• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Қыркүйек, 2011

Мал шаруашылығына да инновация қажет

540 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы саласы қай елдің де болмасын экономикалық дамуының, тәуел­сіз­ді­гінің және тұрақтылығының негізгі тірегі. Осыдан да болар біздің елімізде де, егемендік алғаннан Елбасының көңіл бөлуінің арқасында ауыл шаруашылығы саласын реформалау іс-шаралары қарқынды атқарылып, мемлекет тарапынан ерекше қолдаулар мен көмектер ауқымы да артып келеді. Дегенмен, елімізде бүгінде қалыптасқан азық-түлік ры­ногы әлі де болса ауыл шаруашылығы өнді­рісін жетілдіру бағытында біршама іс- шараларды игеру қажет екенін байқатады. Бүгінгі қалыптасқан жағдайда жоспарлы экономика жүйесімен нақты өндіріс секторы тиімділігін қамтамасыз ету мүмкін еместігі белгілі болса да, мемлекеттік ауылшаруа­шы­лық өндірісінің артықшылығы туралы аз айтылмайды. Демек, бұл әлі де ауыл шаруа­шылығы өндірісінде ойланарлық жағдай­лардың бар екендігін көрсетсе керек. Еліміз егемендік алғаннан ауыл шаруа­шы­лығы саласындағы дәйекті реформалар Ауыл шаруашылығы министрлігін белгілі қаржыгер С. Мыңбаев басқарғанда бастау алды деп айтуға болады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өндірісінде қажетті мемлекеттік бақылау, қадағалау тетіктері нақтыланып, олар министрліктің аймақтық құрылымдары құзырына беріліп, қалған жағдайлар бойын­ша өнім өндірушілерге толықтай еркіндік берілді. Бірақ жергілікті атқарушы органдар ауыл шаруашылығы саласына ықпалын жоғалтпау мақсатында, облыстарда бұрынғы ауыл шаруашылығы басқармаларын, аудандарда тиісті бөлімдерді еш өзгеріссіз сақтап қала берді. Міне, дәл осы уақыттан ауыл шаруашылық құрылымдары мен жергілікті атқарушы органдар арасын­дағы байланысты­лықта көптеген түсінбеу­шіліктер мен келең­сіз­діктер орын ала баста­ды. Ауыл тұрғында­рында облыс, аудандарда екіден ауыл шаруа­шы­лығын басқару мемлекеттік құры­лым­дары пайда болды деген пікір қалыптасты. Осыдан да болар, бүгінде бұл мақсаттағы реформа жал­ғасын таппай, жергілікті әкімшілік басқа­ру жүйесі қайта етек ала бастағанға ұқсайды. Әрине, бұл деген жергілікті атқарушы органдар, маңыздылығы елдің азық-түлік қауіп­сіздігімен де бағалана­тын ауыл шаруашы­лығы өндірісі­не араласпау керек дегендік емес, керісінше, олар ауыл шаруашы­лы­ғы өнімдерін өндірушілерге нақ­ты өндіріс тиімділігін артты­руға қатысты іс-шараларды ұйымдастыру­мен, яғни ауыл шаруашылығы өнімдерін өн­діруде ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжіри­белерді игеруге ықпал етумен айналысуы керек еді. Дегенмен, бүгінде республикалық, ішінара облыстық деңгейлерде ауыл шаруашылы­ғы нарықтық экономика институттарының қалыптасқандығын айтпауға болмайды. Мы­са­лы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық басқармаларынан басқа, дербес өн­дірістік, қаржылық, маркетингтік қызмет­тер атқаратын «ҚазАгро» холдингі, ауыл шаруа­шылығы ғылымын үйлестіруші «Қазагроин­но­вация» АҚ, бірнеше ғы­лы­ми-зерттеу инс­титут­тары, ғылыми орта­лық­тары және өнді­рістік құрылымдарымен қызметтер атқару үшін жасақталған. Бұл жүйенің бұрынғы кеңестік кезеңдегіден ерекшелігі нарықтық қатынасқа сәйкестендіріл­ген құрылымдар­дың пайда бо­луы, олардың мейлінше орталықтанды­рыл­ғандығы, қыз­мет­тері бала­ма­лылығы, қызмет­кер­лер саны­ның өсуі және тікелей, жанама мазмұнда да олардың ауыл шаруашылығы өндірісі алаңы­нан алшақтығы деп айтуға болады. Сонымен қатар, на­рықтық