• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Маусым, 2017

Айналмалы аттракцион Астана күніне қарай ашылады

411 рет
көрсетілді

Ол Қазақстандағы ең биік аттракцион болып есептеледі. Нысанның биіктігі 65 метр, бұл 22 қабатты ғимараттың биіктігімен бірдей. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Салыстырмалы түрде алсақ, алматылық аттракционның биіктігі 60 метр. ТМД елдерінің ішінде ең биік айналмалы дөңгелек Мәскеуде орналасқан. Оның биіктігі 73 метр.

Жаңа «дөңгелектің» ауа баптағышпен әрі жылыту қондырғысы орнатылған 36 кабинасы бар. Бұл аттракционды жылдың кез келген мезгілінде қолдануға мүмкіндік береді.

Нысанның құрылысы кезінде елорданың климаттық жағдайы ескерілді.

- Айналмалы аттракцион жел тармақтары тәртібі бойынша арнайы төрт бағанмен орнатылды. Аттракционда қыста – 15 градустан аспайтын аязда және секундына 20 метр жылдамдықтан аспайтын жел кезінде де серуендеуге болады, деді нысанның құрылысымен айналысатын мердігер компания өкілі.