• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
14 Қыркүйек, 2011

Дерек пен дәйек

284 рет
көрсетілді

157 607 080 000 Биыл 8 айда  бюджетке түскен кедендік төлемдер мен салықтар көлемі осынша теңгені құрады. Қазақстан, Ресей, Беларусь елдері құрған Кеден одағына байланысты ел шебіндегі кеден бекеттері жабылғанмен, көрші­лес мемлекеттер арасындағы ба­рыс-келіс, алыс-беріс тоқ­та­ған жоқ. Сыртқы саудада да тауар айналымының көрсеткіші төмендемеді. Кедендік түсімдер мен салықтар өсті. Мәселен, биылғы 8 айда Атырауда кедендік төлемдер мен салықтар түсімі 157 миллиард 607 миллион 80 мың теңгені құрады. Бұл – өткен жылдың осы кезе­ңін­дегі көрсеткішпен салыстыр­ған­да 4,2 есе көп деген сөз. Сонымен қатар, сыртқы сауда айналымында да қарқынды жандану бар. Жыл басынан бергі  8 айда сыртқы сауда ай­налымы  18 миллиард 373 миллион АҚШ долларын құрап, был­тырғыдан 38,8  пайызға ұлғайған. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ. Атырау облысы. * * * 59 623 2011 жылдың екінші тоқсанында облыс бойынша орташа еңбекақының көрсеткіші осынша теңгені құрады. Бұл – өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6,8 пайызға артық. Жалақының орташа көрсеткіші күнкөріс дең­гейі­нен 4 есе, ең төменгі ең­бек­ақы мөлшерінен 3,7 есе асып түсті. Осы мерзімде ең жоғары жал­­ақы қаржы және сақтан­ды­ру қызметі саласында (87 724 теңге) тіркелді. Бұл – облыстық орташа көрсеткіштен 1,5 есе көп. Сон­дай-ақ, Степногор, Көк­­шетау қа­лаларында, Еңбек­шілдер, Зеренді және Бурабай аудандарында ең­бек­ақы мөлше­рі орта деңгейден жоғары бол­ды. Аталған өңір­лердегі көрсет­кіш 60 471 мен 68 199 теңге аралығында. Жақсы ауданында айлық жал­ақының орташа деңгейі 44 415 теңгені құрап, облыстағы ең төменгі көрсеткіш тіркеліп отыр. Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы. * * * 1 272 Соңғы жылдары «Дипломмен – ауылға» жолдамасымен елде еңбек етіп, қызмет жасауға осыншама жас маман келіпті  Жас мамандардың арасында 1049 мұғалім, 201 дәрігер, 22 мәдениет қызметкері бар. Ауыл­ға келген осы жастардың бар­лығы да мемлекет тапсыр­ма­сы­на орай тиісті қолдауға ие бол­ды. Яғни, жас мамандарға 70 мыңнан 500 мың теңгеге дейін жергілікті бюджеттерден көмек көрсетілді. Өткен жылы жеңілдетілген несие жүйесі арқылы 156 жас ма­ман үй алды. Биыл оларға арналған ауылдағы, аудан ор­та­лықтарындағы несие жүйесімен алынатын пәтер құны төмен­де­мек­ші. Бұл жоо бітірген жас­тар­ды ауылға шақыруға жақсы жол ашады. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар.