• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
07 Қыркүйек, 2011

«Талас» тайфуны әкелген апат

303 рет
көрсетілді

Жапонияға келіп жеткен «Талас» тайфунынан құрбан болған адамдардың саны 42-ге жетті. Киодо агенттігінің хабарлауынша, 55 адам із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында. Өз кезегінде премьер-министр Есихико Нода табиғат апатынан неғұрлым көп зардап шеккен Вакаяма префектурасында болды. Ол жоғалып кеткендерді іздеуге және зардап шеккендерді құтқаруға барлық күштің жұмылдырылатынына сендірді. Қазіргі уақытта Вакаяма мен Нара префектураларындағы мың жарымнан астам үй жарықсыз және сусыз қалып отыр.   Елшілік айналасы қоршалуда Египет көсемі Хосни Мүбәрактің та­ғы­нан тайдырылуынан кейін екі ел арасындағы қарым-қатынастардың сал­қын­дай түсуіне байланысты Каирдегі Израиль елшілігінің айналасына дуал тұрғызыла бастады. Екі метрлік бетон қоршау құрылысы осыдан екі апта бұрын басталды, деп хабарлаған египеттік ресми адамдар. Ресми нұсқа бойынша құрылыс төменгі қабаттағы тұрғындарды қорғау үшін қажет. Ол ереуілшілер мен жергілікті тұрғындар арасындағы жанжалды ахуалдардың алдын алуға қызмет ететін болады. Ал бақылаушылар болса, Египет өкіметінің мақсаты төменгі қабаттағы египеттіктерді емес, израильдік дипломаттарды қорғау дегенді айтып отыр. Жалпыұлттық ереуіл басталды Италиядағы ең ірі Cgil кәсіподақтары елдің мемлекеттік борышын қысқарту үшін үкіметтің қатаң үнем­деу шараларына қарсы жалпыұлттық ереуілді бастады. Қарсылық акциялары бүкіл ел бойынша өтуде. Италиялық бұқаралық ақпарат құралдары ереуілдің «жүрегі» Рим қаласында деп хабарлауда. Басқа қалалардағы сияқты ел астанасында да қоғамдық көлік пен такси қозғалысы шектелді, халықаралық әуе рейстері тоқтатылуда немесе кейінге қалдырылуда, мемлекеттік мекемелер жабылуда. Ереуіл 8 сағатқа жалғасатын болады. Техастағы алапат орман өрті Американың Техас штатында ор­ман өрті сал­дарынан 500-ге жуық тұрғын үй өртеніп кетті. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, 5 мыңнан астам адам басқа жақтарға кө­шірілген. Мамандардың айтуына қара­ған­да, Техастың орталық бөлігіндегі өрттен туындайтын қатер өте үлкен. Бүгінде штат аумағында 63 өрт оты өршіп тұр. Тропикалық дауыл туындатқан қатты жел өрттің кең тарап кетуіне әсер етуде. Оңтүстік Курильге қатысты мәлімдеме Жапонияның жаңа министрлер кабинеті Куриль аралдарына қатысты өзінің алдындағылардың ұстан­ған бағытын жалғастырып отыр. Мәселен, Жапонияның жаңа сыртқы істер министрі Коитиро Гэмба Ресейдің Оңтүстік Курильге иелік етуіне ешқандай «заңды негіз» жоқ деп мәлімдеген. Жапонияда Оңтүстік Курильді өздерінің «солтүстік аумағы» деп біледі. Айта кету керек, 47 жастағы Гэмба Жапониядағы билеуші Демократиялық партияның неғұрлым перспективалы қайраткерлерінің бірі болып табылады. Түркия Израильмен жауласа ма? Израильдің мұсылман әлеміндегі бұрынғы бірден-бір сенімді әріптесі Түркия Израиль елшісін елден шыға­рып, әскери ынтымақтастыққа тыйым са­лып және революциялық Египетпен әскери келісімге баратынын айтып, есікті тарс жапты. Оған Израильдің Газаға бара жатқан түрік флотилиясына шабуыл жасағаны үшін кешірім жасаудан бас тартуы себеп болып отыр. Іс жүзінде Анкара өзінің мұсылман әлемімен жақсы  позициясын жоғалтудан қорқады, сондықтан Израильмен жанжалды саяси құралға айналдырып отыр, деп жазуда бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары. Сот медициналық сараптама нәтижелерімен келісті Париж соты елдің экс-президенті Жак Ширактың ішінара жұмыс қабілетсіздігін мойындады, сондықтан оның ісі сырттай қаралады, деп хабарлады Еуроньюс агенттігі. Сот Ширактың есте сақтау қабілеті нашарлады деген диагноз қойған медициналық сараптама нәтижелерімен келіскен. Соның салдарынан бұрынғы президент кейде тіпті өзінің сырқат екенін де ұмытып кетіп, өткен өмірі туралы қойылған сауалдарға жауап бере алмайтын көрінеді. 78 жастағы саясаткерге Париж мэрі болып тұрғанда өз партиясын қаржыландыру үшін заң бұзушылықтарға барды деген айып тағылып отыр. «Катя» дауылының екпіні күшті АҚШ-тың шығыс жағалауына төніп келе жатқан «Катя» дауылының қуаты төртінші категорияға дейін көтерілді, деп хабарлайды CNN. «Катя» дауылы туындатқан желдің шап­шаңдығы секөнтіне 60 метрді құрай­тын көрінеді. Метеорологтардың болжа­мын­­ша, дауыл АҚШ-тың шығыс жағалауы­на және Атлантика аралдарына жетіп, инфрақұрылымдарға елеулі нұқ­сан келтірмек. Ресеймен ренжісуге тағы бір себеп Грузияның сыртқы істер министрлігі Ресей жа­ғының Грузияның Мәскеудегі бұрынғы елшілігі ғи­маратын аукционда сату туралы ниетін халықаралық нормаларды бұрмалау деп бағалап отыр. Оның айтуынша, Грузияның меншігінде тұрған Мәскеудегі қонақ үйді Ресей жағы 2006 жылы заңсыз түрде меншіктеп алған. Сондай-ақ Грузия сыртқы істер министрінің орынбасары Нино Каландадзе өздерінің осы мәселе бойынша Ресей сыртқы істер министрлігіне нота жібергенін, бірақ ешқандай жауап болмағанын мәлімдеген. Интернет материалдары негізінде әзірленді.