• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

Ақылды қала ұлттық стандарттары бекітілді

188 рет
көрсетілді

Қазақстанда Smart City саласында ұлттық стандарттар бекітілді, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі. Жаңа стандарттар қаланы орталықтан басқарудың жаңа мүмкіндіктеріне бірдей талаптар қояды. Оның ішінде қауіпсіздік пен қызметтің жоғары деңгейі, энергия үнемдеудегі инновациялық шешімдер, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, экология, ақпараттық технологиялар бар. Бұл стандарттарды атқарушы билік басшылары қаланы басқару саясатын анықтауда ескерулері қажет. "Smart City жобасын дамыту үшін қажетті инновациялық технологияларды енгізіп, оларды дамытуда стандарттау маңызды орынға ие. Ол "ақылды қаланың" барлық процесін қамтиды. Яғни, ғимарат құрылысынан, инфрақұрылымнан, көлік басқармасынан бастап қаланың басқа да басқару элементтеріне дейін осы стандарттар ескерілуі керек", - деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің техникалық бақылау және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанашев. Оның айтуынша, стандарттар халықаралық тәжірибені ескере отырып анықталған.