• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
30 Тамыз, 2011

Елдіктің өлшемі

402 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Конс­титуциясын қабылдау үшін бас­тамашы болған және оның бар­лық дайындық жұмыстарының ұй­ым­дастырушысы, сондай-ақ негізгі заңымыздың әлемдік стандарт­тар­ға сай болып шығуына Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың сіңірген ең­бегін халқымыз жоғары бағалайды. Еуразия құрлығын мекен еткен туған Отанымыз – Қазақстанның 1995 жылы 30 тамызда өткен рес­публикалық референдумда қабыл­дан­ған Конституциясы еліміздің бар­лық саяси-экономикалық, әлеу­мет­тік-құқықтық негіздерін жан-жақты айқындап берді. Ата Заңға сәйкес Қазақ елі өзiн әлемге демо­кратиялық, зайырлы, құқықтық жә­не әлеуметтік мемлекет деп таныт­ты. Және де осы жолда мемлекеттігін қалыптастырды. Конституцияның 98-бабында мем­­лекеттік құрылымның жүйесі, билік тармақтары, азаматтары­мыз­дың барлық құқықтары да толық жазылған, мүддесі де қорғалған. Қазақстанда азаматтарымыз­дың саналы білім алуына, сапалы өмір сүруіне, ұрпағына үлгі-өнеге қал­ды­руы­на барлық жағдай жасалған. Ол үшін Ата Заңымыздың адам құ­қық­тарына қатысты бірқатар бап­тарына көз жүгіртсек те, көп жәйт­ке қаныға түсеміз. Әр адамның бейбіт те бақытты өмір сүруі үшін мемлекеттегі бар­лық азаматтың құқығы қорғалуы ай­рықша маңызды. Конституция­ның 12-бабының 5-тармағында адам­ның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асы­­руы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конс­ти­ту­циялық құрылыс пен қо­ғам­дық имандылыққа нұқсан кел­тiр­меуге тиiс екені айқын көрсетілген. Ал 14-бапта заң мен сот алд­ын­да азаматтардың бәрi тең екендігі, те­гiне, әлеуметтiк, лауазымдық жә­не мүлiктiк жағдайына, жынысына, нә­сiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көз­қа­ра­сына, нанымына, тұрғылықты же­рiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша еш­кiм­дi ешқандай кемсiтуге болмай­тыны жазылған. Әркiм қай ұлтқа, қай партияға жә­не қай дiнге жататынын өзi ан­ық­тауға және оны көрсету-көр­сет­пеуге хақылы екені 19-бапқа арқау болған. Осы баптың 2-тармағында әркiмнiң ана тiлi мен төл мәде­ниетiн пай­да­ла­нуға, қарым-қаты­нас, тәрбие, оқу және шығарма­шы­лық тiлiн еркiн таңдауына құқығы бар екені де жа­зулы тұр. 20-бапқа назар аударсақ, біздің елде сөз бен шығармашылық еркiндiгiне ке­пiл­дiк берiлетіні атап көрсетілген. Мемлекетімізде әрбір азамат­тың құқығы, адами қасиеттері жо­ғары бағаланады. Сонымен қатар, неке мен отбасы, ана мен әке және бала мем­ле­кеттiң қорғауында бола­ды (27-бап). Қазақстан өз азаматтарын елімізде де, шетелде де қорғаумен бірге оларға Отан алдындағы абы­рой­лы міндеттерді де жүктейді. Атап айт­қанда, Ата Заңның 34-бабының 1-ші және 2-ші тармақтарында бар­лық азамат Қазақстан Республика­сы­ның Конституциясын және заң­да­рын сақтауға, басқа адамдардың құ­қықтарын, бостандықтарын, абы­ро­йы мен қадiр-қасиетiн құрмет­теуге, Республиканың мемлекеттiк рәміз­дерін құрметтеуге мiндеттi екені нақты жазылған. Сондай-ақ, 36-бапта Қазақстан Республикасын қорғау – әрбiр азаматтың қасиеттi парызы және мiндетi екені белгіленген. Со­нымен қатар, 37-38-бап­тарға сәйкес Қазақстан Респуб­ли­ка­сының азамат­та­ры тарихи және мә­дени мұра­лар­дың сақталуына қам­қорлық жасауға, тарих пен мә­де­ни­ет ескерткiштерiн қорғауға, та­би­ғат­ты сақтауға және табиғат бай­лық­тарына ұқыпты қа­рауға мiндеттi. Конституцияның 49-бабында Пар­­ламент – Қазақстан Республи­ка­сы­ның заң шығару қызметiн жү­зеге асыратын республиканың ең жоғары өкiлдi органы екені және оның ұй­ымдастырылуы мен қыз­ме­тi, депу­тат­тардың құқықтары ай­қындалған. 50-бапта Парламент тұ­рақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: Сенаттан және Мәжi­лiстен тұратыны, 51-бапта осы па­ла­таның тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жа­сырын дауыс беру ар­қылы жү­зеге асырылатыны, Мәжі­ліс­тің тоғыз депутатын Қазақстан хал­қы Ассам­блеясы сайлайтыны жазылған. Соңғы енгізілген толықтыру­лар­дың нәтижесінде Парламентке көп­теген өкілеттіктер берілді. Оның ішінде маңызды заңдарды қабылдау, мемлекеттік бюджетті бекіту, Үкі­мет бағдарламасын ма­құл­дау немесе қабылдамай тастау, Үкіметтің осы бағдарлама бойын­ша Парламентке есептілігі, Премьер-Министрді та­ғай­ындауға келісім беру, сенімсіздік білдіру деген секілді жаңа мүм­кін­діктер пар­ламентшілердің қызме­ті­не де үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Конституция Қазақстанда жүр­гі­зілген экономикалық реформа­лар­дың заңдық негізін қалады. Ата Заң арқауынан туындайтын на­рық­тық қатынас талаптарына сай келетін заңдар қабылданды. Негізгі Заң­нын қабылдануына орай аза­мат­тардың өз мүмкіндіктерін іске асыруы үшін сапалық жаңа құ­қық­тық кеңістік қалыптасты, қоғамды одан әрі демо­кратияландыру ісі жү­зеге асты. Қазақстан Республикасының Пре­­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев Ата Заңымыздың әлеуеті мен ма­ңыз­дылығы туралы айтқанда, сө­зін: «Біз­дің еліміздің болмыс-біті­мін бейнелейтін саяси тұрақтылық, ұлт­аралық және азаматтық келісім кө­кейімізге Конституция рухының шын­дыққа айналатынына деген нық сенім ұялатады. Еліміздің негізгі за­ңы біз үшін алдағы уақытта да өзі­міз­дің биік мақсатымыз – мемле­кет­тердің әлемдік қоғамдас­тығына енген, азаматтарымыздың дәулетті, лай­ықты өмір сүруіне барлық жағ­дай жасалған тәуелсіз экономи­ка­лық өркенді мемлекет құру жолын­дағы ілгері басуы­мыз­ды реттейтін негіз қалаушы басты құжат болып қала береді» деген серпінді ойлармен тәмамдады. Қазақстан Республикасы Пре­зи­­дентінің 1995 жылғы № 2454 «Қа­­зақстан Республикасының Конс­ти­ту­циясы туралы» Жарлығына сәй­кес Конституция мәтінінің түп­нұс­қасы Президентте сақталады. Ата Заңның мүмкіндіктері әлі де мол. Қазақстанның болашағы білімді жастармен нығаяды. Ха­лық­тың да мәдени өркендеу жо­лын­да өз құқық­тарын жетік білгені абзал. Осы орайда Конститу­ция­ның негізгі бағыт­та­рын республика тұрғында­ры­ның ан­ық білгені дұ­рыс деп есептеймін. Ол үшін қо­ғамдық орталарда лекторлар лекциялар оқып, ағар­ту­шылық насихат жұмыстары жүр­гі­зілсе, ол да бір игілікті іс бола­тыны сөзсіз. Қыркүйек айының бастапқы ап­та­сында мектептерде ашық сабақ­тар мен сынып сағаттары өткізіл­гені жөн. Мұндай шараларды оқу­шы­лар­ға тартымдылығын арттыру үшін сұ­рақ-жауап түрінде және тест бой­ынша жүргізуге болады. Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Қазақ елінің шаңырағы астында өмір сү­ріп жатқан ұлттардың мүддесі мен құ­қығын қорғау мәселесі Конс­ти­ту­ция­мызда жан-жақты көрініс тап­қан. Елдің бірқалыпты дамып, аза­маттарының бейбіт, алаңсыз өмір сүруі үшін тұрақтылықтың ма­ңызы зор. Осы мәселені кө­ке­йіне түйген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылы 1 наурызда Қа­зақстан халқы Ассам­блеясын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Ата Заңмен қатар дү­ниеге келген ұйым­ның мәртебесі де жыл санап арта түсуде. «Қазақ­стан халқы Ассамб­леясы туралы» арнайы заң қабыл­данғанының өзі маңызды тірек деп айтар едім. Қазақстан халқы Ассамблеясы – республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынты­мақты қамтамасыз ететін іс-тәжі­рибелік ұсыныстарды ойлас­ты­ру, Президенттің республика аза­мат­та­рының құқықтары мен бос­тандық­тарын қорғау кепілі ретіндегі қыз­метіне атсалысу мақ­са­тында құрыл­ған келелі кеңесу ұйымы. Ассамблеяның мақсаты – ұлт­тық мәселенi әдiлеттi шешудiң не­гiзi ретiнде қоғамдық тұрақтылық­ты