ніндегі уә­кіл Еуропа Кеңе­сі­нің Құқық арқылы демократия үшін еу­ро­палық комиссиясымен (Вене­ция­лық комиссиямен) және БҰҰ-ның Адам құқықтары жө­нін­дегі Орталық Азиядағы Жо­ға­рғы ко­миссары басқар­ма­сы­ның өңірлік бөлімшесімен бірлесе отырып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­вер­сиетінің қатысуы­мен ұйымдастырды. Конференция жұмысына Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев, Қазақстан Республи­касын­дағы Еу­ро­палық Одақ өкілді­лі­гі­нің бас­шы­сы Норбер Жустен, Астана қала­сын­дағы ЕҚЫҰ орта­лы­ғының бас­шысы Александр Кельчевский, Пар­ламент Сенаты­ның Төрағасы Қайрат Мәми, Әділет министрі Рашид Түсіп­беков, Жо­ғарғы Сот Төрағасы Бектас Бекназаров қаты­сып, құт­тықтау сөз сөйледі. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қа­­­зақстан өзінің Тәуелсіздігін жа­­­риялады, ол «Қазақстан Рес­пуб­ликасының мемлекеттік тәу­­ел­сіздігі туралы» Конс­ти­ту­ция­лық заңымен бекіді. Мұ­ның ал­дында осы жылдың 1 жел­­тоқ­санында қазақстандық­тар Нұр­сұлтан На­зарбаевты өз­де­рінің Тұңғыш Президенті етіп сай­лап, ерекше қа­лау­ларын жасады. Қазақ­стан­дық­тардың осы тарихи таң­дауы ел­дің келешек даму­ын, гүлденуін айқындап берді. Осыған орай Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тәу­ел­сіздігінің жи­ыр­ма жылдығы қарсаңында елдің бүгінгі жетістіктеріне, ең алдымен, Елба­сының ерен ең­бегі мен 1995 жылы қабыл­дан­ған Консти­ту­цияның арқа­сын­да қол жеткенін атап өту қажет деді сөз сөйлегендер. Өйткені, елі­міз­дің жаңа Конституциясы Мемлекет басшысы – Көш­бас­шы­мыз Нұрсұлтан Назар­баев­тың тікелей жетекшілік етуі­мен дайындалып, оның ұсы­нысымен қабылданды деп толық айтуға негіз бар. Соған орай бүгінгі халықаралық ғы­лы­ми-тәжірибелік конферен­ция­ның тақырыбы еліміздегі ай­рықша орын алатын тәуел­сіздіктің 20 жылдығы және алдымызда келе жатқан Ата Заңымыз – Конституцияның 16 жылдығымен тығыз бай­ла­нысты дейміз. Тәуелсіздік жылдарындағы даму көрсеткіштері Ата Заңымыздың пәр­мен­­ділігі мен тиімділігін барынша ай­ғақ­тап отыр. 1995 жылғы қабылданған Конституция еліміздегі бірлік пен тұрақтылықты сақтауға және елдің әл-ауқатын одан әрі күшейтуге зор үлес қосып келеді. Елді демократиялық және шын мәніндегі құқықтық мемлекет ретінде одан әрі нығайту жолында Конституцияның нормативтік әлеуеті әлі де жоғары тұр. Ата Заң – демократиялық дамудың негізі. Ол тәуелсіздігімізді баянды етті. Ата Заңымыздың арқасында тәуел­сіз Қазақстанды әлемге паш еттік. Конституцияның авторы – Қазақстан халқы, ал Республика Президенті Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев – дем берушісі. Демек, Мемлекет басшысы айт­қандай, «Біздің Ата Заңымыз – Қазақстан халқының саналы түрде таңдауының жемісі. Ата Заңмен өмір сүру білімі мен тәжірибесін өмір бойы үйренетін демократияның жоға­ры мектебі» болып қала бермек. Елба­сы­ның осы сөздерін еліміздің әрбір азаматы өзінің бойтұмары етіп алғаны жан жадыратады. Өйткені, Ата Заң – мемлекеттіліктің арқауы. Ал Консти­ту­цияны қастерлеу – мемлекетті құр­мет­теу деген сөз. Айбынымыз да, ай­ды­нымыз да – Ата Заң. Ендеше, Конституция – жарқын келешек кепілі. Сондықтан оны дәріптеу барша­мыз­дың борышымыз болып табылады. Қазіргі қол жеткен жетістіктеріміз елімізде тұрып жатқан барша халықтың татулығы, бірлігі, ынтымағы жарасқан салтанатты өмірінің 20 жылдық жар­қын көрінісін білдіреді. Әлемдік сая­сат­тағы, экономика, мәдениет, құры­лыс, білім және т.