Ақтөбеде алғашқы рет Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Конституция күніне арналып халықаралық «Plein Air Aktobe» атты кескіндеме фестивалі өз жұмысын бастады. Он күнге созылатын фестиваль қала маңындағы «Энергетик» демалыс базасында ұйымдастырылуда. Фестивальдің мақсаты – облыста кескіндеме өнерін дамытуға ықпал ету, алыстан келген суретшілермен өзара тәжірибе алмасу, таяу шетелдің және еліміздің белгілі қылқалам шеберлерінің еңбектерімен облыстық көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер мұражайының қорын толықтыру болып табылады. Оған қатысушы суретшілер осы мерзімде Конституция күні, отбасы, махаббат, Еуропа-Азия, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы және Ақтөбе қаласы тақырыптарына үш кескіндеме туындысын жазып бітіруі керек. Бұл туындылар облыстық өнер мұражайының қорына қалдырылады.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ.