• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Қыркүйек, 2011

Мерекелі жылдың берекелі астығы

455 рет
көрсетілді

гектар өнімділігін 20 центнерден айналдыруға мүмкіндік беріп, молшылық жорығына ұласып отыр Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сол­түс­тік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар ба­ры­сында егіс та­нап­тарын, шаруашылықтарды аралап, мал шаруашы­лы­ғын дамыту бағдарла­масы­ның орындалу жайы­мен та­нысты. Жазда жаңбыр жиі жауып, жұртты әбден ығыр қылды. Ендігі үміт – күз. Маңдай термен өсі­ріп, жас балаша мәпелеп күткен ризықты шашпай-төкпей жинап алуға бәрі асық. Шүкіршілік, күз­дің алғашқы айы жауын-ша­шын­сыз басталып, айналаға нұрлы шуа­ғын төгіп тұр. Ел назары егін орағына ауған сәт бұл! Қы­зыл­жар өңірінің диқандары биыл 4,2 миллион гектер алқапқа дән сі­ңір­се, оның 3,9 миллионы – дәнді дақылдар. Мерекелі жылдың астығы берекелі болғалы тұр. Алғашқы нә­ти­желер қуантарлық. Гектар өнім­ділігі 18,5-19 центнерден айналуда. Айыртау, Тайынша, Мүсіре­пов, Ақжар аудандарының көр­сет­кіштері 20-дан асып жы­ғы­ла­ды. Қазақстанның Еңбек Ері Геннадий Зенченко секілді түсім­ді  25-30 центнерге жеткізгендер қатары күн санап көбейіп келеді. Соған қарағанда, облыс бойынша 6,5-7 миллион тонна астық жиналады деп болжануда. Елімізде өндірілетін астық­тың үштен бірі Солтүстік Қа­зақстан облысының үлесіне тиеді. Тек биылдың өзінде ғана ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 41,1 миллиард теңге жұмсалды. Өндірілген жалпы өнім 32,9 миллиард теңгені құрады. Мемлекеттік қаржылай қолдаудың, инвестициялар тартудың, астық өнді­рі­сін жаңа технологияларға көші­ру­дің арқасында егіншілік мәде­ниеті айтарлықтай жақсарды, ауыс­­палы егіс жүйесі қалып­тас­ты. Шығымдылық артып, тұ­рақ­ты өнім алуға қол жеткізілді. Аг­рарлық тауар өндірушілер биыл­ғы орақ науқанына үлкен ұй­ым­шылдықпен кірісті. Техника, жұ­мыс күші, жанар-жағармай жеткілікті. Елбасыға күзгі жиын-терін жұмыстарының атқарылуы жай­лы облыс әкімі Серік Біләлов баяндап берді. Бірінші жар­ты­жыл­дықта 3,8 миллиард теңгеге 392 жаңа техника сатып алын­ғанын, 179 техника бірлігі «Қаз­Агро­Қар­жы» АҚ арқылы лизингпен жеткізілгенін, астықтың 70 пайызы жо­ға­ры өнімді шетелдік комбайндармен жиналып жатқанын жеткізді. Елбасы алдымен «Петерфельд-Агро» және «Сби-Агро» ЖШС-ле­рінің егіс алқаптарына келді. Мұн­да жүздерін күн қаққан комбайн­шы­­лар­мен жайдары аман­дасып, хал-жағ­дай­ларын сұрасты. Еңбек озаттары­ның бірі Қасен Құсайы­нов жұмыс істеуде бар­лық жағ­дай­дың тудырыл­ға­нын айта келіп, Президентке ауыл еңбеккерлеріне жасалып жатқан зор қамқорлық үшін алғыс сезімін білдірді. Серіктестік егіншілікпен көп­тен бері шұғылданып келеді. 3 мың гектар алқаптың жар­тысына жуығы бас­тырылып, қызу еңбек қырман­дарға ауыс­қан. Шығымдылық айтарлық­тай: 25-27 центнер! – Қазақстан – астықты сыртқа сататын бес мемлекеттің қата­рын­да. Жыл өткен сайын біздің елдің астығына деген сұраныс артып келеді. Ауа райының күр­делі жағ­дайына қа­ра­мастан, биыл да елімізде егін бітік шықты. Енді оны төкпей-шашпай, ысы­рап­сыз жинап алу міндеті тұр. Об­лыс егін­ші­лерінің жауапты нау­қан­ға тия­нақты әзір­ленгені бай­қа­лады. Күз­гі жиын-терін жұ­мыс­­тарына бір кісідей жұ­мыла кіріскен­дері­ңіз көрініп тұр. Ал­дағы айтулы мереке – Тәу­ел­сіз­діктің торқалы той­ын то­лым­ды тар­тулармен қар­сы алып, өнім­ді­лік­ті 20 центнерге дейін жеткізеді деген сенімдемін. Бұл – ала жаз бойы атқа­рылған кәсіптің нә­сібі, еңбектің жемісі. Мұның бәрі жоғары тәртіп пен ұйым­шыл­дық­тың ар­қасы. Ауыл-село тауар өн­діру­шілеріне мемлекет та­рапы­нан барлық жағдай жа­са­лып жа­тыр. Алда да көмектесетін бо­ла­мыз, қаржыдан таршылық көр­мейсіз­дер. Бірақ оның қай­та­ры­мы болу керек. Ауыл шаруа­шы­лығынсыз экономиканы көте­ру қиын. Эко­но­микамыз көте­ріл­се, тұрмыс та жақсарады, тіршілік те оңалады. Тек биылдың өзін­де ғана ауыл шаруашы­лы­ғына 177 миллиард теңге мөл­ше­рінде мемлекеттің қолдау қар­жысы берілді. Соңғы бес жылда бұл саланы қаржыландыру 670 миллиард теңгеге жетті, – деді Ел­басы диқандарға арнаған сө­зінде. Елбасы келесі кезекте осы серіктестіктегі репродукты шаруа­шы­лық кешеніне соқты. Мұнда 860 ірі қара, 400 жылқы, 800 қой өсіріледі. Жуырда Германиядан 400 бас асыл тұқымды симменталь сиырлары жеткізіліп, 12 адам жұмыспен қамтылыпты. Мал бор­дақылау алаңы іске қосылып, етті мал шаруашылығын дамы­туға бел шеше кіріскен агро­құ­ры­лымның қадамын құптап, табыс тілеген Нұрсұлтан Әбішұлы серіктестік басшысы Асқар Мә­диев­ті әңгімеге тартты. Ол өз сөзінде берік жем-шөп базасын жа­сауға баса назар аударылып отырғанын, 4500 тонна шөп, 1500 тонна пішендеме жинап алын­ғанын, енді сүрлем салуға кірісетіндерін мәлімдеді. Шетелден әке­лінген малдар енді төлдей бас­тайды. Еркек бұзауларын бор­дақылап, 18 айда 450-500 кило салмақ тартатын болады, деді ол. – Мен биылғы Жолдауымда ауыл шаруашылығына қатысты іргелі міндеттер қойдым. Тағы да қайталап айтамын, 2020 жылға таман еңбек өнімділігі 4 есе ар­татын болады. Бұл – сараланған жоспар, орындалатын меже. Аг­рарлық секторда етті мал ша­руа­шылығын дамыту жөнінде үлкен жобалар игеріліп жатыр. 2016 жылы ет экспорты 60 мың тон­наға жетеді. Мұның құны 4 миллион тонна бидайға тең деген сөз. Өңірлерді дамыту бағдар­ла­маларында мал шаруашылығына неге баса назар аударылып отыр­ғанын түсінген боларсыздар. Осы­ның нәтижесінде елді мекендерде мыңдаған тұрақты жұмыс орын­дары ашылады. Төрт түлік ма­лы­мыз көбейіп, әркімнің кіріс кө­зі­не айналады, – деді Президент. Облыста Елбасы жүктеген мін­деттерге сәйкес мал шаруа­шы­лығын, оның ішінде етті ба­ғыт­тағы мал өсірудің серпінді жол­дары белгіленген. «Ірі қара малы етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы шеңбе­рін­де 10 мың бас бордақылайтын алаң, 4 мың басқа арналған реп­ро­дуктор-шаруашылық, 15 600 басқа лайықталған фермерлік ша­руашылықтар ұйымдастыру міндеттері тұр. Қазірдің өзінде «Сы­баға» бағдарламасы бойынша 237 миллион теңгенің 37 жобасы қар­жыландырылды. Фермерлік ша­руашылықтар құру мақсатымен 90 агроқұрылым қаржылық институттар мен өз қаражаттарына 4,7 мың бас ірі қара малын