б.салалардағы алған асуларымыз 20 жылда жүрген сара жо­лымыздың дұрыстығын айғақтайды. Мұның бәрі Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында, еліміздегі бірлік, келісім, татулық ая­сын­дағы ата-бабаларымыз аңсаған ар­ман­дарға қол жеткізгеніміз болып та­бы­лады. Қазақстан мемлекетінің адамды және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат қазынасы деп тануы мемлекеттің адамға үнемі қамқорлық көрсетіп, адам жақсы өмір сүруі үшін оған қажетті барлық жағ­дай­ды жасайтынын, оның ден­сау­лығын сақтау үшін шаралар қабыл­дайтынын, мемлекет адамның өмірін қолсұғушылықтан қорғайтынын білдіреді. Елімізде Парламенттен бастап, жергілікті өкілді органдарға және өзге де өзін-өзі басқару органдарына дейінгі мемлекеттік органдардың қалып­та­суы мен қызметінің демократиялық негіздері кеңейтілген. Мемлекет пен қоғам институттарының ынтымақтас­тығы үшін шектеулер алынды, саяси партиялар мен қозғалыстардың дамуы үшін құқықтық жағдайлар жасалды. Құқықтық мемлекеттің ұстанымдарын одан әрі қарай дамыту үшін оның бар күш-жігері адамның конституциялық құқығы мен бостандығын жүзеге асы­рудың барынша мүмкіндігіне кепілдік беруге, барлық мемлекеттік орган­дар­дың, лауазымды тұлғалардың, азаматтар мен тұлғалардың конституциялық міндеттерін толық орындауға бағыт­тал­ған. Қазақстанда зайырлы мемлекеттегі секілді конфессияаралық тату­лық пен келісім бекітілген, атеистік көзқарасты азаматтардың құқығы, діндар азаматтардың құқығымен бірдей сақ­талады. Сөйлеушілер Құқықтық сая­сат тұжырымдамасында әлеуметтік мемлекет құрудың негізін қалаушы ұстанымдары мен әлеуметтік құқық­тары Конституцияда бекітілгенін атап көрсетті. Осыған байланысты сөз ал­ған­дар қазақстандық құқықтың негізгі міндеттерінің бірі «қазіргі заманғы әлеу­меттік саясатты жүзеге асыру және әлеуметтік құқықтық қамтамасыз етудің пәрменді тетіктерін қалып­тастыру» болып табылады, деді. Тәуелсіз мемлекеттілік құру ісі аяқ­талып, тиімді нарықтық экономиканың іргетасы қаланды, адамның және аза­мат­тың құқықтары мен бостандық­та­рын қорғау қамтамасыз етілуде. Басты байлығымыз – бейбітшілік пен келісім мызғымастай берік сақталуда. Қазақ­стан қоғамы өзі таңдаған жолмен жан-жақты әрі тұрақты дамып келеді. Еліміз өткен кезеңінде халықаралық қо­ғам­дастықтағы рөлі нығайып қана қой­май, үлкен беделге де ие болды. Конституция елдегі қоғамдық қаты­нас­тарды құрудағы, адам мен азамат­тың құқықтарын, бостандығын сақтау­дағы, елдегі тұрақтылықты қамтама­сыз етудегі негізгі құжат болып табы­лады. Оның мызғымастығын қамтама­сыз ету үшін Президентке ғана Конс­ти­туцияға өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу жөніндегі конституция­лық бастама жасау құқығы берілген. Ел Үкіметі мен Парламенті Президентке Конституцияға түзетулер енгізуді ұсынуға ғана құқылы, бірақ бұл мәселеде түпкілікті шешімді Мемлекет басшысының өзі ғана қабылдайды. Конференция барысында Қазақ­стан­­ның тәуелсіздік