Кеше Ақорда резиденциясында Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин Иранның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Горбан Сейфпен кездесу өткізді.
Тараптар өзара мүдделі бағыттар бойынша екі жақты ынтымақтастықтың жай-күйін талдады.
Кездесу барысында өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды.