Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Павлодар облысы жұртшылық өкілдерінен құттықтау хат келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Хатта тәуелсіз еліміздің қысқа мерзім ішінде мықты мемлекетке айналғаны атап өтілген.
– Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында Сіздің Баянауыл өңірі туралы айтқан жылы лебізіңіз барша Павлодар жұртшылығына рухани жігер берді, – делінген хатта.
Сондай-ақ, жұртшылық өкілдері еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы зор еңбегі үшін Қазақстан Президентіне шексіз алғыстарын айтып, келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.