• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
14 Қыркүйек, 2011

«Жас Отау» акциясы – жас отауды қоныстойға жақындатады!

599 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда, әр қазақстандық жас отбасы тұрғын үйді қажет ете­ді немесе тұрмысын жақсар­ту­ды қалайды. Алайда, жас жанұяға қымбат ипотекалық несиелеуді қол­дану шарт емес. Тұрғын үй мәсе­лесін шешуге арналған қо­лай­лы балама бар, ол – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі. Оның мү­шесі болу үшін ерлі-зайыптыларға «Тұрғын үй құрылыс жинақ бан­кінің» арнайы «Жас Отау» акция­сы шеңберінде шарт жасау қажет. Тұрғын үй, әсіресе жаңа от­ба­сына әлі де өзекті мәселе болып отыр. Жанұяның құрылуы тұрғын үйлі болуды немесе өз тұрмысын жақсартуды талап етеді. Оның қа­лыптасуы барысында әрдайым тұр­ғын үйді сатып алу мүмкіндігі бола бермейді. Сонымен қатар, «қо­ғам тетігіне» қаланған кезден бастап әр адамның өмірінде ма­ңыз­ды кезең туады. Өйткені нә­ресте дүниеге келісімен тұрғын үй алаңын кеңейту қажеттілігі туады. Соңғы кездері, жастардың отау құруда және тұрғын үй жағдайын жақсарту жолында сенімді қадам жасап келе жатқандары айқын кө­рініс табуда. Міне, «Тұрғын үй құ­рылыс жинақ банкінің» бағдар­ла­ма­лары осыған ықпал етеді. Банк қызметінің басталу уақытынан, үс­тіміздегі жылдың 1 шілде ара­лы­ғындағы көрсеткіш бойынша 188,3 мың салымшылар жинақ жү­йесінің қатысушысына айнал­ды. Ал тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының сомасы 50,0 млрд теңгеден асты.1 Соншалықты қомақты қара­жат­тың мөлшері жергілікті аза­мат­тар­дың, соның ішінде жас отбасын құрушы жастардың жинақ жүйесі артықшылығын оңды бағала­ған­ды­ғының көрсеткіші. Жанұя құ­рудың бастапқы кезеңдері: Ал­ғаш­қы қиындықтар мен алғашқы жетістіктер, сондай-ақ баспаналы болу бақытына тезірек қол жеткізсек деген арман-тілек... Жақындар мен жолдас-жоралардың жаңа үйде немесе пәтерде биік шаңы­рақ, кең кереге тілеуі бұл арма­ныңды еселей түседі. Мінеки, баспана жағдайларын жақсартуда жас отбасыларына қол ұшын беру мақсатында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» «Жас Отау»* акциясын жариялады. Жас отау үшін бұл – баспаналы бо­лу­дың қайталанбас мүмкіншілігі. Ак­ция мерзімі – 2011 жылдың 1 қыркүйегінен 30 қыркүйегіне дейін. Аталған бағдарламаға жасы жиырма тоғызға толмаған жас жұ­байлардың екеуі де қатыса алады. Акция бойынша жинақ шотын ашу кезінде жұбайлардың әрқай­сы­сының комиссиялық алымның 75%-ын ғана төлеуі көзделеді. Мұн­дай жағдайда, тұрғын үй құ­рылыс жинақ шартының сомасы 1,0 млн.теңгеден аз болмауы шарт. «Жас Отау» – баспаналы болу­дың бірден-бір жолы! Мендельсон вальсінің үнімен мәңгі бірге болуды қалаған екі жас қол ұстасып келеді. Аққай­нар­ды аспанға шашырата атып, жастарға құттықтаулар айтылады. Әрі қарай дүркіреген шат-ша­ды­ман той... Туыстар, жолдастар шын жүректен бақыт, мәңгі махаббат, тілектердің орындалуын және көп бала-шаға болуын тілеп, жастар­ды шаттыққа бөлейді. «Жас Отау» акциясының арқа­сында «Тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкінің» бағдарламаларын қол­дана отырып, жас отау баспа­налы болады. Сіздің жинақ пайызыңыз жыл­­дан-жылға өсе береді! Тұрғын үй салымы бойынша жылдық 2% сый­­ақы қарастырылған. Ал са­лым­­ның жылдам өсуінің нышаны – жинақ­тың мемлекеттік сыйлы­қ­ақы есебінен жыл сайын 20% кө­беюі. Тек ынталандыру көлемінің 200 АЕК-нен аспайтынын ескерген жөн. Пайыздық мөлшерлеме жинақ­та­ған қаражат сомасына тікелей байланысты. Шарт сомасының 0%-дан 25%-ға дейінгі аралықта жи­нақ­таған қаражатқа тиесілі мөл­­шер­леме жылдық 11% (тиімді жыл­дық мөлшерлеме - 15,1% дейін) құраса, шарт сомасының 25%-дан 50%-ға дейін жинақтағандарға жылдық 10,5% (тиімді жылдық мөлшер­ле­ме - 17,3% дейін) теңеледі. Ал шарт сомасының 50% жи­наған тұлғаларға баспаналы болу­ға жол салады. Стандартты ара­лық тұрғын үй заемдары бойынша жылдық 8,5% (тиімді жылдық мөлшерлеме - 17,5% дейін). Мерзімінен бұрын жинақта­ған­дар «Жеңіл» аралық заемын қол­да­на алады. Пайыздық мөл­шер­­леме жыл­дық 9,5% (тиімді жыл­дық мөл­шер­леме - 15,7% дейін) құрайды. «Халық Банкінің» банкомат­та­ры арқылы еш қиындықсыз с­а­лым­ды өтеп, толтыруға болады. Ал шарт жасау кезінде «Қаз­пош­та» әрдайым жаныңызда! Жанұя – барлық бастамалар­дың басы десек, тұрғын үй мәсе­лесін шешудің алғашқы қада­мын «Жас Отау» акциясымен бірге бастағаныңыз жөн. «Тұрғын үй құрылыс жинақ бан­кі» – мемлекеттік маңызы бар іс! –––––––––––––– *Ескертпе: аталмыш акция талаптары, бұдан бұрын жасал­­ған тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарына және Қазақстан Рес­публикасының 2005-2007 және 2008-2010 жылдарға арналған Мем­лекеттік бағдарла­малары­ның қа­тысушыларына, болашақта Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде баспана алуға несиеленетін, тұр­ғын үй құрылыс жинақ шарт­та­рына отырушыларға қатысты болмайды.

Ибраһим Каппасов.

_________________

Қосымша ақпаратты «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың мына телефондары арқылы алуға болады: Алматы қ., 279-35-11, Астана қ., 40-72-76, Талдықорған қ., 24-40-48, Қара­ған­да қ., 43-62-02, Қызылорда қ., 26-26-64, Павлодар қ., 34-08-99, Өске­мен қ., 75-48-65, Атырау қ., 32-04-00, Тараз қ., 42-58-80, Ақтөбе қ., 55-72-21, Ақтау қ., 43-96-91, Қостанай қ., 53-38-20, Петропавл қ., 46-62-60, Көкшетау қ., 25-63-04, Шымкент қ., 21-33-62, Орал қ., 54-03-33, Семей қ., 52-22-90 немесе мына сайтта www.hcsbk.kz