• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
31 Желтоқсан, 2016

Бокстан келесі жылдың ТОП-3 жекпе-жегі анықталды

246 рет
көрсетілді

UCNLive.com журналисі Стив Ким Твиттерде өз оқырмандарынан келесі жылы тағатсыздана күтетін үш жекпе-жекті сұрады, деп хабарлады Sports.kz. The Mirror бокс шолушысы Джек Ратборн, сондай-ақ оның әріптестері  Шон Кроус (The Fight City), Нейт Суоннер (Dice.com), Питер Сопрано (The Inscriber Mag), Фрэнк Ангиано (Fight World Pod), Кимнің өзі де  қыркүйекке жоспарланған Геннадий Головкин мен  Сауль Альварес «Канелоның айқасын көргісі келетінін айтты. Кей бокс жанкүйерлері   Головкиннің Билли Джо Сондерспен жекпе-жегін де күтіп жүргенін байқатты. Геннадий Головкин рингке 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында америкалық Дэниэль Джейкобспен айқасады.