• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2016

Оңтүстік Қазақстанда 150 орынды мектеп ашылды

220 рет
көрсетілді

Тұңғыш Президент күні және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Арыс қаласында жаңа 150 орындық Қабылсай атындағы жалпы орта мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. «Елбасы Н.Ә.Назарбаев елімізді бəсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына енгізу туралы міндет қойғаны баршамызға белгілі. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін де білім», – деді Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек. Аталған мектептің физика, химия кабинеттері, компьютер кабинеті, интерактивті тақта және оқушыларды еңбекке баулитын арнайы кабинеттері талапқа сай, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.