• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Қыркүйек, 2011

Веласконың жеңісін биыл кім қайталайды?

352 рет
көрсетілді

Жыл өткен сайын Қа­­зақстандағы «Нұртау» гольф-клубының түкті кілем секілді жасыл алаңы әлемнің айтулы гольф­шы­лары арасында та­ны­мал болып келеді. Биыл жетінші рет ұйым­дас­ты­рыл­ған European Chall­enge Tour аясында, кә­сіп­қой­лардың Kazakhstan Op­en халықаралық турниріне 25 мемлекеттен 130 спорт­шы қатысуда. Жүлдесі де аса қомақты, адамның шаршаған жүй­­кесін тынықтыратын, сабырлы да салиқалы спорт турнирін тұрақты тамашалап жүріп, соңғы жыл­дары бұл жарысқа қатысатын елдердің де, ақ­сүй­ектердің ойынына әбден машықтанған айту­лы ой­ын­шылардың да артып келе жатқанын байқаймыз. Сонымен, бір кездері Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың бастамасымен қолға алынған ха­лық­аралық Kazakhstan Open турнирі 7 қыркүйек, сәр­сен­бі күні салтанатты түрде тұсауын кесті. Әлем­нің ең мықты деген спортшылары бұл турнирге ыждаһатпен қатысатынын айта кеткен жөн. Өйт­ке­ні, дәл осы ойындар алғашқы үздік жиырма­лық­қа енген гольфшыларға Еуропа төрінде өтетін жоғары лигадағы European Tour жарысына жолдама береді. Қысқасы, Қазақстандағы турнир мау­сымдық ойындарды ашып беретін үлкен спорттық жарысқа айналып келе жатқанын осы спорт түрін тұрақты қадағалайтын қауым жақсы біледі. Әлемнің «мен» деген гольф ойыншыларын Алматыда тоғыстырған турнирді Қазақстан Гольф федерациясының президенті Нұртай Әбіқаев ашып, құттықтау сөз сөйледі. Ол өткен жыл­дар­дың бедерінде бұл турнир European Challenge Tour аясындағы ең жетекші жарысқа айналып, әлемнің гольф жұлдыздарын өсірудің өзіндік ұстаханасына айналып келе жатқандығын атап өтті. Еліміз Гольф федерациясының жетекшісі осы уақытқа дейін турнирдің чемпиондары атанған Ирландия, Уэльс, Швеция, Ұлыбритания, Италия және Испания спортшыларын еске салды. Мәселен, өткен жылы «Жайлау» гольф курор­тында жалауын көтерген бұл турнирге былтыр әлемнің 24 елінен 132 спортшы қатысқаны есімізде. Онда бірінші орынды 267 соққымен испандық Альберто Веласко жеңіп алып, бұл жүлдесі оған Челендж Тур рейтингінде көш бастауға мүмкіндік берген болатын. Осы күндері «Нұртау» гольф-клубында жарыс қызу жүріп жатыр. Сырттай тамашалаған жан­дар­ға спортшылар аса сабырлы, байыппен ойын өт­кізіп жатқандай көрінгенімен, олардың ширығулы екенін де аңғару қиын емес. Ал үздік ойыншының есімі ертең, жексенбі күні белгілі болады. Ал турнир аясында өткен баспасөз мәслихаты кезінде Туризм және спорт министрінің орын­ба­са­ры Мұрат Омаров гольф ойыны елімізде құлашын жайып келе жатқанын және ойыншылардың шеберлігі да артқанын атап өтті. Вице-министр біз­дің кәсіпқой гольфшыларымыз 2016 жылы өтетін Олимпия ойындарына қатыса алмаса да, 2020 жылғы додада бақ сынап қалуы ғажап еместігін көлденең тартты. Журналистермен өткен кездесу барысында Eu­ropean Challenge Tour директоры Алан ле Соултре әдеттегідей «Нұртау» гольф алаңдарының бапта­л­уы халықаралық деңгейде екенін мәлімдеп, Қа­зақстан бұл халықаралық турнирге үнемі үлкен дайындықпен келетінін жеткізді. Оның ойынша, шетелдік кәсіпқой спортшылар бұл турнирге қуа­на-қуана келісім береді. Алатаудың әсем баурайы, қазақтың ерек қонақжайлығы турнир барысында тамаша ахуал қалыптастыра алады, дейді лауа­зым­ды мейман. Алан ле Соултре еліміздегі гольф алаңдарында балалардың да көптеп гольф таяғын арқалап жүретіні – бекзат спорт түрінің біздің елімізде келешегі мықты бола алатынына алғышарт екенін атап көрсетті. Ал халықаралық турнир барысына келсек, Ka­zakh­stan Open-2011 ойындарында European Chal­lenge Tour рейтингінің алғашқы үштігіне кіретін кіл мықтылар жүр. Олар – португалиялық Риккардо Сантос, француз Бенджамин Хеберт және ағы­л­шын азаматы Дениэл Денисон. Сол сияқты бұрын Ресейдің мықты теннисшісі болған, қазір гольфта келешегі күшті деп есептелетін Евгений Кафель­ни­ковтің ойынын көруге құмарлар да жеткілікті. Қалай десек те, кәсіпқой гольфшылардың қа­зақ­стандық турнирі әлі талай жанның жұлдызын жа­ғатын болады. Ал өткен жылы бас жүлдені жеңіп алып, қомақты қаражатты қалтасына басқан Альберто Веласконың бағын биыл кім қайталайды екен? Айнаш ЕСАЛИ, Алматы. Суреттерді түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.