Кеше Астанада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Қазақстанда БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) жаңадан тағайындалған өкілі Джун Кукитамен кездесті.
Кездесу барысында бірлесіп іске асырылып жатқан жобалар шеңберінде Қазақстанда балаларды қорғау ісінде өзара ықпалдастықтың басым бағыттары талқыланды.
Асқар Шәкіров халықаралық ұйымның жаңа өкілін Қазақстанда адам құқықтарын қамтамасыз ету қызметімен таныстырды.
Тараптар ұлттық құқық қорғау институтының ЮНИСЕФ-пен өзара тиімді ынтымақтастығын әрі қарай дамыту қажеттілігі туралы ортақ пікірін білдірді.