Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Ресей сыртқы саясат ведомствосының басшысы Сергей Лавровқа «Локомотив» хоккей командасы мен «ЯК-42» ұшағы экипажының қазаға ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
«Локомотив» хоккей командасы мүшелері мен экипаждың қазасына соқтырған «ЯК-42» ұшағының апатқа ұшырауы туралы хабарды қайғыра отырып қабылдадым. Осы қайғылы оқиғаға байланысты шын ниеттен көңіл айтуымды білдіремін және қаза тапқандардың отбасыларына, туысқандары мен жақындарына қолдау сөзімді жеткізуіңізді өтінемін», делінген жеделхатта.
Жақсыбай САМРАТ.