Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік сектордың ведомстволық бағынысты ұйымдарындағы кадр ресурстарын басқаруды оңтайландыруға бағытталған бұйрықты бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Бұл құжат бір мезгілде еңбекақы төлеу қорын түзете отырып, алты айдан артық бос тұрған штат бірліктерін қысқартуды көздейді. Алайда аталған нормалар бірінші басшылардың, маусымдық қызметкерлердің, ядролық физика, жоғары технологиялық жабдықтар бойынша немесе сирек кездесетін инженерлік маман секілді, онсыз ұйымның жұмыс істеуі мүмкін емес бірегей өндірістік және жоғары мамандандырылған қызметкерлердің лауазымына, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс орнын сақтау жағдайында қолданылмайды.
Мемлекеттік мекемелерде ЖИ-ге шектеу қою керек - депутат
Даму жоспары қайта қараладыСонымен қатар өзгерістер кезінде ұйымдардың даму жоспарына түзетулер енгізудің тәртібі белгіленді. Ұзақ уақыттан бері жарияланған бос жұмыс орны анықталған кезде, атқарушы орган бос жұмыс орнын қысқарту мен еңбекақы төлеу қоры туралы мәліметті қосқанда, ұсынылған өзгерісті негіздей отырып, нақтыланған даму жоспарын ұсынуға міндетті. Нақтыланған жоспарды қарау мен бекіту белгіленген мерзімде, биылғы 25 маусым мен 25 желтоқсаннан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекеме басшыларына кәсіпкерлікпен айналысуға бола ма?
Сондай-ақ есеп беруге қойылатын талап та нақтыланды: ұйымдар персонал мен еңбекақы төлеу қоры туралы мәліметті, соның ішінде бос штат бірлігін қысқарту туралы деректі көрсетеді.
«Қабылданып отырған бұл шаралар кадр үдерістерінің ашықтығын арттыруға, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға және мемлекеттік ұйымдардағы адами ресурсты басқару тәртібін күшейтуге арналған», делінген министрлік мәлімдемесінде.