• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2016

Айтары көп көрме

180 рет
көрсетілді

«Астана» Ұлттық сурет галереясында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы ұраны – Мәңгілік Ел» атты дөңгелек үстел өтті. Осы алқақотан әңгіме аясында Елбасы бейнеленген туындылардан құралған көрме ұйымдастырылды. Іс-шараға қоғам қай­рат­кері Өмірзақ Озғанбай мен Президенттің бейнесін сал­ған Амандос Ақанаев, Ерлан Ай­туаров, Нұржан Қарымсақов, Манатбек Аманбаев сынды танымал суретшілер қатысты. – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының стратегиялық сарабдал саясатының арқа­сында Тәуелсіз Қазақстан мем­лекеті қалыптасып, тарихымыз түген­деліп, мем­ле­кеттік инсти­тут­т­ары­мыз нығайып, көк бай­ра­ғы­мыз асқақтап, ұлт­тық рә­міздеріміз айшық­­талды, – деді шараны ұйым­дас­тырушылар. Сондай-ақ, жиында егемен еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен же­тістіктері мен бағын­дырған белестері ай­­тылды. Осы ретте қа­ты­сушылар нарық кезе­ңін­де көрегендік танытып, Қазақстан халқын ты­ғырықтан алып шыққан Мемлекет басшысының ке­­меңгерлігі мен тәуе­кел­шілдігі жайында әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, ша­­ра соңында Елбасының ерен еңбегін насихаттауда Тұңғыш Президент күнінің рөлі зор екені баса айтылып, қылқалам шеберлерінің Пре­зидентті бейнелеген туын­­дылары жайлы сөз қоз­ғалды. Қонақтар жиын біткен соң сурет­шілердің қа­ла­мынан туған Елбасы жай­лы суреттерді тамашалап тар­қасты. Талғат РАЙЫМБЕК, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар