• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
10 Қыркүйек, 2011

Тәуелсіздіктің толағай табыстары

591 рет
көрсетілді

Астанада Атырау, Жам­был және Шығыс Қазақстан облыс­тарының күндері аяқталды. Кеше осы шараның аясында Бейбітшілік және келісім сарай­ын­да үш аталған облыстың тәу­ел­сіздік жылдарында қол жет­кізген табыстарын көр­сет­кен көрме ұйымдастырылды. Көрмемен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев танысты. Тәуелсіздік жылдарындағы Аты­рау облысының жетістіктерін паш еткен көрмеде аймақтың мұ­най-газ өндіру саласындағы та­быс­тары молынан көрсетілген. Соның ішінде атақты «Те­ңіз­шев­ройл» БК-ның бүгінгі және бола­шақ­та қол жеткізетін табыстары түрлі слайдтар арқылы көрсе­ті­ліп­ті. Қарт Каспийдің қазақстан­дық секторы игеріле бастағанда еліміздегі мұнай өндіру көлемі 100 млн. тоннаға, ал газ өндіру 63 млрд. текше метрге жететін бо­лады делінген көрме деректерінде. Сонымен қатар, Атырауда салына бастаған мұ­най-химия кешені де өңір ғана емес, бүкіл республика мақтан тұтатын жоба бол­мақ. Құны 6,3 млрд. доллар болатын бұл жоба 2016 жылы аяқталмақ. «ИСИ Гипс Индер» ЖШС өнімдері де көз тартарлық екен. Ол жылына 4,0 млн. текше метр гипс-картон шығарады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Аты­рау мен Атырау облысы басты ны­сандарының суреттері ілінген стендтер жанындағы қос монитордың алдында ұзақ тұрды. Оның бірінде аймақтың даму тарихы хронологиялық реттілікпен көрсетіліпті. Ал екінші мониторда Аты­рау­дың бүгінгі тыныс-тіршілігі молы­нан берілген. Осында глобус түрінде жасалған, аумағы 8х9 метрлік алып елтаңба да орын алған.  Елтаңбаның биік нүктесі шамамен бес метрді құ­рай­тын мұнай мұнарасы екен. Оның қақ ортасында Атырау об­лысының картасы бейнеленген және осындағы плазмалық экран­нан облыс әкімі Бергей Рысқа­лиев­тің Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевқа жасаған бей­не-баяндамасы көрсетілді. Жалпы, көрмеге Атырау об­лысынан 28 компанияның іске асы­ратын жоба­ла­ры қойылған екен. Соның ішінде 15 жоба үде­мелі индустриялық-иннова­ция­­лық бағдарлама шеңберінде жүзе­ге асырылыпты. Жамбыл облысының көрмесі ай­мақ­тың Тәуелсіздік жылдарын­да­ғы қол жеткізген табыстарын баяндаған анық­та­ма­лықтан бас­та­лыпты. Соңғы жыл­да­ры облыс өңірлік жалпы өнім (ӨЖӨ) өн­діруде ауыл шаруашылығынан гөрі, өнеркәсіптік бағытқа кө­бі­рек бет түзей бастаған екен. Қа­зір өнеркәсіп өнімінің үлесі ӨЖӨ-нің 20 пайызға жуығын құрайды. 2010 жылы құны 55,9 млрд. теңгені құрайтын 8 инвес­ти­циялық жоба іске асырылған. Соның ішінде «Мың­­арал Тас компани» ЖШС іске қосқан цемент зауыты бар. Құны 34,9 млрд. теңгені құраған бұл жоба 350 жаңа жұ­мыс орнын ашуға мүмкіндік беріпті. «Та­раз металлургия зауыты» ЖШС фер­­ро­қорытпа өндіруді жаң­ғыр­татын құны 11 млрд. теңгелік жобаны іске асырған. 2011 жылы құны 23,0 млрд. теңге болатын тағы жеті жоба іске ас­ы­рыл­мақ­шы. Бұл жыл бой­ы­на 1120 жаңа жұ­мыс орнын ашу­ға мүмкіндік береді. Со­ның ішінде «Алтыналмас» АҚ «Ақ­ба­қай кластері» жобасын іске асырған. Бұл – алтын рудасын өңдейтін кә­сіп­орын. 9,6 млрд. теңгені құ­рай­тын бұл жоба қазірдің өзінде іске асып, жы­лына 1 млн. тонна руданы өңдей­ді және одан ша­мамен 2,8 тонна таза алтын алына­ды. «Тараз құ­быр зауыты» ЖШС поли­этилен және тамшылатып суаратын құ­быр­лар шығаратын зауытты іске қосты. Мұның құны – 960 млн. теңге. 2011 жылдың екінші жар­ты­жылдығында құны 12,3 млрд. теңгені құрайтын тағы 4 жоба іске асырылмақ. Осы және басқа да жұмыстар ту­ра­лы Елбасы Н.Назарбаевқа об­лыс әкімі Қ.Бозымбаев баяндап берді. Сонымен бірге, ол ауыл шаруашылығының жал­пы өнімі 1994 жылмен салыстырғанда 13 есе ұлғайғанын жеткізді. Осы са­лаға барлық көздерден тартылған инвестиция көлемі аталған кезең­де 8,3 млрд. теңгені құраған. Сөй­тіп, өсім 35 есеге жетіпті. Бір қызығы – көкөніс-бақша дақыл­дары­ның көлемі Кеңес өкіметінің мұрты әлі бұзыла қоймаған 1991 жылмен салыстырғанда 4,4 есе өскен. Атап айтқанда, бұл көр­сет­кіш 1991 жылы 6,8 мың гектар болса, 2011 жылы 29,8 мың гек­тарға дейін ұлғайған. Жеміс-жидек пен жүзімдіктерді егу көлемі де 20 жыл бұрынғыдан 3,5 есе артқан. Нұрсұлтан Назарбаев шығыс­қазақ­стандықтардың көрмесіне де ұзақ аялдады. Облыс әкімі Бер­дібек Сапарбаев қол жеткізген табыстарды мұқият баяндап бер­ді. Мұнда 12 өнеркәсіп кә­сіп­­орны өздерінің өнімдерін қойған екен. Соның ішінде «ҚР Ұлттық Бан­кі­нің монета сарайы» РМК, «Ұлт­­ық яд­ро­лық орталық» РМК, т.б. айрықша кә­сіп­орындар да бар.  Облыс аумағында елі­міз бой­ын­ша қорғасынның – 24, мы­рыштың – 41, мыстың 45 пайызы өн­діріле­тін көрінеді. Жалпы айтқанда, ба­ғалы түсті металл облыс аума­ғын­дағы 25 кен орнында табыл­ған. Соның ішінде «Үлбі метал­лургия зауыты» атом электр стан­са­ларына қажетті әлемдік дең­гей­де бірегей өнім саналатын берилий, тантал секілді отын түрлерін шы­ға­рады екен. Тәуелсіздік жыл­да­рында «жаңа металлургия» жо­ба­сы аясында «Қазмырыш» ЖШС жаңадан мыс бал­қыту және элек­тролиз зауыттарын іске қосыпты. Бұрын осы кәсіпорын бұл өнім­дерді шығаратын шикізатты сырт­қа тасыса, қазір кәсіп­орын­ның өзінде дай­ын өнімдер өн­ді­ріледі. Бұлар ту­ра­лы бейнеролик арқылы көрсетіліп тұрды. Атақты «Титан-магний ком­би­наты» да өз өнімдерін мақта­ныш­пен көрсетіп қойыпты. «Азия-Авто» мен «СемАЗ» АҚ өнімдеріне деген қызығушылық та зор болды. Бұл кәсіпорындар қазір шетелдік автомобильдердің 4-5 түрін құ­рас­тыруды игеріп, отандық және шетелдік рынокқа өз өнімдерін шығарады. Шығыс­тың тағы бір ерекшелігі – мұнда еліміздегі балдың 80 пайызы өн­ді­рі­ле­ді. Халықаралық бал фес­тивалі де өт­кі­зіліп тұрады. Биыл өткізілген ІІ ха­лық­аралық бал фестиваліне әлемнің 9 елінен делегациялар қатысыпты. Олардың бәрі Алтай балына тәнті болған­дары анық аңғарылады. «Шығыс Қазақстанның туристік мүм­кіндіктері» атты экспози­ция да көп нәрседен хабардар етіп, адамдардың ұлылар еліне сая­хаттап баруға деген қызы­ғу­шылығын тудырады. Көрмені аралап болған соң Президент Нұрсұлтан Назарбаев осы үш об­лыс өнерпаздарының күшімен дай­ын­далған концертті тамашалады. Онда Құр­манғазы­ның «Сарыарқа», «Адай» сияқты тыңдарманның құлақ құрышын қан­ды­­ратын күйлері, Абайдың «Айт­тым сәлем, қаламқас», Ш.Қалдая­қовтың «Ақ ерке – Ақ Жайық» және т.б. тамаша лирикалық ән­дер орындалды. Жақсыбай САМРАТ. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.