• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
02 Қыркүйек, 2011

Назарбаев зияткерлік мектебі білімді бағалау жүйесі жөнінде семинар өткізді

554 рет
көрсетілді

Ұлттық зияткерлік әлеуетін да­мы­туға ықпал ету, әр мұға­лім­нің, оқу­шының өзін-өзі өсіруге және шығармашылыққа ұмты­лу­ға, жоға­ры өнегелі болуға, ең бастысы, тәу­ел­сіз Отанымыздың ертеңгі тұл­ғалы азаматтарын қалыптасты­ру мақсатында құ­рыл­ған бұл білім ордасы соңғы жылдары ел аума­ғын­да үлкен беделге ие болып отыр. Жаңа оқу жылында Астана, Көкше­тау, Семей, Талдықорған және Өс­ке­мен қалаларында 6 бірдей Назарбаев зияткерлік мектептері оқушы­лар­ға есік ашты. Жыл аяғына дейін Орал қаласындағы білім ордасы­ның құрылысы аяқта­латын бола­ды. Семинарда еліміздің жалпы білім беретін мектептеріне арнал­ған онлайн сабағы көрсетілді. Бір жыл ішінде интернет арқылы өткізілетін осындай семинар са­бақтардың ұзын саны 340-ты құ­райды екен. Сабаққа қатысу­шы­ларға зерттеу дағды­ла­рын жетілдіруге, ойлауды да­мытуға ба­ғыт­тал­ған практикалық және зерт­ха­налық сабақ ұсы­нылатын бола­ды. Зияткерлік мектеп мұғалім­дері күр­де­лі есептерді шығару тәсілдерін ұсынса, оқу­шылар өздерін толған­ды­рып жүр­ген сұрақтарын қойып, соған нақты жауаптар алады. «Назарбаев зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының төр­айымы Күләш Шәмшидинованың айтуына қарағанда, мектептегі мұғалімдер­дің шеберлігін жетілдіру бойынша На­зарбаев университетімен бірлікте жұмыс атқарып жатыр екен. Сол білім ордасында 100 мұғалім зияткерлік мектептер үшін әзірленіп жатса, олар келесі жылы сыннан сүрін­бей­тін бол­са ғана білім ұяларына ора­лады. Зияткерлік мектептердің тә­жі­рибесін тарату мақсатына келетін болсақ, бұл білім ұясын педагоги­ка­лық шеберлік орталы­ғы деуге бо­ла­ды. «Біз тиісті орын­дарға жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері үшін Кембридж уни­верситетінің ха­лық­аралық сынақ кеңесімен бірлескен кіші орта­лықтар құруды ұсынған едік. Ол Үкімет тарапы­нан қолдау тапқан. Сүлеймен МӘМЕТ.