• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
31 Тамыз, 2011

«Арыстан» – кубок жеңімпазы

446 рет
көрсетілді

2011 жылғы 27 тамызда Астана қа­ла­сындағы «Қазақстан» спорт са­ра­йында шай­балы хоккейден ерлер ко­­ман­далары ара­сында Қазақстан Рес­пуб­ликасы Кубо­гы­ның ақтық мач­ты өт­ті. Бірінші ор­ын­ға «Са­рыарқа» (Қа­ра­ғанды қаласы) және «Арыс­тан» (Теміртау қаласы) хоккей команда­лары таласты. Матч аяқталған соң кубок ойы­нының салтанатты жабылу рәсімі өткі­зілді, оның қорытындысы бойынша жеңім­паздар, сондай-ақ хоккей клубта­рының ең үздік ойыншылары марапат­талды. Марапаттау рәсіміне «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин және шайбалы хоккейден Қазақстан федерациясының президенті Асқар Мамин қатысты. «Нұр Отан» халықтық-демо­кратиялық пар­тия­сының арнайы жүлдесі турнирдің ең үздік ойыншы­ларына табыс етілді. Кубокты финалдық кездесуде «Сары­ар­қаны» ұтқан «Арыс­тан» хоккей клубы жеңіп алды. Кубокты өткізудің негізгі мақсат­тары – Қазақстанда хоккейді одан әрі дамыту, халықаралық жарыстарда және турнирлерде отандық клубтарды және құрама командаларды ойдағыдай ойын көрсе­туге дайындау, сондай-ақ хоккей жан­күйер­лерінің бос уақытын ұйымдас­тыру мен халық арасында, әсіресе, балалар, жас­өспірімдер және жастар ара­сын­да қазақ­стандық спортты насихаттау. Кубоктың Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығының аясында өтуі оған ерекше мағына берді. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстанда спорт­тың дамуы жаңа серпінге ие болды. Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Көшбасшысы Н.­Ә.На­зар­баев­тың баста­ма­сы мен ерекше наза­рының арқасында қазақстандық спорт, атап айтқанда, хоккей жоғары деңгейге көтерілу мүм­кіндігіне қол жеткізді. Кубок ойындарына еліміздің Теміртау, Алматы, Көкшетау, Астана, Атырау, Руд­ный, Павлодар, Өскемен, Қарағанды сияқ­ты қалаларынан 10 кәсіпқой хоккей клуб­тары қатысты. Аталған іс-шараны «Нұр Отан» ХДП шайбалы хоккей бо­йынша Қазақстан федерациясымен бірлесе ұйым­дастырды. Жалпы, «Нұр Отан» партиясы ұлттық және халық­аралық ауқымдағы ірі спорттық оқи­ға­ларды тұрақты ұйымдас­тырушы­лардың бірі бо­лып табылады және бүгінде Қазақ­станда бұқаралық спортты дамытуға ықпа­лы зор болып отыр.