• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
09 Қыркүйек, 2011

Ықпалдастықтың өзекті мәселелері қозғалды

340 рет
көрсетілді

Кеше Ержан Қазыханов Қазақстанның Сыртқы істер министрі ретінде өзінің Бейжіңге алғашқы ресми сапарын жасады. Қытайлық әріптесі, ҚХР Сыртқы істер министрі Ян Цзечи Қазақстан сыртқы саясат ведомствосы басшысымен кездесу өткізді. Бұл кездесу мерейтойлық дата қарсаңында болып өтті. Алдағы жылдың басында Қазақстан мен Қытай арасындағы диплома­тия­лық қарым-қатынастардың орна­ға­нына 20 жыл толады. Осыған орай министрлер тарихи өлшем­мен салыстырғанда осыншама қысқа мерзімде біздің елдеріміз үлкен жолды өткенін мәлімдеді. «Өзара тиімді ынтымақтастыққа негіз сала отырып, Қазақстан мен Қытай әріптестіктің әр кезеңінде екі елдің әрі қарай жақындай түсуіне деген шынайы ниеттері мен өзара ұстанымдарын нақты істермен дәлелдеді», деп атап өтті Е.Қазыханов. Тараптар Қазақстан-Қытай қа­рым-қатынасының жан-жақты стратегиялық әріптестік деңгейі­не шыққанын қанағатпен атай оты­рып, өзара тиімді ынты­мақ­тастықты тереңдетудің ең ма­ңыз­ды факторы жоғары және аса жоғары деңгейдегі тұрақты саяси үнқатысу болып табылатынды­ғын баса айтты. Министрлер атап көрсеткендей, екі ел көшбас­шы­ларының – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Төрағасы Ху Цзиньтаоның бір-біріне деген сенімді және сый­лас­тық қатынастары жаңа мүм­кіндіктерді, екіжақты және көп­жақты тұрғыдағы ынтымақтас­тық­тың кең ауқымды мәселе­ле­рін қамтитын перспективалық салалар мен бағыттарды қарас­ты­руға берік негіз және күшті серпіліс ретінде қызмет жасап отыр. Ынтымақтастықтың саяси векторын жаңа мазмұнмен то­лық­тыру мәселесімен қатар, Ержан Қазыханов пен Ян Цзечи сауда-экономикалық ықпал­дас­тық мәселелерін де талқыға сал­ды. Соңғы он жыл ішінде біздің елдеріміз арасындағы тауар ай­налымы 12 еседен аса жоғары­ла­ды. Осындай даму ырғағын сақ­таған жағдайда екі елдің бас­шы­лары атап көрсеткендей, 2015 жылға дейін тауар айналымы деңгейін 40 млрд. долларға жеткізуге мүмкіндік мол. Сонымен қатар, кездесуде Астана мен Бейжің арасындағы энер­гетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, Ор­талық Азия – Қытай көлік же­лісінің интеграциясын дамыту, атом энергетикасы саласындағы және агроөнеркәсіп кешеніндегі ықпалдастықты арттыру болаша­ғы зор бағыттар ретінде атап өтіл­ді. Сондай-ақ Қазақстан мен Қы­­тай­дың, атап айтқанда, АӨСШК, БҰҰ және ШЫҰ секілді ұйым­дар шеңберіндегі ынтымақтастық мә­се­лелері қозғалды. Түрлі ба­ғыттардағы ортақ бастамаларға өзара қолдау көрсетіліп келе жат­қанына ризашылық білдірілді. Тараптар, сонымен қатар, қыр­күйек айының соңында тари­хы­мызда алғаш рет жүзеге асы­ры­латын Халық өкілдерінің Жал­пықытайлық жиналысының Төр­ағасы У.Бангоның Қазақстанға са­парының практикалық тұста­рын талқылады. Кездесу аясында тараптар кей­бір халықаралық және ай­мақ­тық көкейкесті мәселелер бойын­ша пікір алмасты.