• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 12:15

Атырау облысында бес жылда 331 мың көшет егілген

40 рет
көрсетілді

Атырауда 2021 жылы облыс әкімдігі мен мұнай-газ кәсіпорындары арасында меморандум жасалған. Соның аясында егілген көшеттер саны 331 мыңға жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Зарина Тұрбаеваның дерегіне қарағанда, содан бері жасыл желек көлемін арттыруға басымдық берілген. Егілген көшеттердің сақталу деңгейі 70-80 пайызды құрайды.

«Меморандумға сәйкес жобаға төрт ірі кәсіпорын тартылды. Кәсіпорындарға 5-10 жылдық мерзімге көшет егу, тұрақты күтіп-баптау міндеті бекітілді. Өңірде 2021 жылдан бері 300-ден астам гектар аумаққа 331 мың түп көшет егілді. Көгалдандыру жұмысы Атырау қаласында, Мақат, Жылыой, Исатай және Қызылқоға ауданында жүргізілді», дейді Зарина Тұрбаева.

Көшет – көшенің сәні

Биыл көгалдандыру жұмысын жалғастыру үшін өзге компаниялармен меморандум жасау көзделіп отыр.

«Бір жылда 2 млн-нан астам көшет отырғызылды»: Экологтар Абай облысындағы ахуалды түсіндірді

Соңғы жаңалықтар