әкел­ді. «Солтүстік» әлеуметтік-кә­сіп­керлік корпорациясының жарғы­лық капиталы 754 миллион тең­ге­мен толығып, шетелден асыл тұ­қымды мал сатып алуды қам­та­масыз ете бастады. Нәтижесінде «СБИ-Агро-Ташкентка» және «Нұр-Сен» серіктестіктерінің әрқайсы­сы 400 бас етті бағыттағы малдармен толықты. Соңғы жылдары Қызылжар өңірінде мал шаруашылығымен тұ­рақты айналысушылар қатары­ның көбейе түскені байқалады. Солардың бірі – «СБИ-Агро» ЖШС-нің қадамын Президент құп­тады. Серіктестік 17 мың гектар егістік алқапқа иелік етеді. Оның 7729 гектары – бидай, 3139 гектары – майлы дақылдар. Был­тырғы қуаңшылық жылының өзінде бидайдың өнімділігі 16,5 центнерден айналса, биылғы көр­сеткіш 5-10 центнерге артық. Мұнда 2472 ірі қара малы, 1119 жылқы өсіріледі. 7100 шошқаны бағып-қағуда голландтық тәсіл қолданылады. 400 сиырға ар­нал­ған сүт фермасы жабдықталған. 120 бас симменталь сиырлары Австриядан алдырылыпты. Енді Германиядан 395 сиыр әкелінбек. Елбасы мемлекеттің қаржысын тиімді пайдаланып, орнымен жұм­саған шаруашылықтардың тіршілігіне ризашылық білдірді. Облыс әкімінің бірінші орын­басары Айдарбек Сапаров Елба­сы­на агроөнеркәсіп кешенінің даму барысын бейнелейтін диа­грам­малы стендті ұсынып, не ат­қарылып, не тындырылғанын ай­тып берді. Былтыр жалпы өңірлік өнім 457 миллиард теңгені құра­ған. 8,3 миллиард теңгеге жаңа техникалар сатып алынған. Еліміздің ішкі сұраныстарына 2,2 миллион, алыс-жақын шетелдерге 1,4 миллион тонна астық жө­нел­тілген. Көктемгі, күзгі дала жұмыстарын атқаруға 3 миллиард теңге субсидия бөлінген. Жеңілдікті несие мөлшері 3,5 миллиард теңгеге жеткен. «Солтүстік» әлеуметтік-кә­сіп­кер­лік  корпорациясының  төр­аға­сы Алексей Чен мал және өсім­дік шаруашылықтарына қа­тыс­ты 15 жобаның игеріліп, 400 адамның жұмыспен қамтылаты­нын, израильдік МАД компа­ния­сының президенті Авраахам Фаевский құс өсіретін асыл тұ­қым­ды зауыт салынатынын мәлім етті. Елбасы осы жерде ірі аг­роқұрылым, кәсіпорын жетекшілерімен, аудан, қала әкімдерімен жүздесіп, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысты пікірлер алмасты. «Бабық-Бұрлық» ЖШС ди­рек­торы Сейілбек Махметов Пре­зиденттің жұмыс сапарына орайлас жиындардан қалмай қатысып жүргенін, әр кездесуден үлкен та­ғылым алатынын айта келіп, гектар басы 20-25 центнерден астық алып жатырмыз, деді көтеріңкі үнмен. «Сіздің жаман еңбек етуге қақыңыз жоқ. Кеудеңіздегі орденді не үшін бердік?» – деп әзіл тастады Президент. «Алабота» асыл тұқымды ша­руашылық басшысы Төлеген Қо­нысбаев шетелден 400 бас герефорд сиырларын сатып алған­дарын, биыл қолдағы малды 5000 басқа жеткізетіндерін айтса, жеке кәсіпкер Сергей Звольский там­шы­латып суару арқылы көкөніс пен картоптың шығымдылығын үш есе арттырғанын жеткізді. Осы күні Елбасы «Пассик Қы­зылжар» серіктестігінде бо­лып, омарташылардың ара ша­руа­шылығы, бал өндірісі жайлы ой-пікірлерін тыңдады. Омарта­шы­лардың айтуынша, түрлі ауру-сырқауларға шипасы мол бал жинауға түйебұршақ, қарақұмық, экспортцет, фацелия, күнбағыс се­кілді өсімдіктер мен майлы да­қылдар қолданылады. Ол үшін 800 