экономи­ка­да қажеттілігі еш күмән келтірмейтін бұл құрылымдар қызмет­терінің бүгінде бәлендей сұранысқа ие бол­мауы, шаруашылықтар құ­рылымдық жүйе­сіндегі жетімсіздіктері мен интеллектуалдық, мате­риалдық мүмкіндік­тер­дің шектеулілігінен мүмкін болып отыр­ған сияқты. Осыдан да бұрын, нарықтық болмаса да, қарапайым шаруашылық есептегі ауыл шаруашылығы өн­дірісі өнімділігі бү­гінгі жағдаймен салыс­тырғанда жоғары бол­ған­дығы шындық. Мы­салы, мен Жезқазған облыстық мал тұқым­дарын асылдандыру бірлестігі, облыстық ауыл шаруашылығы тә­жірибе стансасы бас­шы­сы қызметтерін біршама уақыт атқарған­да, бір ғана облыс көлемінде мал шаруашы­лығы ғылыми-зерт­теу институттары ғалым­да­ры­н­ың нәтижелі еңбектерінің куәгері болдым. Атап айтқанда, мақсатты атқарылған ғылыми тәжірибелік іс-шаралардың арқа­сында жоғарғы өнімділік­тегі Сарысу асыл тұқымды мал зауытында еділбай қойының, облыстық ауылшаруашы­лық тәжірибе стан­са­сы тәжірибе шаруашы­лы­ғында Мұғалжар жылқысы, Сарыарқа түрінің, «Красная поляна» асыл тұқымды мал зауытында қырдың сүтті ірі қара тұқымының, «Просторненский» асыл тұқым­ды мал зауытында етті қазақтың ақбас ірі қара малдары табындары, отарлары, үйірлері түбегейлі қалыптасты. Бүгінде мұндай кең көлемді іс-шаралар атқарылып немесе жетістіктерге қол жеткізіліп отыр деп айтуға болмайды, бұл бағыттағы негізгі мақсат сырттан асыл тұқымды мал бастарын әкеліп өсіруге ойысқан сияқты. Бірақ бұл тәсіл мал бастары өнімділігін арттырудың негізгі жолы бола алмайды, себебі көп жылдық тәжірибе әр өңірдің өзіне лайықты мал бас­тарын, өнімділіктері шетелдік мал тұқымда­ры­нан төмен болса да, әсіресе Орталық Қазақстан аймағы үшін төзімділігімен, яғни пайдалану мерзімі ұзақтығымен ерекшеленетін мал түрлерін пайдаланудың тиімділігін көрсетіп отыр. Сондықтан, менің ойымша, бүгінде мал шаруашылығы өндірісі жағдайын ғылыми-тәжірибелік сараптаулардан өткізіп, белгілі бір тұжырымдама жасай­тын мезгіл жеткен сияқты. Бұл тұрғыда, өт­пелі кезең үшін дейміз бе, алдағы 10- 15 жыл­ға мал шаруашылығы өндірісінде нарық­тық жүйені тиянақтауға бағытталған бағдар­лама жасау да қажет болады. Бұл бағдарлама негізі ауыл шаруашылығы ғылымы дәреже­сін көтеруге, дербестігін қалыптастыруға, сондай-ақ, өнді­рі­сінде, шаруашылық құр­лым­дары жүйелерін оңтайландыруда мемлекеттік реттеу іс- шара­ларын атқаруға бағытталса тиімділігі еш күмән келтірмес еді. Сонымен қатар, бүгінде ауыл шаруашылығы өндірісінде шағын ша­руашылықтар басымдығы өнім өндірушілер­дің ғылыми өнімдерді сынақтан өткізіп, тиімділігін анықтап барып, өндірісіне енгізуге мүмкіндіктерін шектеп, тиімділігі дүдәмал ғылыми өнімдерді пайдалануға мәжбүр етіп отыр. Осыған орай, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді жергілікті жағдайда пайдалануға тиімді ғылыми өнімдермен, тың жетістіктермен, озық тәжірибелермен қамта­ма­сыз ету үшін, облыс деңгейінде ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік бірлестіктерін құру да ұтымдылығын көрсетсе керек. Мысалы, бүгінде дау-дамайы көбейіп отыр­ған ауыл шаруашылығы өндірісіне мемлекеттік субсидияларды реттеп, бөлу құзырын да осы құрылмақшы бірлестіктерге беру нәти­желі іс болар еді. Жоғарыда аталғандай, өтпелі кезең бағ­дарламасы баяу болса да өнім өндіру тиімділігін арттырып, мал шаруашылығы саласын­да нарықтық жүйені нық та сенімді игеруге кепілдік береді деп ойлаймын. Кәкімжан САРХАНОВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.