• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
08 Қыркүйек, 2011

Ынтымақтастыққа тың серпін

352 рет
көрсетілді

Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Пәкс­тан Ислам Республикасының Премьер-министрі Сайед Юсуф Реза Гиланимен кездесті. Екі ел үкімет басшыларының кездесуі аясында еліміздің Сауда өнеркәсіп палатасы мен Пәкстан Сауда экономикалық палаталары федерациясының арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Кездесуден кейін журналистермен жүздескен Пәкстан Ислам Республикасының Премьер-министрі Сайед Юсуф Реза Гилани екіжақты келіссөздер кезінде қос мемлекет арасындағы ынтымақ­тас­­тықты жаңаша деңгейге көте­ру мәселесі сөз болғанын айта келе, әріптестікке жаңаша серпін бе­ретін уақыт келгенін және ке­ліс­сөздер барысында осы мәселе­лер­ге баса назар аударылып, екі­жақты ықпалдастықты күшейту үшін тұрақты кеңестер өткізу ұйғарғандығын жеткізді. Сон­дай-ақ ол көлік және коммуникация саласында, оның ішінде темір жол, автожол және әуе қаты­настарын дамытуға мүмкіндік мол екенін де назардан тыс қалдыр­мады. Пәкстан Үкіметі басшысы, сонымен қатар, «Біз энергетика саласындағы зор әлеуетімізді игеруіміз керек. Бұдан өзге біз экономика, сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қорғаныс өнер­кәсібі секілді өзге де ауқымды мәселелер бойынша ортақ шешімге келдік. Сайып келгенде, менің жұмыс сапарым табысты өтуде»,  деді. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.