• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
09 Қыркүйек, 2011

Маңызды міндетке – темірдей талап

328 рет
көрсетілді

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дә­лізінің құрылысы басталған сәттен жобаны жүзеге асы­рушы компаниялар мен ұйымдардың еңбек заңнамасын сақтау мәселесін мемлекеттік еңбек инспекторлары, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен дәліз учаскелері өтетін облыстардағы министрліктің аумақ­тық органдары бақы­лауға алған. Құрылыс басталған уақыттан бері Ақтөбе, Қызылорда, Жам­был, Оңтүстік Қазақстан облыстарының мемлекеттік еңбек инс­пекторлары 69 кәсіпорында 115 жоспарлы және жоспарсыз тексеру жүргізген. Тексеру барысында жұмыс берушілер тарапынан еңбек заңнамасын орындамаудың көптеген фактілері анықталған. Қазақстанның еңбек заңнамасының бұзылу оқиғалары бой­ынша жұмыс берушілер мен заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл төледі. Жұмысшылардың құқықтық сауатын ашу үшін әрдайым ақ­параттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нысандарда жұмыс­шы­лардың еңбек заңнамасы бойынша құқықтарын қорғайтын органдардың мәліметі, жауапты тұлғалар мен олардың байланыс телефондары көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылған. Қазіргі уақытта «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасында 110 мердігер және қосалқы мердігер отандық компаниялар, шетелдік компаниялардың бөлімшелері мен өкілдіктері жұмыс істейді. Өндіріс орнында төтенше оқиғалар мен заңның бұзылуының алдын алу үшін министрлік пен оның аумақтық органдары еңбек заңнамасының сақталуын, мердігер және қосалқы мердігер ком­па­ниялардың жұмысшыларға уақытылы жалақысын төлеу мәселесін бақылауға алған. Сонымен қатар, жобаға жаңадан қатысушы жұ­мыс берушілерге Қазақстан Республикасының ең­бек заңнамасын сақтау мәселесі бойынша және жол құры­лы­сында еңбек қауіп­сіз­дігін сақтау шаралары жөнінде ұсыныс хаттар жіберіледі. «Егемен-ақпарат».