• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
13 Қыркүйек, 2011

Басты нысандар – партия бақылауында

371 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» ХДП Пар­тиялық бақылау коми­те­тінің төрағасы Боран Ра­хымбеков жұмыс сапары­мен облыста болып қайт­ты. Оның жұмыс сапары­ның мақсаты – облыстағы салынып жатқан маңызды нысандардағы жұмыс са­па­сына назар аудару, оларда жұмыс істейтін жұ­мыс­шыларға еңбекақы төлеу­дің заңдылығын, қажетті тұрмыстық жағдай жасау­дың барысын қадағалау, партиялық бақылау бе­кет­терінің жұмысымен таны­су, кемшіліктер анықтал­ған жағдайда оны жоюға ықпал ету. Партиялық бақылау ко­ми­тетінің төрағасы алды­мен «Батыс Еуропа – Ба­тыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің 102 ша­қы­рым болатын «Ақтөбе – Мәртөк – Ресей шека­ра­сы» автомобиль жолы құ­рылысының барысымен та­нысты. Облыс орта­лы­ғы­нан шығатын жолдың бе­сінші шақырымынан бас­тап Ресейдің шека­ра­сы­на дейінгі жол құры­лы­сын салып жатқан Түр­кия­ның «CENGIZ INSAAT» фир­ма­сы екен. Жол бой­ындағы жұмыс жайында «Ақтөбе – Мәртөк – Ресей шекарасы» автомобиль жо­­лын қайта жарақ­тан­ды­ру жобасының жетекшісі Йигит Языджи баяндады. Оның айтуынша, бұл жо­баны мерзімінен бұрын аяқтаудың барлық мүм­кіндіктері бар. Жол бойында 14 көпір салынуы тиіс. Қазір Ақтө­бе қаласынан Саржансай ауы­лына дейін 45 шақы­рым­да жұмыс қызу жүр­гі­зілуде. 25 шақырымға екі қабат сапалы қатты жа­мыл­ғы төселіпті. Қысқа дейін 40 шақырымға асфалть төсеу аяқталады. Жұ­мыс екі ауысыммен жүргізілуде. Жол құры­лы­сына қажетті қиыршық тас, темір-бетон жақын жер­ден жеткізіледі, битум­ның қажетті қоры жа­сал­ған. Жобаны жүзеге асы­руға 894 адам қатысуда, соның 65-і ғана түрік азаматы, қал­ғандары жергілікті жұмыс­шылар. Мұнда сондай-ақ сағатына 250 тон­на асфальт шығаратын зауыт жұмыс істейді. Жал­пы, жобаны жүзеге асы­руға 14 миллиард теңге қаралған. – «Батыс Еуропа-Ба­тыс Қытай» халықаралық дәлі­зі­нің Ақтөбе облысы аума­ғында қыруар жұмыс ат­қарылуда. Біз осында жұ­мыс істейтін азамат­та­ры­мыздың құқықтары бұ­зыл­май ма, жұмыс сапасы сақ­тала ма, соны қада­ға­лауға келдік. Әрбір учаскеде партиялық бақылау бекеттері жұмыс істейді. Бұдан басқа Партиялық бақылау комитетінің ара­ла­суымен осы жобаға Ақ­төбе қала­сын солтүс­тік­тен айналып өтетін қо­сымша жол құры­лысын салу қолға алынды. Сонда қала ішімен өтетін ав­токөліктер саны анағұр­лым азаяды, – деді Боран Ғизатұлы. Б.Рахымбеков жұмыс­шы­лар тамақтанатын 150 орындық асханада болып, жұмысшылардың жатын орнын, медпунктті көрді, жұмысшылармен жүзде­сіп, хал-жағдайларына қа­­нық­ты. Сонымен қатар, жа­ңадан пайдалануға берілген облыстық балалар клиникалық ауруха­на­сын­­да болып, осындағы пар­­тиялық бақылау бе­кетінің жұмысымен танысты. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.