• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
10 Қыркүйек, 2011

Жоғары сот кеңесінің отырысы

316 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республи­ка­сы Жоғары сот кеңесінің төр­ағасы Оңалсын Жұмабековтің басшылығымен Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы Жоғары сот кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысында сот жүйесі имиджін көтеру, судьялардың тәу­елсіздігі және ешкімнің тиіспеу кепілдігін қамтамасыз ету, прокурорлардың ұсынымдарын қарау бойынша заңдылықты бұ­зу­шылықтарды жою және судья­лар­ды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы судьялардың тәр­тіп­­тік-біліктілік алқалары қыз­ме­ті­нің мәселелері, сондай-ақ сот жүйесіндегі кадрлық мәсе­ле­лер қарастырылды. Жекелеп алғанда, жергілікті және одан басқа соттардың төр­ағасы қызметіне тағайындауға 17 үміткер және атқарып жатқан қыз­меттерінен босатуға 13 судья, оның ішінде теріс себептермен қыз­меттерінен босатуға үшеуі Мемлекет басшысының қарауына ұсынылды. Сондай-ақ, М.М.Мак­судовтың отставкадағы судьяның мәртебесіне кір келтіретін қылық жасауымен байланысты оның отставкасын тоқтату туралы ұсы­ным қабылданды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президенті Әкім­ші­лігінің Мемлекеттік-құқық бө­лімі.