• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
31 Тамыз, 2011

Діни сауатты арттыратын кітаптар

720 рет
көрсетілді

Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры Қазақстан мұсыл­мандары діни басқармасын қажетті діни кітаптармен қамта­ма­сыз ету жұмыстары үздіксіз жүргізіп келеді. Бүгінгі күнге дейін қор тарапынан барлығы 153 000 дана кітап және 275 000 кітапша жарық көріп, жұртшылықтың қолына тиген екен. Сонымен қатар, қор басшылығы бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған рухани мәселелер, оның ішінде Исламда жаңа ағымдардың пайда болуы, сол ағымдарды ұстанатындар қатарының өсуіне тосқауыл жасау, жастардың арасындағы қылмыс пен өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алуға бағытталған діни өнімдер шығару жұмыстарын жүргізу үстінде. Сондай рухани дүниелердің қатарында Ш.Әділбаеваның «Сүннет салтымыз, Хадис ғұрпымыз», С.Сейітбековтің «Иман негіздері» деген кітаптарын атауға болады. Бұл құндылықтардың әрқайсысы қазақ тілінде 35 000 данадан басылып шыққан екен. Оның 25 000 данасы ҚМДБ мешіттеріне жіберілсе, қалған 10 000 данасы тұрғындарға тегін таратылуда көрінеді. Қор сондай-ақ, халықтың діни сауатын арттыру, теріс пиғылды ағымдардың  шығу тарихы және оның қоғамымызға кері ықпалының алдын алу мақсатында «Мұсылман өміріндегі міндеттер-қағидаттар-мінез-құлық үлгілер», «Бала тәрбиесі бесіктен басталады», «Мұсылман сипаты» және «Обязательства и принципы в жизни мусульманина» деген кітапшалар әзірлеп, бұлардың әрқайсысын 50 000-100 000 данамен шығарып, тегін таратуды мақсат етіпті. «Егемен-ақпарат».