• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
07 Қыркүйек, 2011

Ынтымақтастық қашан да қажет

353 рет
көрсетілді

Кеше Қорғаныс министрі Әділ­бек Жақсыбеков Әзербай­жан Рес­публи­ка­сы­на ресми сапармен бар­­ды. Сапар ба­ры­сын­да ол әзер­бай­жан­дық әріптесі – қорғаныс ве­дом­ство­сының бас­шысы генерал-полковник Сафар Абиевпен кездесті. Қазақстан Қорғаныс министрі 18 қазанда тойланатын Әз­ер­­бай­жан Рес­пуб­ликасының Тәу­ел­сіз­дігі мерекесімен құт­тық­­тап, ха­лық­аралық аренада ел экономи­ка­сының дамып, саяси бағы­тының күшеюіне тілек білдірді. – Экономикасы дамыған ха­лық­ара­лық нормалар мен міндеттерін орын­дайтын, сонымен бірге, аймақтық және ғаламдық қау­­­іпсіздікті қамта­ма­­сыз ету жөнін­дегі жұмысқа белсене ат­салысып, сая­си тұрақты мем­лекет құру жөнін­дегі Әзербай­жан­ның саяса­тын Қа­­­зақстан қол­дайды, – деді Қазақстан қор­ға­ныс ведом­ствосының бас­­шы­­сы. – Екі жақты бай­ланыс шең­бе­рін­де біздің мемле­кет­тердің әске­ри-теңіз күштері саласын­да­ғы ын­­­тымақтастықты атап өткім келеді. Сіздердің теңіз­ші­леріңіз Қа­зақстан теңізш­ілері­мен гидрография, навигация және кадрларды оқытуда өзара байланыс жасауда. Соны­мен бірге, ол Әз­ер­байжан Респуб­ли­касы қа­­рулы күштерінің оқу-жаттығу орталығын жә­не ӘР ҚМ әскери акаде­миясын да назардан тыс қалдырған жоқ. Сол күні Қорғаныс ми­нистрі бастаған қазақ­стандық әскери делегация Әзербайжан Респуб­ли­ка­сы Қорғаныс өнер­кә­сібі министрі Явер Джа­маловпен кездесті. Әзер­байжанның бірікен өндіріс орнын құруда жинақ­та­ған нақты тәжірибесі Қазақстан Қорғаныс министрлігі жағы­нан қызығу­шы­лық тудырды. Қазақ­стан Қарулы Күштерінің деле­гациясы әске­ри-техника сала­сын­да өзара іс-қи­мыл жасау мүм­кіндіктерін байқау үшін Әзер­байжанның қорғаныс-өнді­рістік кешені кәсіпорын­дары­мен танысты. Жүніс ОМАР, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің бөлім бастығы, полковник.