ны­ғайту, мемлекеттiк тiл мен қазақ халқы мәдениетiнiң өзектi топтас­тырушы рөлiн арқау ете отырып, Қазақстан этностарын қа­зақстандық патриотизм, азаматтық және руха­ни-мәдени тұтастық не­гiзiнде шо­ғырландыру жолымен қазақстандық сәйкестiктi қалып­тас­тыру, азамат­тар­дың өркениеттi әрi демокра­тия­лық нормаларға сү­йенетiн саяси мәдениетiн қалып­тастыру, Қазақ­стан Республика­сы­ның беделiн тү­сi­руi ықтимал іс-әрекеттердiң, сөз сөй­леу мен пiкiр айтудың алдын алу және бол­дыр­мау, этносаралық қаты­нас­тарды үй­лестірудi қамтамасыз ету, түрлi этностар өкiлдерi ара­сын­дағы қа­рым-қатынастарда төзушілік пен сенiмдi нығайту. Осы тұста айта кетейін, 2009 жы­лы 26 қазан күні Астанада өт­кен Қа­зақстан халқы Ассамблея­сы­ның ХV сессиясында ел Президенті, Қа­зақ­стан халқы Ассамблея­сы­ның Төр­аға­сы Нұрсұлтан Назарбаев осы ұйы­м­ның қызметі мен алдағы міндеттері туралы келелі ойларын ортаға салды. Ассамблея құрылған күнінен бас­тап 16 жыл ішінде үлкен жолдан өтті, ұлттарды біріктіріп, бір­тұ­тас хал­ыққа айналдыра білген тә­жі­ри­белі де мәртебелі ұйымға айналды. Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының тәжіри­бесіне көп­те­ген шетел айрықша назар аударып отыр. Елбасымыз өз сөзінде Ассам­блея­ның тәжірибесін АҚШ, Қытай, Ресей, Франция, Ұлыбритания және басқа елдер де зерттеп жатқанын тілге тиек етті. Президентіміз: «Қа­зақстан халқы Ассамблеясы – таза қазақстандық саяси жаңашыл­дық­тың нәтижесін­де қалыптасқан өзін­дік те бірегей институт. Ол этно­с­ара­лық және конфессияаралық келі­сімнің басты тетігі ретінде ел та­рихында ма­ңызды рөл атқарды және атқарып келеді», – деді. Мемлекет басшысы ҚХА өз қызметі аясын кеңейтіп, жаһандық экономиканың ықпалынан шығу кезінде бірегей ұсыныстар айта білуі қажет екенін атады. Елбасының пікіріне сүйенсек, тұтастай Қазақ­стан халқы Ассамблеясы жаңа идеялар туындатушы және сонымен бір уа­қыт­та, мемлекеттің ұлттық бірлік сая­сатының сенімді тірегі болуға тиіс. «Ассамблея – еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңы­ра­ғы», – деп атап көрсетті Н.Назарбаев. Әлемнің көптеген елдерінде ұлт­аралық, дінаралық араздықтар белең алып жатқаны, соның сал­дарынан қақтығыстар орын алып отырғаны жасырын емес. Қандай қиындықтан да тек халықтың бірлігі мен ын­ты­мағы алып шы­ға­ты­нын тілі бөлек болса да, тілегі бір біртұтас Қазақ­стан халқы жақсы біледі. Бізде ортақ құндылықтар көп. Соның бірі – мемлекеттік тіл. Көп­ұлтты мемлекетіміздің диас­по­ра­ла­ры­ның өкілдері басқосқан ҚХА-ның ХV сессиясында Елба­сы Н.На­зарбаев: «Осы заманғы әлемде ұлттық бірлік ортақ мемлекетті бір­лесіп құру, толе­рант­тылық, аза­мат­тық және осы елдің мемлекеттік тілін міндетті түрде білу секілді шарттармен анықта­ла­ды. Біз осы жолмен жүруге тиіспіз!», – деді. Президент тарапынан Ассамблея алдына қойған міндеттердің ішінде енді ҚХА ел халқының мемлекеттік тілді меңгеруінің жал­пыұлттық үде­рісіне басшылық жасауы керек екені, ол үшін ешкімге қысым жасамай және ешкімді төмендетпей, қа­жетті шаралар кешенін жүйелі де табанды жүзеге асыру қажеттігі айтылды. Мемлекеттік тілді үйрету орта­лық­та­рының желілерін кеңей­тіп, олар­ды әрбір қалада және аудан орта­лығында, жоғары оқу орын­дары мен өзге де мекемелерде құру керек екені ескертілді. Елбасы: «Дәуір алмасып, заман өзгерді. Қазір байырғы қазақ жерінде жаңа азаматтық қоғам қалып­та­суда. ХХІ ғасырда қазақтар мем­ле­ке­т ­құ­раушы ұлт ретінде жаңа белеске көтеріліп, Қазақстан хал­қы­ның берік өзегіне, сенімді діңге­гіне айналуда», – дей келіп, қазақ халқы өзіне жүк­телген аса ма­ңыз­ды жауапкершілікті сезіне отырып, бұл тарихи миссияны абыроймен атқарып шығатынына сенімді екенін жария етті. Людмила ХОЧИЕВА, Парламент Мәжілісінің депутаты.