• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2011

Теріскейдегі тіл фестивалі

323 рет
көрсетілді

Мемлекеттік тіл жанашырларын марапаттап, жайлы пәтер беруден басталды Қызылжар өңірінде де мемлекеттік тілді білудің маңыз­ды­лығы мен қажеттілігі барған сай­ын артып келеді. Соның нақты игі шаралары Қазақстан халқы тілдерінің ХІІІ облыстық фестивалі аясында көрініс тап­ты. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Кемел Оспанов мемлекеттік тілді қол­дану мен дамытудың өңірлік бағ­дарламасының атқарылуы жайлы баяндап берді. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Сер­гей Бородин өзге ұлт өкіл­дерінің қазақ тілін меңгеруіне байланысты атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Петропавл қаласындағы №17 ұлт­тық өркендеу мектеп-кешенінің чешен-ингуш бөлімінің мұға­лі­мі Мария Ганиева өз тәжіри­бе­сімен бөліссе, М. Қозыбаев ат­ын­дағы СҚМУ студенті Анастасия Сафронова қазақ тілінде мүл­­тіксіз сөйлеп, салмақты ой­ларымен жиналғандарды риза етті. Мен –Тәуелсіздіктің төл құр­дасымын. Бүгінгі күні Тіл және әдебиет институтында оқ­ып жүрмін. Қазақ тілі мен әде­биеті мамандығын жүрек қа­лауы­мен таңдап алдым. Елбас­ы­мыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ қолында. Ал жас ұрпақ­тың тағдыры ұстаздардың қо­лын­да» деген қағидасын біз си­яқты болашақ мамандар әрдай­ым жадында ұстауы тиіс, деді ол. Фестивальдің ашылу салта­на­тына арнайы келген көрнекті ғалым, сәкентанушы Тұрсынбек Кәкіш ағамыз ғибратты аталық тілектерін жеткізді. Қазақ тілін ана тіліндей көретін жастарға деген ризашылығын білдіріп, мемлекеттік тілді жаппай мең­геруге шақырды. Аймақ басшысы Серік Білә­лов еліміз Тәуелсіздік алғалы қазақ тілін дамытуға, басқа ұлт өкілдерінің оқып-үйренуіне мем­лекет тарапынан жан-жақты жағ­дай жасалып отырғанын, ұлт­аралық келісім мен достықты нығайтудың, қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың ма­ңызды факторына айналғанын айта келіп, Президенттің «Мемлекеттік тілді, ең алдымен, біздің балаларымыз білуі қажет» деген сөздерін келтірді. Қазақ тілін оқытудың материалдық базасы да жақсарып келеді. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде бүл­діршіндер мемлекеттік тілді үйренеді. Биылғы оқу жылында 6 аралас мектеп қазақшаға кө­шірілді. 18 білім ордасында қа­зақ тілі сыныптары ашылды. Се­рік Сұлтанғазыұлы мемлекет­тік тіл саясатын насихаттауға бел­сене қатысқан бір топ тіл жанашырларына Мәдениет м­и­нистрлігінің құрмет грамота­ла­ры мен алғыс хаттарын тапсыр­ды. «Асыл мұра» орталығының мүшесі, жергілікті өлкетанушы Қайролла Мұқанов «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен мара­патталды. Ғ.Мүсірепов атын­да­ғы аудан – «Мемлекеттік тілді на­сихаттауда үздік аудан», «Ақ­жар ауданы – «Мемлекеттік тілді меңгерген үздік аудан» ат­ан­ды. Таңдаулылар қатарынан об­лыс­тық қаржы басқармасы, қыл­мыстық-атқару жүйесі комитеті облыстық департаменті, қан құю орталығы, Лобанов ауыл­дық округі, «Асыл мұра» орта­лығы табылды. Мемлекеттік тіл­дің мәртебесін көтеруге зор үлес қосқаны үшін «ЕС-164/3 мекемесі жалпы білім беретін кешкі мектептің қазақ тілі мұ­ғалімі Таласбай Мұсабаев пен Петропавл қалалық білім бөлі­мі­нің мемлекеттік тілдегі құ­жат­тарының редакторы Әлия Жүкеноваға пәтер сертифи­кат­та­ры табыс етілді. – Тілдер фестивалі апталығы шеңберінде «Тіл – халық жанын танудың кілті», «Отбасы – ал­тын діңгек», «Тілдарын-2011», «Мем­­лекеттік тіл – қазақ тілі» секілді сайыстар, олимпиадалар, акциялар ұйымдастыруды бел­гілеп отырмыз. 27 қыр­күй­екте көрнек­ті жазушы Оралхан Бөкей атын­дағы көркемсөз оқу шебер­ле­рі­нің республикалық бай­қауы Қы­зылжар өңірінде өтетін болады, – деді тілдерді дамыту және жұ­мысты үй­лес­ті­ру бөлімінің бас­ты­ғы Әсем Сүлейменова. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.