«Нұр Отан» ХДП Ақтөбе облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Балаларды мектепке жинаймыз» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында аз қамтылған төрт отбасындағы сегіз баланың әрқайсысына 15 мың теңгенің мектепке қажетті құрал-жабдықтары және киім-кешектері тапсырылды. Алты баланың анасы Айнұр Еркінованың төрт баласы осындай қайырымдылық қамқорлығына ие болды. Мұндай жақсылық Зылиха Оразбаеваның төрт баласына да жасалды. Алдағы оқу жылына су жаңа костюммен және қажетті құрал-жабдықтармен баратын Ислам Ақберденов пен Гүлсім Ермағамбетованың қуанышында да шек жоқ. Мұндай қайырымдылық акциясына қаладағы «Кеңес» сауда үйі мен «Анвар» ЖШС демеушілік жасады. «Жолдасым ауру, отбасымызда үш бала өсіріп отырмыз. Жағдайымызды түсініп, қайырымдылық жасаған нұротандық жастарға ризамын», дейді Исламның анасы Гүлзира Қалмашева.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.