• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Қыркүйек, 2011

Магистральды газ құбыры Түркістанда түйіседі

555 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бастаған үкіметтік топ Оңтүстік Қазақстан облысында екі күндік жұмыс сапарымен болды. Алғашқы күні Шымкенттегі “Нұрсәт” шағын ауданына барып, бас жоспарға сәйкес салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Бүгінде мұнда 41 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. “Тұрғын­үй­құрылысжинақбанкі” АҚ ОҚО филиалы салымшыларына арнап 10 үй салмақ. 6-ы үй “Жұмыспен қамту-2020” бағдарлама­сы­ның еншісінде. Ал, жалға берілетін 4 үй мен облыс әкімдігінің бюд­жетіне 4 үй салынып жатыр. Ө.Шөкеев Мемлекет тарапы­нан тұрғын үй салудың үш басым ба­ғытта жүзеге асырылып жатқа­нын атап өтті. “Тұрғын­үй­құры­лыс­жинақбанкі” АҚ салымшы­ла­ры­на арналып салынған тұрғын үйлерге қазірдің өзінде мыңға жу­ық тұрғындар арыз берген. Об­лыстық бюджет және комму­нал­дық үйлердің сапалы салыну ба­ры­сында облыстық әкімдіктің тия­нақты жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, “Тұр­ғын үй-коммуналдық шаруашы­лы­ғын жаңғырту” бағдарламасы­нық орындалу барысына көңілі толатындығын білдірді. Осы жоба бойынша биыл қалада 13 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Тәуке хан даңғылы бойындағы көп қабатты үш үйде жүргізіліп жатқан жұмыстармен де танысты. Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары бастаған үкі­мет­тік делегация “Бейнеу-Бозой-Қызылорда-Шымкент” магистрал­ды газ құбыры желілік бөлігінің алғашқы торабын дәнекерлеу рәсімі шеңберінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың Түркістан қала­сын газбен жабдықтау жөніндегі жобасымен танысты. Газ құбыры құрылысының басталуына арнал­ған салтанатты жиында Өмірзақ Шө­кеев Елбасының құттықтау ха­тын оқып берді. “Бұл құрылыс – еліміздің ин­дус­трияландыру картасына енген ірі инфрақұрылымдық жобалар­дың бірі. Газ құбырының жалпы ұзын­дығы 1475 шақырымды құрап, жо­баға салынған инвестиция кө­лемі 3,5 миллиард долларға жетіп отыр. Сонысымен де бұл құрылыс – Қазақстан үшін ұзақ мерзімді стратегиялық маңызға ие. Ең бастысы, жаңа құбыр оң­түс­тік өңірді шет мемлекеттерден жеткізілетін көгілдір отынға деген тәуелділіктен құтқарады. Осы ар­қылы елімізде тұңғыш рет бір­ың­ғай ұлттық газ тасымалдау жүйесі қалыптаспақ. Нақты айтқанда, ай­маққа жыл сайын 6 миллиард текше метр көлемінде газ жеткізілетін болады. Соның арқасында ты­ғыз қоныстанған оңтүстіктегі ха­лықтың тұрмыс жағдайын жақ­сар­тып, өңір экономикасының өсуі­не, өнеркәсіптің қанат жаюы­на қосымша мүмкіндік тумақ. Әсі­ресе, құбыр құрылысының іргесінде жатқан, ұлтымыздың рухани орталығы – киелі Түркіс­тан­ның жаңаша түлеуіне түрткі болады деп есептеймін. Яғни, алдағы уақытта құбыр арқылы 400-ден астам елді мекендегі 2 миллионнан астам тұрғынға көгілдір отын жеткізіледі, 10 мыңға жуық адам еңбекпен қам­ты­ла­тын болады”, делінген құттық­тауда. Газ құбырын тартуды Қазақстан және Қытай мемлекеті тең дәрежеде бірлесе жүргізіп жатыр. Елімізді қамтыған құ­быр Қытай еліне жол тартады. Сим­вол­дық мән­ге ие екі құбырды түйістіру салтана­тын­да Қытай мемлекетінен келген лауа­зым­ды тұлғалар Лю Хуа және Лю Тенан сөз алып, екі жақты әріптестік қатынасқа құрметтерін білдірді. Соны­мен қатар Мұнай және газ министрі С.Мыңбаев, “ҚазМұнайГаз” ҰҚ АҚ бас­қарма төр­аға­сы Қ.Қабылдин, Оңтүстік Қазақстан об­лы­сының әкімі А.Мыр­зах­метов сөз алып, стратегиялық нысанның өңір үшін ма­ңыз­дылығын деректермен дәйектеп берді. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың Түр­кіс­тан қаласын газбен жабдықтау жөнін­дегі жобасы 2013-2016 жылдары жүзеге асырылмақшы. Газдандыру жұмыстары «Бейнеу-Бозой-Қызылорда-Шымкент» магистралды газ құбырының алғашқы бөлігі іске қосылған сәттен бастау алады. Бақтияр ТАЙЖАН, Оңтүстік Қазақстан облысы.