• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
31 Тамыз, 2011

Әділдікті соттан таптым

406 рет
көрсетілді

– дейді нақақ қараланған Орал қаласының тұрғыны Владимир Полубояров Біз бұл кісіні бұрыннан білетінбіз. Ол біраз жылдардан бері құрылыс мекемелерінде жетекшілік қызметтер атқаратын. Соң­­ғы уақыттарда Батыс Қазақстан об­лыс­тық құрылыс басқармасы бас­ты­ғының орынбасары болып істеді. Өзіне жүктелген жауап­кер­­ші­лік­ті терең сезіне білетін бас­шы екеніне де күмәніміз бол­май­тын. Түлен түр­тейін десе қиын ба? Күн­дердің бір күнінде оның үс­ті­нен қылмыс­тық іс қоз­ғалды. В.По­­­лубояров «Еге­мен Қа­зақ­стан­ның» тілшілер қо­сынына осы мә­селеге байла­ныс­ты келіпті. Аман­­дық-саулықтан соң қо­лын­дағы папкасының арасынан екі-үш парақ қағазды алды да: – Оқып, танысып көріңізші деп өтініш жасады. – Бұл не өзі Владимир Борисович, түсіндіріп айтпайсыз ба? – Түсіндіретін ештеңесі жоқ. Бұл Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының 2011 жылдың 26 шілдедегі қаулысы. Осы қаулыға сәй­кес мен Қылмыстық кодекстің 307-бабының 4-ші және 314-ба­бы­ның 2-ші тармақтары бойын­ша толық ақталып шықтым. Бұл жерде республикамыздағы сот жүйесі әділдіктің ту ұстаушысы, қара қылды қақ жарған төрешісі екеніне көзім жеткенін айтқым келеді. – Сіз не үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып едіңіз? – Маған сыбайлас жемқор­лық­қа қатысы бар деген айып та­ғылды. Белгілі бір құрылыс ны­сандарын тұрғызған кезде келі­сім­шарттық қарым-қаты­нас­тар­ды белінен басқан, оны өрескел бұзған болып шығыппын. Сөйтіп, маған қатысты қозғалған қыл­мыс­тық іс бірінші кезекте Орал қалалық со­тында, содан кейін Батыс Қазақ­стан облыстық апел­ля­циялық сот сатысында қарал­ды. Жоғарғы Сот олар шығарған шешімді өзгеріс­сіз, сол күйінде қалдырды. Соған сәйкес маған жоғарыда тағылған айыптар негізсіз деп табылды. Мемле­ке­ті­міздің бас газетінің об­лыстағы өкіліне келген мақсатым – солар­ға деген шын жүректен шыққан алғыс сезімім мен риза­шы­лы­ғым­ды жеткізу еді. Мен, әсіресе, Жоғарғы Сот жүйесінде қалыптасқан қарапай­ым адамдарға деген сергек көз­қа­расқа тәнті болдым. Жоғарғы Сот мүшелерінің әрқайсысы қа­лың-қалың төрт папкадан тұра­тын іспен егжей-тегжейлі таны­сып шық­қаны мені таңқал­дырды әрі сүй­сіндірді. Қай істің де басты жауы – селқостық пен немқұрайдылық десек, мұндай көзқарастан олар­дың қай-қай­сы­сы да бойларын аулақ ұстайтын болып шықты. Істі қарау ба­ры­сында ой-пікір­лер­дің нақтылығы мен айқындығы, жүйелілігі мен қисындылығы көз­ге бірден байқалып тұрды. Айтайын дегенім, біздің тәу­елсіз, егемен елімізде нақақ қа­ра­ланған адамдарға араша түсіп, оларды қорғап қала алатын әді­лет­тің ақ алмасындай сот жүйесі қа­лып­тасқан екен. Менің осыған кө­зім жетті. Сондықтан да тәу­ел­сіз­діктің 20 жылында елі­міз­дің сот жүйесі де, күрделі сын­дарлы жолдан өтіп, республика азамат­та­рының сеніміне ие бо­ла алды деп айта аламын. Со­нымен бірге, осы сәтті пайда­ла­нып Жо­ғар­ғы Сот Төрағасы Б.Бекна­за­ровқа қылмыс­тық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқа­сының төр­ағасы А.Қа­сы­мовқа, осы алқаның барлық мү­ше­леріне маған қа­тыс­ты қаралған іс материалдарымен танысу бары­сын­да әділдік та­ныт­қандары үшін та­ғы да риза­шы­лығымды білдіремін. «Егеменге» келгендегі айтай­ын дегенім осы еді. Осы бір кеудемдегі шатты­ғым­ның көрінісі бас басы­лым­нан орын тауып жатса, шексіз қуа­нышты болар едім. Ол осылай деді де, бізге үміт арта қарады. Темір ҚҰСАЙЫН. Орал.