жылдарындағы конс­титуциялық дамуы жан-жақты талқыланып, республиканың Негізгі Заңының ережелері мен нормаларын ұлттық заңнамада жүзеге асырудың жолдарын іздестіру, оны қолдану прак­тикасы, азаматтық құқықты нығайту туралы сындарлы пікір алмасылды. Сондай-ақ адам құқықтары мен бос­тан­дықтарын қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру жолдары қарасты­рыл­ды. Конституцияда баянды етілген іргелі құндылықтарды жүзеге асыру жолы тиімді сот жүйесін құру бары­сында да айқын көрінеді. «Судья сот төрелігін іске асыру кезінде Конституция мен заңға ғана бағынады» деген конституциялық тұжырым сот ісін жүргізуде заңдылық қағидатын іске асы­ру қажеттілігін білдіреді. Бір жағы­нан сот төрелігі органдарының қыз­ме­ті Конституция мен заңдардың қолда­нылып жүрген нормалар шеңберінде қарастырылған, екінші жағынан – су­дь­я­ларға құқық қолдану үдерісінде конс­титуциялық нормалар мен заң нормаларының басым мәні бар нормативтік құқықтық актілердің қолда­ны­ла­тын сатысын сақтау міндеті белгіленген. Конференцияға қатысушылар қа­зір­гі Қазақстан қоғамы Негізгі Заңға сәйкес, адам құқықтары мен бос­тан­дықтары қорғалатын демократиялық құндылықтарға сүйеніп дамып келе жатқанын бірауыздан атап өтті. Қа­зақстан Конституциясында бұл күр­де­лі де маңызды міндетті шешудің кепілді жүйесі құрылып, адамдардың әлеу­меттік қажеттілігіне бағытталған сая­си-құқықтық негіз қаланды. Біртұтас мемлекеттік билік тармақтары қызмет атқарып отыр. Республика Президенті халық пен мемлекеттік билік біртұ­тас­тығының, Конституцияның, адамның және азаматтың құқықтары мен бос­тан­дықтары мызғымастығының ны­ша­ны әрі кепілі болып табылады. Қа­зақ­стан мемлекет пен тұлғаның ынты­мақ­тастығын құру жолында жиырма жыл ішінде айтарлықтай тәжірибе жинап, оған халықаралық ұйымдар жоғары баға беруде. Бiздiң Конституциямыздың әлемде демократиялық қоғамның негiзгi мiн­дет­терiне сәйкес келетiнi танылып отыр. Егер атына сын айтылып жүрсе, оның ережелерiнiң орындалуына ғана қатысты болғаны. Әлемде демократия мен заңды сақтау ажырағысыз болып танылады. Өйткені, тәуелсіздік жыл­да­рында елімізде азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау кепілін ны­ғайту үшін көп жұмыс жасалды және оның негізгі міндеттері қолданыстағы Конституцияның қарымын ашатын елі­міздің 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында белгіленген. Конференцияға қатысушылар Қа­зақ­стандағы жүргізілген және жүргізі­ліп келе жатқан реформалар мемлекет пен қоғам институттарын әрі қарай демократияландыруға бағытталып келе жатқанына назар аударды. Өз кезегінде, қабылданып жатқан заңдар мемлекеттік құрылым мен азаматтық қ­оғам институттарын адам және аза­мат­тардың конституциялық құқық­тары мен бостандықтарының сақталу кепілін нығайтуға бағыттайды. Сөйтіп, 1995 жылы қабылданған Конституция еліміздің құқықтық жүйесіне тікелей әсер ете отырып, адам және азамат­тардың құқықтары мен бостан­дық­тары жүйесінің сенімді және біртұтас негізін, мемлекет пен тұлғаның үйл­е­сімді әрекетін құрайды. Осы конфе­рен­цияның қорытындысы бойынша алдағы уақытта кітапша шығару қолға алынбақ. Александр ТАСБОЛАТОВ, Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.