гектар жер арнайы бөлініп бе­рілген. Облыс – ара шаруа­шы­лы­ғына қатысты арнайы бағдар­лама қабылдаған санаулы өңір­лердің бірі. Омарташылардың жергілікті қауымдастығы да бірталай бастамаларға мұрындық бо­лыпты. Соңғы кездері аймақ басшысының бастамасымен мектеп оқушыларына тегін бал та­ратыла бастады. Алайда ара ша­руашылығымен жүздеген кәсіп­кер айналысқанымен, өндірген өнім­дері дүкен сөрелеріне жете бермейтіні, делдалдардың қолын­да кететіні алаңдатады. 90-шы жылдары Қазақстанның омарта­шы­лары жылына 50 мың тоннаға дейін бал өндіріп келсе, бүгінде 1 мың тоннадан да аспайды. Өткен жылы күзде өткен облыс омарта­шыларының жәрмеңкесі бал өнім­деріне деген жоғары сұра­ныс­ты айқындап берді. Біле білгенге, адам ағзасына балдың пай­да­сы ұшан-теңіз. Балды көп тұ­тынатын адамдардың орта жасы 80-нен жоғары. Елімізде кез келген кәсіппен айналысуға жағдай бар. Ара шаруашылығын дамы­ту­ға мүмкіндіктер мол. Бұл са­ланы алға бастырудың жолдарын өздеріңіз де айтып отырсыздар. Істеріңізге сәттілік тілеймін. Жер­гілікті билік қолдайды деп ойлай­мын, деді Мемлекет басшысы. Елбасының ендігі тоқтаған жері жаңадан бой көтерген Тәу­ел­с­іздік стелласы болды. Мұнда ассамблея өкілдерімен, ұлттық-мәдени бірлестіктер жетекшілерімен жүздесті. Олардың атынан М.Гусейнов сөз алып, өз ойын бы­лай сабақтады: Нұрсұлтан Әбіш­ұлы, біз Сіздің ұлттар мен ха­лықтар арасын достастырып, бір туғандай жақындастырып отыр­ған саясатыңызға өте тәнтіміз. Сіздің адамның патриоттық сезімін оятатын тамаша сөздеріңіз әр қазақстандықтың жүрегінде ұя­лап қалған десем, артық айтқан­дық емес. Мен осыдан 22 жыл бұрын Қазақстанға көшіп келген едім. Содан бері парасатты уа­қыт­пен тексерілген тамаша бас­та­маларыңыздың куәгерімін. Бұдан кейін Н.Назарбаев күр­делі жөндеуден өткен «Солтүстік жұлдызы» саябағына атбасын тіреді. Пестрое көлінің жаға­лауын­да орналасқан кешенді мәдениет орталығында спорт алаңдары жұ­мыс істейді. Күлтегін, Тамға­лы­дағы петроглифтер бейнеленген мүсіндік композициялар қойыл­ған. Жобаның құны – 152 миллион теңге. Елбасы осында «Дипломмен – ауылға!» бастамасын қолдаушы бір топ жастармен кездесті. Солардың бірі Азамат Мәу­ленов жас мамандарға жасаған қамқорлығы үшін Президентке деген ақ алғысын арнады. Медицина академиясын аяқтаған соң шалғайдағы Ғ.Мүсірепов ауда­ны­на жолдама алыпты. Хирург бо­лып орналастым. Баспана да, бір­жолғы көтерме ақы да алдым, деді ол. Пәтер иелері коопера­тиві­нің төрайымы Рашида Морозова тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық жүйесін жаңғырту бағы­тында игілікті шаралардың бас­тал­ғанын, оған мысал ретінде өзі жетекшілік жасайтын ПИК-ті келтірді. 45 пәтердің шатырын жөн­деуге 13 миллион теңге бө­лін­ген. Үкіметтің қолдауынсыз атқара алмайтын едік. Осы үшін Сізге деген тұрғындардың риза­лы­ғын айтуды өзіме парыз са­наймын. Әлеуметтік жаңғырту, білім, ден­саулық сақтау салалары бойынша да жаңа бағдарламалар іске қо­сылуда. Мұның бәрі Қа­зақ­стан хал­қының игілігі үшін жа­салған, деді қоштасар сәтте Елбасы. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.