• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
09 Қыркүйек, 2011

Мұнайшылардың ақ алғысы

394 рет
көрсетілді

Маңғыстау мұнайының 50 жылдығы өндірісті өңірдің өмі­ріндегі айтулы оқиғалардың бірі болды. Аймақтың аудан, қа­лаларында түгелдей дүркіреп өт­кен мерекелік бағдарлама жұрт­шылық көңіліне қуаныш сый­ла­ды. Олай дейтініміз той бағ­дар­ла­масы аясында ардагерлер ар­дақталып облыста он­да­ған әлеу­меттік нысандар пай­да­лануға берілді. Ақтаудағы сал­та­натты жиында Маңғыстау мұ­найының тарихы, бүгіні мен ертеңі қа­зыналы түбектің қар­қын­ды да­муы туралы облыс әкімі Қы­рым­бек Көшербаев «Мұнайшылар – егемен еліміздің тірегі» атты баяндамасында әсерлі әңгіме­ле­ді. Ал салтанатты жиналысқа қатысушылар өздеріне арнайы ақ тілек, игі құттықтауын жол­да­ған Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаевқа арнап үндеу жолдап, алғыс сезімдерін білдірді. Онда былай делінген: «Құрметті Нұрсұлтан Әбіш­ұ­лы! Өзіңіз қолдау көрсетіп, құт­тықтау жіберген биылғы Тәуелсіз еліміздің 20 жыл­ды­ғы­ның аясында аталып отыр­ған Маңғыстау түбегінің алғаш мұнайының ашылғанына 50 жыл толу мерейтойын өткізу өлке тұрғындары мен мереке меймандарына үлкен рухани серпіліс туғызып, ұлағатты шараға айналды. Мерейтой жер байлығын иге­ріп, оны ел қажетіне жұм­сауда ерен еңбек еткен мұнай­шы ардагерлерімізді құрмет­теу­ге, олардың еңбектерін өс­ке­лең ұрпаққа насихаттауға және жеткізуге септігін тигізгені сөзсіз. Маңғыстау мұнайы­ның 50 жылдық мерейтойын ұрпаққа ұлағатты үлгі алуды аманаттайтын мерейтой деп білеміз. Сіздің сарабдал саяса­ты­ңыз­бен кемел келешегіне нық қадам басқан тәуелсіз Қазақ­стан­ның тарих үшін қас-қағым жиырма жылға жуық уақыт­та­ғы жеткен ғасырға тең жетістіктері барша маңғыс­тау­лық­тар­ды қуан­тып, жарқын бола­ша­ғы­мыз­ға деген сезім ұялатады. Маңғыстаулықтар өздерінің ерен еңбегімен Тәуелсіз еліміз­дің өркендеп, көркейе беруіне сүбелі үлестерін қосып келеді және болашақта да қоса бермек. Киелі де қасиетті Маң­ғыс­тау Тәуелсіз елімізге, Өзіңізге әрдайым тірек болатынын мәлімдейміз». Міне, бұдан жарты ғасыр бұ­рын жанқиярлықпен еңбек етіп, еліміздің абыройын ас­қақ­­татқан ардагерлер мен бүгін­дері солар­дың жолын жалғас­ты­рып жат­қан өскелең ұрпақ­тың мақсат-мүдделері, Тәуелсіз Қазақстан­ның Тұңғыш Президентіне деген ыстық лебіздері осындай. Жоламан БОШАЛАҚ, Маңғыстау облысы.