• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Маусым, 2017

Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады?

145 рет
көрсетілді

Келесі айдан бастап халық саны жұмыссыздық пен инфляция көрсеткіші сияқты жаңарып отыратын мәліметтер статистика комитетінің сайтында жарияланады. Мұнда сондай-ақ көрсеткіштердің қалай есептелгені жазылады. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов мәлім етті.

Осылайша сайт қолданушылары ең көп жалақы алатын мамандықтарды біліп отырады.

Айта кетейік, бүгінде ең жоғары 806 мың және 637 мың теңге еңбекақыны тиісінше ұшқыштар мен мұнайшылар алса, ең аз айлық балабақша тәрбиешілеріне беріледі. Олардың жалақысы – 71 мың  626 теңге.

«Біз инфляцияның, жалпы ішкі өнімнің қалай есептелетінін көрсетеміз. Мәліметтерді экономистер мен қоғам мүшелері бізбен бірге талқылай алады. Кейін басқа да статистикалық көрсеткіштердің есептелу жолын жария етеміз. Мысалдар келтіріп, орташа жалақының формуласын көрсетеміз. Онлайн-алаң арқылы әдістемелерді жаңартуға әзірміз. Оны талқылауға журналистерді, экономистерді, қоғам мен ел азаматтарын белсенді қатысуға шақырамыз», деді Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов.